- •«Тіршілік қауіпсіздігі » курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
- •I тарау . "Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету"
- •I тарау. Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Тж жөніндегі қр Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және кұрылымдық аумақтық органдары
- •Тж жөніндегі қр орталық атқарушы органның өкілеттігі
- •Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
- •"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігі қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері
- •Ақ және тж басқару органдары мен қызметтері
- •Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
- •Жоғары оқу орындарының Азаматтық қоғанысын ұйымдастыру
- •Шаруашылық объектісі Азаматтык қорғанысының ұйымдық құрылымы
- •Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар
- •Табиғаттағы тосын жағдай
- •Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
- •Халықаралық жер үсті белгілері (белгі көлемі 3x0,5 м)
- •Адамға радиацияныц әсері.
- •Сәулелену дозасы туралы түсінік
- •Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі
- •Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы
- •Аумақтың радиоактивті ластануы
- •Адамға сәуле алудың қауіпі
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы
- •Қатты әсер ететін улы заттар
- •Қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары
- •Ауа температурасының қәуз (ксі) алгашқы бултыныц таралу теңдігіне ықпал ету коэффициентіиі", маңызы
- •2 М Ім/с (сагаттар, әэуліктер, айлар) биіктіктегі желдіқ жылдамдыгы кезінде төгілу алаңынан қәуз – дің булану уақыты
- •Ауырлықтың белгілі бір деңгейіне дейін қоргалмаған жеке қурамның зақымдалуы бақыланатын шект қәуз-дің таралу аймагы тереңдігінің улесі
- •Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериал дық құралдармен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек
- •Улағыш заттардың жіктелісі
- •Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері
- •Қатты әсер ететін улы заттардың (қәуз) организмді зақымдауы
- •Ііітарау. Төтенше жағдайлардағы ахуалды бағалау радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлар
- •Химиялық барлау приборлары
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау
- •Іv тарау. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс шаралары халықты қорғаудың непзгі принциптері мен қорғау әдістері
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Қоныстандыру және көшіру Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері
- •Көшіру органдары, олардың кұрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі
- •Қоныстандыру мен кешіруді қамсыздандыру
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Газқағардьщ алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Қосымша патрондар
- •О қшаулағыш газқагарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарларынын жіктелісі
- •Теріні корғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке корғаныстын медициналық құралдары
- •Қарапайым панаханалар
- •Бейбіт уақытта корғаныс гимараттарын күтіп ұстау және пайдалану
- •Корғаныс ғимаратын панахана, рк,о режиміне келтіру
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп – кету тәртібі.
- •Малға арналған жемді коймада және дала жағдайында сактау
- •Малды ветеринарлық тазалау
- •Зілзала және оньің салдарымен күрес
- •Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғау жөніндеп ақ шаралары
- •V бөлім. Тж жағдайларына басіиы қүрамы- на, ақ қүрамаларын даярлау және халықты
- •Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихатгың ролі
- •VI тарау. Тж ұйымдары жүмысының тұрақтылығы Ұйым жүмысы түрақты негіздері
- •Шаруашалақ нысандарының жүмыс істеу тұрақтылығы
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •Жаракат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанагывда тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Пайдаланылған әдебеттер
2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
Қорғыныс шараларының сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.
Бірінші кезекте согыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:
— қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; — АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бол-жанған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға жасыру.
Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.
Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі. Сөйтіп соғыс қимылдары кезівде халық пен шаруашылық объекгілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмүны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады.
Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бүл ірі елді мекендер мен аса маңызды объекгілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді.
Бейбіт уақыттағы ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін төн зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.
Осылайша, сейсмоқауіпті аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады.
Ықтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бүл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуге байланысты.
Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал авария қауіпі кезіңде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты.
3. Қорғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.
Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.
Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысының барынша сәйкес келетіндігіне басымдық бере отыра халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғаудың ең жоғары деңгейіне жету үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, медициналық, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап іске асыру қажет.
Осы шаралардың мәнің қысқаша қарастырайық.
а) Инженерлік шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру жау шабылуы жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады.
Сондықтан АҚ-ны дамытудағы маңызды бағыт АҚ тобына жатқызылған қалалар мен маңызды шаруашылық объектілерінде панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және калған қалалар мен селолық жерлерде радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылады.
б) Көшіру шаралары.
Көшіру шараларын дер кезінде жүргізу ТЖ жағдайында халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкіндік береді.
в) Радиация мен химиядан қоргау шаралары.
Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады ол мыналарды қамтиды:
халық пен АҚ құрамаларын;
қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құралдарымен;
радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21);
химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, ҚӘУЗ
мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1);
дозиметрлік бақьшау приборларымен (ИД-1, ИД-И, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды;
осы құралдарды әзірлікте ұстауды;
радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;
халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды;
азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол бермеу және оларды залалсыздандыруды;
радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеуді;
жердегі, ғимаратгағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ судың, азық-түліктің улы затпен ластануын аныктау үшін халықтың "Мастер — 1", "Сосна", "Белла" тұрмыстық дозиметрлерін пайдалануды;
радиоактивтік ластану жөне химиялық зақымдану салдарын жоюды.
Медициналык, шаралар.
Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:
санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;
объекгілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен зақьшдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;
санитарлық-ветеринарлық және эгащемияға қарсы шараларды жүргізу.
Өрттен қоргау шаралары.
Бұл — халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық жөне ұйымдық шаралардың кешені.
Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:
ықтимал өрт ахуалын болжауды;
қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізуді;
өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;
өрт ахуалын бағалау мен оны бақылауды;
өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалауды;
өрттің алдын алуды, жайылтпау мен сөндіруді. Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.
Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыста қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.
АҚ алдында тұрған міндеттерді табысты орындауда ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.
Республика басқару органдарында әзірленетін өзара іс-қимыл жоспарларының мазмұнына ҚР Қарулы Күштерімен тығыз байланыс бойынша негізгі мәселелер енгізілген:
даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы кері ақпарат алу тәртібі;
коменданттық қызметті ұйымдастыру және әскерлердің, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшірудің негізгі бағыттарындағы қозғалысты реттеу;
гарнизон әскерлерін, жергілікті қорғаныс объектілерін, көшірілген халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;
зақымдау ошақтарында және зілзала, ірі авария мен апат кезінде барлауды ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу мәселелерін келісу. АҚ мүддесі үшін барлау жүргізу үшін әскери басшылық ұшақ тар, тікүшактар, әскери бөлімдердің барлау құрылымдарын және техниканы бөлуі мүмкін;
радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудын бірыңғай жүйесін белгілеу;
көлік, медицина, инженерлік, материалдық-техникалық құралдармен өз-ара көмек көрсету жөніндегі шаралар;
санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;
халықты көшіруде басқару үшін байланыс және хабарлау құралдарын бірлесіп пайдалану.
Әскери басқару органдарының бүкіл басшы құрамының тиісті мемлекетгік және шаруашылық оргаңдарымен, АҚ және ТЖ органдарымен және қызметгерімен келсімді жұмысы арқылы ғана қысқа мерзімде АҚ жүйесінің бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ұйьшшылдыкден көшуі, өзіне жүктелген міндетті орыңдауы үшін тұрақты даярлығына қол жеткізуге болады.
