- •Білек шығулары.
- •1. Білек сүйектерінің проксимальды бөлігіндегі сынықтар.
- •1.1. Шынтақ өсіндісінің сынықтары.
- •1.2. Шынтақ сүйектің тәжді өсіндісінің сынықтары.
- •1.3. Шыбық сүйектерінің басының және мойнының сынықтары.
- •2.1.Шынтақ сүйегі диафизинің изолирленген сынығы.
- •2.2.Шыбық сүйегі диафизинің изолирленген сынығы.
- •2.3.Білектің екі сүйегінің де сынығы.
- •1.3.1 Монтедж зақымдануы.
- •1.3.2.Галеация зақымдануы.
- •1. І алақан сүйектің негізінің сынығы.
- •2. Алақан сүйектерінің диафиздерінің сынығы.
- •3. Саусақтардың фалангтарының сынығы.
3. Саусақтардың фалангтарының сынығы.
Бұл топтағы сынықтар диагностикада және емінде аса мұқияттылықты қажет етеді, өйткені буынның бүтінділігі саусақтардың қалыпты қызметімен анықталады.
Жарақат механизмі. Жиі – тура, сирек- тура емес. Жарақаттаушы күштің әсерінен және құрт тәрізді, сүйек аралық бұлшықеттердің жиырылуынан фалангтардың сынықшаларының осыған тән сыртқа ашылған бұрышты тайқуы болады (26,б- сурет).
26-сурет. Білезік саусақтарының алақан (а) және негізгі фалангтарының (б) диафиздерінің сынығы кезіндегі тән ығысу түрлері.
Диагностика. Саусақ фалангтарының сынықшалардың тайқуымен сынығында саусақтың деформациясын және қысқаруын, зақымдалған саусақтың жайылған ісінуін, тері астылық гематоманы анықтаймыз. Пальпация кезінде алақан бетінде сүйектің шығуын және жергілікті ауырсынуды байқаймыз. Саусақтың осі бойынша күш түсіру сынық аймағында ауырсынуды туғызады. Сынық орнында сынықшалардың қозғалуын анықтауға болады. Ауырсынуға байланысты саусақтың қозғалысы әсіресе жазу шектелген.
Радиологиялық диагностика. Екі проекциядағы рентгенограмма сынықтың түрін және сынықшалардың тайқу түрін анықтауға мүмкіндік береді.
Емі: Сынықшалардың репозициясын жергілікті немесе өткізгіш анестезиямен жасайды. Саусақтың осі бойынша үнемі қолмен тарту кезінде алақан бетінен бұрыштың ұшынан басу арқылыбұрыштық деформацияны түзетеді (27 – сурет). Одан кейін саусақты функциональды қолайлы жағдайда гипстік таңумен саусақтар ұшынан білектің төменгі 1/3 бөлігіне дейінгі аралықта, ал тырнақтық фаланга сынғанда – саусақтардың негізіне дейін бекітеді. Гипстік бекіту, әсіресе саусақтар фалангасының қиғаш немесе буын ішілік сынықтарында, әрқашан сынықшалардың екіншілік тайқуынан сақтай алмайды.
27сурет. Негізгі фалангтың өзіне тән тайқуымен сынығы кезіндегі репозиция кезеңдері.
Фалангтардың сынығын бір кезеңді репозициялау мүмкін болмағанда тарту немесе жіңішке спицамен остеосинтез жасау керек. Операциядан кейін 4-5 аптаға гипстік иммобилизация жасайды және спицаларды 3-4 аптадан кейін алады. Гипстік лангетаны алғаннан кейін ЕДШ, физиотерапия тағайындайды. Еңбекке жарамдылық 6-8 аптадан кейін болады.
Диагностикасы мен емнің алгоритмі алақан сүйектерінің және саусақтар фалангасының диафизінің сынығының 28- суретте көрсетілген.
Асқынулар. Алақан сүйектерінің сынықтарынан кейінгі саусақтардың қызметінің бұзылуы ығысуды жоймағаннан, сүйек аралық бұлшықеттердің және жазғыш сіңірдің фиброзынан; алақан- фалангалық және фаланг аралық буындардың контрактурасынан т.б. болуы мүмкін.
Рис. 28. Алгоритм диагностики и лечения диафизарных переломов пястных костей и фаланг пальцев
