Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка лабы каз МИСИ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №2 Телекоммуникация жүйесіндегі джиттер: негізгі түсініктер, әдістері және өлшеу әдістері

Мақсаты: джиттер түсінігімен, оның сипаттамаларымен танысу және джиттерді өлшеу әдістері мен тәсілдері туралы жалпымәлімет алу.

Әдістемелік нұсқау:

Джи́ттер (англ. jitter — дірілдеу) — таралатын сигналдың керексіз фазалық және/немесе кездейсоқ жиіліктік ауытқулары. Берілген генератордың тұрақсыздығы, уақыт аралығында тарату сызығының параметрлері өзгергенде және бір сигналдың жиіліктік құрамаларының әртүрлі тарату жылдамдығы нәтижесінде пайда болады.

Интервалды бірлік (UI)

Интервалды бірлік деп (UI, unit interval) мәліметтер жиіліктеріне кері пропорционал уақыт аралығын айтады. Бұл термин джиттерді зерттегенде жиі қолданылады.

Джиттердің максималды және минималды мәндер арасындағы қашықтық джиттер амплитудасыдеп аталады және бірлік интервалмен есептелінеді (Unit Interval, UI). Бір UI тактілік жиіліктің бір периодына сәйкес келеді.

1 UI = 1/(1 фреймдегі импульстар саны * f) (2.1)

UI AES3 стандарттағы джиттердің бірнеше спецификациясында қолданылады (екіканалды цифрлы аудионы тарату интерфейсі үшін Audio Engineering Society ұауымдастығының стандарты), нәтижесінде семплировканың жиіліктері мен әртүрлі мәліметтер үшін спецификация бойынша қатынаулары пропорционалды түрде масштабтайды.

Мысалы, жиілігі 96 кГц үшін секундтағы UI ұзындығы 48 кГц-тегі UI-ға қарағанда жартысына аз. Джиттер бойынша тарату және қабылдау талабы сол пропорцияларда қалады.

Символаралық интерференция

2 графикте АES3 форматты 1-1-1-ден 0-0-0-ге дейін алғашқы үш битте әртүрлі мәліметтер бар сигналдың нұсқалары көрсетілген. Мәліметтер екі фазалы маркировка атты (bi-phase mark), және де манчестерлік код немесе әр келесі бит алдында міндетті түрде деңгей ауыстырылуы және «1» жағдайда деңгейдің екі ретті ауыстырылатын жиілікті-модульденген кодалау (Manchester code, FM code) ретінде танымал.

Сигналдың әрбір бөлек жақтық (боковой довеск) жолаққа қатынасы, дБ:

Rsinglesideband = 20 log10 ( Jωi/4 ) [дБ] (2.2)

Джиттердің синусоидалы компоненттер әсерінің нәтижесі осындай болады. Фурье анализін қолдана отырып, күрделірек сигналдар синусоидалы компоненталарға жіктеліп, осы вормула қолданылуы мүмкін.

Ыңғайлылығы үшін теңдеуді қателер қосындысын анықтау үшін екі жақ жолақтың деңгейлерін қосумен түрлендіруге болады, ол үшін наносекундтағы джиттер Jn деңгейінің rms мәнін және кГц-те fi жиілікті қолдану арқылы аламыз:

Rdoublesideband = 20 log10 ( Jn fi) - 104 дБ (2.3)

2.1- сурет.AES3 сигналының символаралық бөгеуілдері Қара түспен: 1-1-1, Сұр түспен: 1-1-0, Көк түспен: 1-0-0 Көгілдір түспен: 0-1-0 Пунктирлі көкпен: 0-0-0

2.2- сурет. Кабель бойынша өткен модельдеуден кейінгі Джиттер тестінің (J-test) спектрі.

Джиттер мәні туралы көріністі 2.3- суреттен қарастыруға болады.

