- •Телекоммуникация жүйесіндегі өлшеу әдістері мен құралдары
- •Зертханалық жұмыс №1 Талшықты–оптикалық байланыс линияларының параметрлерін оптикалық рефлектометр көмегімен өлшеу.
- •Зертханалық жұмыс №2 Телекоммуникация жүйесіндегі джиттер: негізгі түсініктер, әдістері және өлшеу әдістері
- •Символаралық интерференция
- •Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: efl10demo демонстрациялық программасында жүзеге асырылған “efl 10” типтегі электрлік кабель анализаторын басқару элементтерін оқып үйрену.
- •Тақырыбы: Виртуалды демонстрациялық etdr-10 demo бағдарламасы
- •Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы: isdn желісінде өлшеулер
- •Тапсырма: Сигнал жүктемесін есептеу Сигнализация буынымен қызмет көрсетілетін сигнал жүктемесін қарапайым есептеу үшін келесі формулаларды қолданамыз: [1, 2, 3]
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Зертханалық жұмыс № 7 Цифрлы радиорелейлі станция (ррс) жұмысын зерттеу
- •Техникалық шарттар
Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы: isdn желісінде өлшеулер
Жұмыс мақсаты:Сигналды жүктемені есептеу
Теориясы:
ISDN (Integrated Services Digital Network ) – интегрерленген қызметі бар цифрлық желі, ол коммутацияның негізгі режимі арна коммутациясы болып табылатын желіге жатады, ал деректер цифрлық түрде жасалады. Бұл желінің құрылуы бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашында, бұл желінің абоненттері тек дауыстық хабар таратуға мүмкіндіктері болатын. Осындай желінің атауы IDN – интегрерлинген цифрлық желі деп аталады. IDN цифрлық желісі 1959 жылы өзінің бастауын алған. Уақыт өте келе, желіде қызмет көрсету мүмкіндіктері кеңейді, яғни абоненттер өзара сөйлесумен қатар, компьютерлік деректерді тарата алатын болды. Сонымен бірге, желі абоненттер үшін, қосымша деңгейдегі әртүрлі қызмет түрлерін қамтамасыз ету керек, мысалы – факсимилді байланыс, телетекс (екі терминалдар арасында деректерді тарату), видеотекс (өзіңнің терминалына желіде сақталып тұрған деректерлі алу), дауыстық пошта және т.б. Осындай түрдегі желілерді құру туралы идеялар 1980 жылдың ортасында айтыла бастады. Бұл уақыттарда, АТС-тер арасында деректерді цифрлық формада тарату үшін Т1 цифрлық арналары кеңінен қолданылды, ал ең бірінші телефон арнасының цифрлы коммутаторы 1976 жылы шығарылды.
ISDN желісінің архитектурасы бірнеше қызмет түрлерін қарайды:
коммутацияланбайтын қамтамалар;
коммутацияланатын жалпы қолданыстағы телефон желісі;
арналық коммутациямен деректерді тарататын желі;
пакеттер коммутациясымен деректерді тарататын желі;
Frame relay режимінде деректерді тарататын желі;
Басқару қамтамасы және желіні басқару.
ISDN стандарттары қосымша қызмет қатарын сипаттайды:
64 кбит/с жылдамдықта факсимилді байланыс, 9600 бит/с жылдамдықта телетексті байланыс, 9600 бит/с жылдамдықта видеотексті байланыс.
ISDN желісінің базалық жылдамдығы DS-0 арнасының жылдамдығы болып табылады, яғни 64 кбит/с. Бұл жылдамдық дауысты кодалаудың ең қарапайым әдісі – ИКМ-ге бағытталған, бірақ дифференциалдық кодалау, дауысты сондай сапамен 32 кбит/с және 16 кбит/с жылдамдықта тарата алады.
ISDN-де қолданушылар интерфейсі бар, оның көмегімен қолданушы желіден әртүрлі қызметтер сұрай алады. Қолданушы интерфейсі үш типтегі арнада құрылған:
В – 64 кбит/с жылдамдықта деректерді тарату;
D – 16 және 64 кбит/с жылдамдықта деректерді тарату;
H – 384 кбит/с (H0), 1536 кбит/с (H11) және 1920 кбит/с (H12) жылдамдықта деректерді тарату.
