- •Білек шығулары.
- •1. Білек сүйектерінің проксимальды бөлігіндегі сынықтар.
- •1.1. Шынтақ өсіндісінің сынықтары.
- •1.2. Шынтақ сүйектің тәжді өсіндісінің сынықтары.
- •1.3. Шыбық сүйектерінің басының және мойнының сынықтары.
- •2.1.Шынтақ сүйегі диафизинің изолирленген сынығы.
- •2.2.Шыбық сүйегі диафизинің изолирленген сынығы.
- •2.3.Білектің екі сүйегінің де сынығы.
- •1.3.1 Монтедж зақымдануы.
- •1.3.2.Галеация зақымдануы.
- •1. І алақан сүйектің негізінің сынығы.
- •2. Алақан сүйектерінің диафиздерінің сынығы.
- •3. Саусақтардың фалангтарының сынығы.
1. І алақан сүйектің негізінің сынығы.
Жіктелуі: Буын ішілік сынықтарды ажыратады: Беннет сынып-шығуы ( І пястный сүйек негізінің алақан- шынтақ қырының көлденең сынуы, бұл кезде сынықша үшбұрышты пирамида түрінде орнында байламдармен ұсталынып тұрады, ал пястный сүйек ұзын әкеткіш және саусақты жазғыш бұлшықеттер әсерінен проксимальды бағытқа ығысады) және көп сынықшалы сынық (Роланд).
Жарақат механизмі: І пястный сүйек негізінен тура соққы, І саусаққа әкелінген және түзуленген күйінде құлау. Диагностикасы. пястно- запястный буын аймағы деформирленген және ісінген. «анатомиялық табакерка» контурлары тегістелген. Ісаусақ әкелінген және біраз бүгілегн, қысқарған. сынықшалардың ығысуынан деформация пайда болады. Айқын ауырсынуға байланысты белсенді және белсенді емес қимылдар шектелген. Буынның аймағындағы пальпация ауырсынулы. Беннеттің сынып-шығуының негізгі белгісі – «шаңғымен тайғанау» симптомы.
Радиологиялық зерттеу. сынудың және сынықшалардың ығысу сипатын екі проекциядағы рентгенограммадан анықтайды.
Емі: Беннет сынығы сынықшаларының аздаған ығысуының өзі жойылу керек. Репозицияны алғашқы сағаттарда немесе максимальды – жарақаттан кейін 3 тәулікке дейін уақытта (бұлшықет контрактурасының пайда болуына дейін) жергілікті анестезиямен (5мл 2 новокаин ерітіндісімен немесе 10-15мл 1 ерітіндісімен зақымдалған аймаққа) жасайды. Хирург бір қолымен шыбық- білезік буынын ұстайды да оны шынтақ бағытында басады. Екінші қолымен науқастың І саусағын ұстап, қатты тартады және шыбық бағытында максимальды әкету жасайды. Репозициядан кейінгі гипстік «пистолеттік» таңу әсіресе І алақан сүйегінің негізінде жақсы модельденген болу керек. Ол мүмкін болатын екіншілік тайқу болмау үшін жасалады Алақан сүйегінің осі бойынша тартуды жалғастырып, оның негізіне «анатомиялық табакерка» аймағында гипстік таңу арқылы басады, яғни гипсте ойық пайда болғанға дейін. Қолмен жасалған репозицияның нәтижесін рентгенологиялық бақылайды. Екіншілік тайқу болған жағдайда арнайы шинада қаңқадан тарту 3 аптаға дейін, кейінгі 1-3 аптаға дейін иммобилизациямен жасалады (25-а сурет). Гипстік таңуды алғаннан кейін емдік дене шынықтыру, массаж, ванналар тағайындалады. Еңбекке жарамдылық 6-8 аптадан кейін болады.
Репонирленген сынықшаларды ұстап тұру мүмкін болмаса остеосинтез немесе бір-екі спицамен диафиксация жасайды, жабық репозиция мүмкін болмаса – ашық репозиция және остеосинтез жасалады. (25.б,в-сурет)
25сурет. Беннет сынып-шығуын емдеу.
а
– шеткі
фалангтан қаңқадан тарту арқылы репозиция
,
б – спицалармен I алақан сүйегіне остеосинтез,
в – жабық репозиции әдісі,
г – екі спицамен диафиксация.
Роландтың буын ішілік көп сынықшалы сынығында сынықшаларды репозициялау қателігі болғанда І саусақтың функциональды қолайлы жағдайында артродез операциясына көрсеткіш болып табылады.
2. Алақан сүйектерінің диафиздерінің сынығы.
Жарақат механизмі. Жиі – тура (балғамен, таяқпен жәнет.б. соққы), сирек жағдайда – тура емес. Алақан сүйектерінің денесі сынғанда жиі сынықшалардың екіншілік алақан жаққа ашық бұрышта ығысуы болады. Ол сүйек аралық және құрт тәрізді бұлшықеттер арасындағы тәждерге негізделген (26,а-сурет).
Диагностика. Буынның сыртқы бетіндегі айқын ісіну.сынық аймығында жиі қан құйылу анықталады. Пальпацияда алақан сүйектерінің сынықшаларының ығысуымен түзілген бұрыштардың төбесін анықтайды, осы жерде ауырсыну да анықталады. Алақан сүйегінің осі бойынша күш түсіру сынық орнында ауырсынудың күшеюіне әкеледі. Ауырсынуға байланысты саусақтардың активті және пассивті қозғалысы шектелген.
Радиологиялық зерттеу. Буынның екі проекцияда рентгенографиясы диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Емі. Алақан сүйектерінің сынықшаларының тайқуынсыз сынуында гипстік лангетамен саусақтардың ортасынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін 4-5 аптаға иммобилизациялау қажет. Тайқу бар сынықты жергілікті анестезиямен бір мезгілді бұрыштың төбесінен алақан бағытында, ал алақан сүйегінің басын қарама қарсы бағытта оның осі бойынша тартқанда басу арқылы репозициялайды. Репозициядан кейін гипстік лангета (сыртқы және алақандық) саусақтардың ортасынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін салады. Иммобилизацияны 4-5 апта жалғастырады, одан кейін ЕДШ, массаж, ванна тағайындайды. Еңбекке жарамдылық 5-6 аптадан кейін болады.
Жабық репозиция нәтижесіз болғанда сынықшаларды спицалармен, пластинамен, винтпен остеосинтез жасау арқылы ашық репозиция көрсетіледі.