2.3 -сурет. 500 метр ұзындығы бар кабельдегі әртүрлі алмасу жылдамындағы джиттер

2.4 -суретінде джиттерді есептеу теңдеуі көрсетілген. Интрвалды бірлік деп мәліметтерді тарату жиілігіне кері пропорционалды уақыт аралығын айтады. Максималды уақыттың ығысуы немесе джиттер амплитудасы – уақыт бойынша ығысудың максималды мәні.

2.4- сурет. Джиттер (Jitter) и және оның өлшенуі

Тапсырма №1

UI интервалдық бірлігін анықтау керек және әртүрлі жиіліктердегі алынған нәтижелерді салыстыру керек, егер келесі мәліметтер белгілі болса: UI берілген кодтау сұлбасында минималды номиналды уақыттық интервал ретінде анықталады. AES3 стандартындағы сигнал үшін мәліметтерді нұсқа бойынша берілген жиіліктермен таратқан кезде келесі шарт берілген: 32 бит субфреймде және 64 бит фреймде, демек екіфазалы модуляцияны кодтау үшін қолданудан кейін 1 фреймге 128 импульс беріледі.

№

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

f1,кГц

36

23

56

42

34

37

67

49

53

31

45

78

57

32

47

f1,кГц

72

46

112

84

68

74

134

98

106

62

90

156

114

64

94

2.1-кесте

Тапсырма №1 бойынаша нұсқалар

Тапсырма №2

Сигналдың символаралық интерференциясының графигін құру керек, егер нұсқа бойынша келесі мәліметтер берілген болса:

2.2-кесте

AES3 сигналының символаралық бөгеуілдері бойынша нұсқа

№

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1 сигнал

001

010

000

010

011

001

111

110

101

010

111

001

010

000

010

2 сигнал

110

100

101

111

000

010

001

010

111

100

001

010

111

101

100

3 сигнал

101

111

011

100

110

101

011

011

001

101

010

101

100

011

111

Тапсырма №3

2.2-сурет бойынша сигналдың әрбір бөлек жағына (боковой довеск) қатынасын анықтау керек:

Rsinglesideband = 20 log10 ( Jωi/4 ) [дБ]

Ыңғайлылық үшін осы теңдеуді жалпы қателерді табу үшін екі жақтық жолақтың қосындысын және наносекундтағы Jn джиттер деңгейінің rms және кГц-те fi жиілікті мәнін қолдану арқылы келесі теңдеуді аламыз:

Rdoublesideband = 20 log10 ( Jn fi) - 104 дБ

2.3-кесте

Кабель бойынша өткен модельдеуден кейінгі Джиттер тестінің (J-test) спектрі нұсқаулары

№

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

f,kHz

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Тапсырма №4

Нұсқа бойынша джиттерді есептеу, оның графигін салу және оның 500 метр ұзындықты кабельдің әртүрлі алмасу жылдамдығындағы шамасы туралы жалпы көрінісін көрсету (2.4-сурет).

2.4-кесте

Джиттер (Jitter) и және оның өлшену нұсқаулары

№

Макс. уақыт ығысуы, нс

Интервалды бірлік

Сигнал жылдамдығы

1

12

56

500

2

20

64

600

3

31

75

700

4

40

84

800

5

24

55

900

6

11

60

1000

7

23

89

1500

8

36

95

1600

9

15

78

1700

10

30

80

1800

11

14

96

1900

12

24

84

2000

13

40

100

2500

14

36

99

2600

15

23

95

3500

Бақылау сұрақтары:

  1. Джиттер дегеніміз не?

  2. Джиттердің классификациясы: түрлері және олардың пайда болу себептері қандай?

  3. Джиттердің вандерден қандай айрмашылығы бар?

  4. Интервалдық бірлік дегеніміз не?

  5. Джиттер қалай өлшенеді?

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына студенттеріне арналған «Телекоммуникация жүйесіндегі өлшеу әдістері мен құралдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

  2. Бакланов И.Г. Технология измерений в современных телекоммуникациях. – М; Эко- Тренз, 1997.

  3. Контроль качества в телекоммуникационных системах связи. Под редакцией Иванова А.Б. Компания САЙРУС Системс, 2001.

  4. Интернет.