Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Металл конструкциялары .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

3.Торлы прогондар

Торлы прогондар әр түрлі конструктивтік шешім бойынша жасалынады. Торлы прогондардың кемшіліктері - элементтердің және түйіндік детальдардың көптігі, осының барлығы көп еңбекті талап етеді.

Сондықтан, ең тиімді деп үш панельді торлы саналады. (14.а-сурет). Осындай прогоннның жоғарғы белдеуі екі швеллерден жасалынады. Қиғаш тіректер жеке (бөлек) бүгілген швеллерден істелінеді. Қиғаш тіректер жоғарғы белдеуіне доғалы немесе контакттік дәнекерлену арқылы бекітіледі.

Осындай шешім прогонды дайындауды жеңілдетеді және жеткілікті қатаңдылығын қамтамасыз етеді.

Торлы прогондардың жоғары белдеуі қиылмаған ферма сияқты есептелінеді. Осы жағдайда торлы прогондардың жоғарғы белдеу сығылу мен иілуге жұмыс істейді, ал басқа элементтерде бойлық ( сығылу немесе созылу) күштер пайда болады.

14-сурет. Аралығы 12 метрлік торлы прогондар

№6,7Лекция.

Тақырып «Итарқалық фермалар»

  1. Фермалардың схемалары

  2. Есептің ерекшеліктері

  3. Тіректегі түйіндер

  1. Фермалардың схемалары

Өндірістік ғимараттардың жабын конструкция ретінде қолданылатын фермалардың схемалары әртүрлі болады.

Ферманың түрі өндірістің технологиялық жағдайына , шатырдың конструкциясына және технико-экономикалық түсініктерге байланысты. Осы талаптар бойынша аралықтың ұзындығы, жоғарғы белдеудің кескіні (көрінісі), форманың биіктігі, еңкіштіктен мөлшері және т.б. анықталады.

Рулондық шатырды жасаған кезде формалардың келесі түрлері қолданылады.

  • трапециялық, еңкіштігі (15.а-сурет);

  • белдеулері параллельді, еңкіштігі 1,5%. (15.б-сурет);

Осы екі форманың түрін салыстырсақ, белдеулері параллельді фермалардың келесі ерекшеліктері атап кетуге болады;

  • салмағы бойынша 3%-ға дейін ауыр;

  • -дайындау жеңілдеу (себебі тор элементтердің ұзындығы бірдей);

  • шатырдың ауданы біршама төмен;

Сонымен, эксплуатациялық шығындарды ескере отырып белдеулері параллельді фермалардан жасалынған жабындар жұмсалған қаражат бойынша тиімді деп саналады.

Асбестоцементік, болат немесе алюминий қаңылтырдан еңкіштігі үлкен салқын шатырды жасау үш бұрыштық және жағына түсетін белдеулері параллельді фермалар қолданылады. (15.в,г-сурет).

Көп аралықты ғимараттарда еңкіштігі бір жағына түсетін формалар қолданылады. (15 д,е-сурет).

Ферманың тіректегі биіктігі ригель мен ұстынның жалғасу, қосылу түріне байланысты. Егер жалғасуы қатаң болса, онда .

Ферманың торын үш бұрышты жасайды. Жоғарғы белдеудің панельдерін 3м-ге тең деп қабылдайды.( Жабын плиталардың еніне сәйкес алынады.)

БӨҒ-тер үшін жабын темірбетон плитаны қолданған кезде негізгі итаралық конструкция ретінде белдеулері параллельді фермалар саналады.( ).

Ферманың биіктігі аралықтың шамасына байланысты болады;

- болған кезде ;

- болған кезде ;

Ферманың тор элементтерінің қимасы прокатты қос бұрыштан жиналады. Бір осы шешімнің кейбір кемшіліктері бар;

  • сығылған элементтер үшін бұрыштан жиналған қимасы тиімді болмайды;

  • болат шығыны үлкен болады, себебі көп қосымша детальдар керек болады (жапсырмалар, фасонкалар және т.б.);

  • майда детальдармен дәнекерлену жұмыстардың көптігі дайындау жұмыстарды қиындатады;

Соңғы жылдары ферманың тор элементтері үшін металлопрокатты тиімді түрлері пайдаланады. -Құбырлар, сөресі енді қоставрлар, бүгілген профильдер. Осы металлопрокатты пайдаланған кезде ферманың конструктивті шешімі тиімді болады – салмағы төмендетіледі, дайындау және монтаждау жұмыстары жеңілдетіледі.

15-сурет. Жабын фермалардың схемалары