- •Мазмұны
- •1. Түсіндірме жазба
- •2 Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
- •3. Тематический план учебной дисциплины
- •Оқу пәнінің мазмұны
- •1 Бөлім Жалпы және генетикалық бөлім
- •Тәжірибелік жұмыс № 4. (тақырып 1.5.)
- •Тәжірибелік жұмыс № 5. (тақырып 1.6.)
- •2 Бөлім металды пайдалы қазбалардың кенорындары
- •Тақырып 2.2 Қара металдардың кенорындары
- •Тәжірибелік жұмыс № 1. (тақырып 1.1.)
- •Тәжірибелік жұмыс № 2. (тақырып 1.2.)
- •Тәжірибелік жұмыс № 3. (тақырып 1.4.)
- •3 Бөлім металды емес пайдалы қазбалардың кенорындары
- •4 Бөлім жанғыш пайдалы қазбалардың кенорындары
- •Тәжірибелік жұмыс № 18 (тақырып 4.3.)
- •Тәжірибелік жұмыс № 19 (тақырып 4.5.)
- •5 Бөлім пайдалы қазба кенорындары орналасуының аймақтық заңдылықтары
- •Тәжірибелік жұмыс №20 (тақырып 5.1)
- •Тәжірибелік жұмыс №21 (тақырып 5.2)
- •5. Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды бағалау критерийлері.
- •6. Әдебиеттер және оқыту құралдары
- •6.1Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •6.3 Оқыту құралдарының ұсынылатын тізімі
Тәжірибелік жұмыс № 1. (тақырып 1.1.)
Кенді денелердің негігі формаларын оқып білу (макеттерде, геологиялық карталар болйынша, геологиялық қималар бойынша). Геологиялық карталарда, көлденең және тік проекцияларда кенді денелердің негізгі формаларын графикалық бейнелеу (суреттеу). Кен тұсбағарының көмегімен кенді денелердің жатыс элементтерін анықтау. Кендердің заттық құрамын оықп білу. Үлгілерді суреттеу.
Тәжірибелік жұмыс № 2. (тақырып 1.2.)
Геологиялық карталарды қарастыру және картада көрсетілген территорияда пайдалы қазбалардың болу мүмкіндігін көрсететін, негізгі алғышарттарды анықтау. Кенжаралудың сатылары мен кезеңдерінің схемаларымен танысу. Минералдардың және химиялық элементтердің парагенетикалық ассоциацияларының мысалдарын сипаттайтын үлгілермен; минералдардың, химиялық элементтердің және тау жыныстарының үлгілерімен танысу. Геосинклиналдарда және платформаларда кенжаралудың схемаларын қарастыру.
Тәжірибелік жұмыс № 3. (тақырып 1.4.)
Осы серияның кенорындарының генетикалық топтарын ажыратып, эндогенді кенжаралудың схемаларын дербес құру. Кеңістіктегі жағдайы мен көлемін сипаттайтын элементтерді көрсетіп, магмалық, пегматитті, карбонатитті, скарнды, альбитит-грейзенді, гидротермалды және колчеданды кенорындарының геологиялық карталары мен қималарын суреттеу. Кенінің құрамын, құрылымын және бітімін сипаттап, эндогенді кенорындарының кен үлгілерін қарастыру.
Тәжірибелік жұмыс № 4. (тақырып 1.5.)
Осы серия кенорындарының генетикалық топтарын ажыратып, экзогенді кенжаралудың схемаларын құру. Тік белдемді ажыратып, түрлі кесінді мору қыртыстарының құрлысын суреттеу; судың, оттегінің, көміқышқылының және басқа агенттердің ықпалынан болатын, олардың арасындағы реакцияларда пайда болатын, сульфидті кенорындарының беткі өзгерістер аймағының құрылыс схемасын құру; экзогенді үрдістердің барысында заттардың механикалық және химиялық дифференциациясының схемаларын құру; үлгілер бойынша түрлі генетикалық топтардың экзогенді кенорындары кендерінің заттық құрамын, құрылымы мен бітімін қарастыру; тік және көлденең проекциялардағы экзогенді кенорындарының кенді денелерінің формаларын графикалық бейнелеу.
Тәжірибелік жұмыс № 5. (тақырып 1.6.)
Кенді денелердің кеңістіктегі жағдайын, көлемдері мен формасын сипаттайтын элементтерді көрсетіп, схемалық геологиялық карталарда және қималарда метаморфты кенорындарының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін суреттеу. Үлгілер бойынша кендердің құрамын, олардың негізгі құрылымдары мен бітімдерін қарастыру және сипаттау.
2 Бөлім металды пайдалы қазбалардың кенорындары
Тақырып 2.1 Металды пайдалы қазба кенорындарының жалпы сипаттамасы
Металды пайдалы қазба кенорындарының ерекшеліктері. Кенорындарын өңдеудің таутехникалық жағдайлары туралы, кендерді байыту және олардан металдарды ажыратау туралы жалпы мәліметтер. Кенорындарының өнеркәсіптік құндылығын анықтаушы факторлар. Минералды шикізатты кешенді пайдалану. Металды пайдалы қазба кенорындарының өенкәсіптік жіктелуі.