Тапсырма: Сигнал жүктемесін есептеу Сигнализация буынымен қызмет көрсетілетін сигнал жүктемесін қарапайым есептеу үшін келесі формулаларды қолданамыз: [1, 2, 3]
Мұнда:
Y – сигнал жүктемесінің өлшнмі (Эрл);
V – ОКС №7 хабарын тарату жылдамдығы (8000 байт/с);
N – ЖЖС кезіндегі шақырулар саны;
pi , i = 1…m – i-ші типіндегі шақырудың түсу уақыты;
qij , i = 1…m, j = 1… n – i-ші типіндегі шақырудың j-ші жағдайының ықтималдылығы;
L/ij – i-ші типіндегі шақырудың j-ші жағдайында тура бағытта таратылатын сигналды ақпараттың жалпы көлемі (байт);
L//ij – i-ші типіндегі шақырудың j-ші жағдайында кері бағытта таратылатын сигналды ақпараттың жалпы көлемі (байт);
L/ - тура бағытта таратылатын барлық типтегі шақырулардың барлық жағдайлары үшін сигналды ақпараттың орташа көлемі (байт);
L// - кері бағытта таратылатын барлық типтегі шақырулардың барлық жағдайлары үшін сигналды ақпараттың орташа көлемі (байт);
m – шақыру типтерінің саны (аналогты телефония, ЦСИС)
n – шақырудың мүмкін болатын дағдайының саны (сәтті шақыру, абонент бос емес, абонент жауапсыз).
1.1-кесте.
Шақыру көрсетіштетін үлестіру
Параметр |
Мәні |
||
N |
3 |
||
M |
2 |
||
pi |
Телефонный шақыру (аналогты) |
0,9 |
|
ЦСИС |
0,1 |
||
|
Телефондық шақыру (аналоговты) |
ЦСИС |
|
qij |
Сәтті шақыру |
0,5 |
0,5 |
Абонент бос емес |
0,35 |
0,35 |
|
Абонент жауапсыз |
0,25 |
0,25 |
|
Бұл жұмыста L/ij, L//ij мәндері келесідей анықталады:
1. Тура бағытта таратылатын хабардың көлемін есептеу (дерек, табл.1.1).
Сәтті шақыру: IAM, REL және RLC – әрқайсысы 0,5 ықтималдығымен;
Сәйкес: L/i1 = [LIAM + 0,5*( LREL + LRLC )];
Абонент бос емес: IAM және RLC;
Абонент жауапсыз: IAM және REL.
2. Кері бағытта таратылатын хабардың көлемін есептеу (дерек, табл.1.1).
Сәтті шақыру: ACM, REL және RLC – әрқайсысы 0,5 ықтималдығымен;
Сәйкес: L//i1 = [LACM + 0,5*( LREL + LRLC )];
Абонент бос емес: REL;
Абонент жауапсыз: ACM және RLC.
3. Осыдан кейін, (2, 3) формулалары бойынша L/, L// мәндерін есептейміз және (1) формуласы бойынша сигнал жүктемесін есептейміз.
ОКС №7 желісінде есептеу кезіндегі жүктемені тіркеу үшін максималды сигнал жүктемесінің мәнін алу ұсынылады, Эрл:
мұндағы, а=1,5.
4. Сигнализация буындарының саны Nзс анықталады.
Nзс = Ymax / 0,2
Бақылау сұрақтары
ISDN желісінде өлшеулер
Желісінің архитектурасы, қызмет түрлері
ISDN-де қолданушылар интерфейсі
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына студенттеріне арналған «Телекоммуникация жүйесіндегі өлшеу әдістері мен құралдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Бакланов И.Г. Технология измерений в современных телекоммуникациях. – М; Эко- Тренз, 1997.
Контроль качества в телекоммуникационных системах связи. Под редакцией Иванова А.Б. Компания САЙРУС Системс, 2001.
Интернет.