Тақырып 2.2 Қара металдардың кенорындары
Топтың өкілдері – темір, марганец, хром. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар, қысқаша сипаттамасы бар өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Кенорындарының таралу аудандары және ТМД мен Қазақстанның негізгі өнеркәсіптік кенорындары. Сарбай темір кенорынының, Қаражал және Жезді (Қазақстан) марганец кенорындарының, марганецтың Чиатур (Грузия) кенорнының, хромның Кемпірсай кенорнының (Қазақстан) қысқаша сипаттамасы.
Тақырып 2.3 Қоспаланған металдардың кенорындары
Топтың негізгі өкілдері – титан, ванадий, никель, кобальт, молибден және вольфрам. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Қысқаша сипаттамасы бар өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Кенорындарының таралуыаудандары және ТМД мен Қазақстанның өнеркәсіптік кенорындары. Титанның Кусин кенорынының (Ресей), ванадийдің Қаратау кенорнының (Қазақстан), Мақсұт мыс-никель кенорнының (Қазақстан), Шығыс-Қоңырат мыс-молибден кенорнының (Қазақстан), Жоғарғы-Қайрақты вольфрам кенорынының (Қазақстан) қысқаша сипаттасы.
Тақырып 2.4 Түсті металдардың кенорындары
Топтың негізгі өкілдері – мыс, қорғасын, цинк, қалайы, висмут, мышьяк, сурьма, сынап, алюминий, магний. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Қысқаша сипаттамасы бар өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Кенорындарының таралу аудандары және ТМД мен Қазақстанның өнеркәсіптік кенорындары. Жеке көрнекі кенорындарының қысқаша сипаттамасы: Жезқазған мыс кенорны, Удокан мыс кенорны (Ресей), Чукикамата (Чили), Жайрем полиметалл кенорны (Қазақстан), Шығыс Қазақстанның полиметалл кенорындары, Иультин қалайы кенорны (Ресей), Қадамжай сурьма кенорны (Қырғызстан), Адрасман мыс-висмут кенорны (Тәжікстан), Хайдаркан сынап кенорны (Қырзығстан), Торғай ойпатының бокситті кенорындары (Қазақстан), бокситтер кенорындарының Солтүстік-Орал тобы (Ресей).
Тақырып 2.5. Асыл металдардың кенорындары
Топтың өкілдері – алтын, күміс, платина және оның топтарының металдары. Олар туралы жалпы мәліметтер. Қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Сипаттамасы бар өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Кенорындарының таралу аудандары. Жеке кенорындарының сипаттамасы: Мұрынтау алтын кенорны (Өзбекстан), Березов алтын кенорны (Ресей), Мақайың алтын кенорны (Қазақстан), Васильков алтын кенорны (Қазақстан), Канджол күміс кенорны (Ресей), платиноидтардың Төменгі-Тагил кенорны (Ресей).
Тақырып 2.6. Радиоактивті элементтердің кенорындары
Топтың өкілдері – уран, торий. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Кенорындарының таралу аудандары. Жеке кенорындарының сипаттамасы: Гуннар уран кенорны (Канада), уранды альбититтердің кенорындары (ТМД), уран-титан формациясының кенорындары (ТМД), уранның шөгінді кенорындары (ТМД).
Тақырып 2.7 Сирек элементтердің кенорындары
Топтың негізгі өкілдері – литий, цезий, рубидий, бериллий, цирконий, гафний, сирек жер элементтері, тантал және ниобий, галлий, индий, германий, кадмий, рений, селен, теллур. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өенркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.
Тәжірибелік жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары:
№ 6 (тақырып 2.2.) - № 7 (тақырып 2.3.) - № 8 (тақырып 2.4.) - № 9 (тақырып 2.5.) - № 10 (тақырып 2.6.) - № 11 (тақырып 2.7.)
Кендердің үлгілерімен жұмыс және тақырыппен қамтылған металдарға сәйкес түрлі генезисті өнеркәсіптік кенорындарының тау жыныстарының кендерінен тұратын үлгілермен жұмыс. Кенорындарының геологиялық құрылысын қарастыру және оларды балнкілі картаға салу. Жеке кенорындарының геологиялық карталары мен қималарын құру және сызу. Карталар және геологиялық карталар бойынша кенорындарының геологиялық құрылысын сипаттауды орындау. Кенорындарын барлаудың негізгі параметрлерін таңдауға ықпал ететін, кенорындарының геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктерін (кенді денелердің көлемін, оларды морфологиясын, сыйымды жыныстары бар жапсарлардың сипатын, кенді денелердің сынылануын, кенді денеде пайдалы компоненттердің таралу сипатын және т.б.) анықтау. Сәйкес минералды шикізат өнімінің жеке түрлерімен танысу.
