- •«Тіршілік қауіпсіздігі » курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
- •I тарау . "Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету"
- •I тарау. Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •Тж жөніндегі қр Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және кұрылымдық аумақтық органдары
- •Тж жөніндегі қр орталық атқарушы органның өкілеттігі
- •Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия
- •"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігі қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері
- •Ақ және тж басқару органдары мен қызметтері
- •Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
- •Жоғары оқу орындарының Азаматтық қоғанысын ұйымдастыру
- •Шаруашылық объектісі Азаматтык қорғанысының ұйымдық құрылымы
- •Ақ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытындағы Төтенше жағдайлар
- •Табиғаттағы тосын жағдай
- •Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
- •Халықаралық жер үсті белгілері (белгі көлемі 3x0,5 м)
- •Адамға радиацияныц әсері.
- •Сәулелену дозасы туралы түсінік
- •Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және жол берілетін деңгейі
- •Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жердің радиоактивтік ластануы
- •Аумақтың радиоактивті ластануы
- •Адамға сәуле алудың қауіпі
- •Хайуанаттардағы сәулелену ауыруы
- •Қатты әсер ететін улы заттар
- •Қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек шаралары
- •Ауа температурасының қәуз (ксі) алгашқы бултыныц таралу теңдігіне ықпал ету коэффициентіиі", маңызы
- •2 М Ім/с (сагаттар, әэуліктер, айлар) биіктіктегі желдіқ жылдамдыгы кезінде төгілу алаңынан қәуз – дің булану уақыты
- •Ауырлықтың белгілі бір деңгейіне дейін қоргалмаған жеке қурамның зақымдалуы бақыланатын шект қәуз-дің таралу аймагы тереңдігінің улесі
- •Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериал дық құралдармен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек
- •Улағыш заттардың жіктелісі
- •Организмнің әртүрлі уз топтарымен зақымдану белгілері
- •Қатты әсер ететін улы заттардың (қәуз) организмді зақымдауы
- •Ііітарау. Төтенше жағдайлардағы ахуалды бағалау радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлар
- •Химиялық барлау приборлары
- •Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау
- •Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау
- •Іv тарау. Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы азаматтық қорғаныс шаралары халықты қорғаудың непзгі принциптері мен қорғау әдістері
- •Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі корғаудың негізгі принциптері
- •2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.
- •3. Қорғаныс әдістері мен кұралдарын аныктаудағы кешенді көзқарас.
- •Халықты қорғаудың негізгі әдістері
- •Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
- •Панаханалар
- •Радиациядан қорғайтын орын (рқо)
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі
- •Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртібі
- •Қоныстандыру және көшіру Көшіру және қоныстандырудьщ принциптері және көшіру әдістері
- •Көшіру органдары, олардың кұрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі
- •Қоныстандыру мен кешіруді қамсыздандыру
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Газқағардьщ алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Қосымша патрондар
- •О қшаулағыш газқагарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарларынын жіктелісі
- •Теріні корғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке корғаныстын медициналық құралдары
- •Қарапайым панаханалар
- •Бейбіт уақытта корғаныс гимараттарын күтіп ұстау және пайдалану
- •Корғаныс ғимаратын панахана, рк,о режиміне келтіру
- •Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп – кету тәртібі.
- •Малға арналған жемді коймада және дала жағдайында сактау
- •Малды ветеринарлық тазалау
- •Зілзала және оньің салдарымен күрес
- •Халық, аумақты және ұйымдарды осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғау жөніндеп ақ шаралары
- •V бөлім. Тж жағдайларына басіиы қүрамы- на, ақ қүрамаларын даярлау және халықты
- •Тосын жағдайда іс-әрекеттер халықты үйрету мәселесіндегі насихатгың ролі
- •VI тарау. Тж ұйымдары жүмысының тұрақтылығы Ұйым жүмысы түрақты негіздері
- •Шаруашалақ нысандарының жүмыс істеу тұрақтылығы
- •ҚжШбж жүргізу тәсілдері мен амалдары
- •Жаракат алғандар мен ауруларды тасымалдау
- •Автомобиль шанагывда тасымалдау
- •Санитарлық зембілдер
- •Пайдаланылған әдебеттер
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимаратгарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан — ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, соңдай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) ықпалынан сенуді қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар панаханадағы адамдар жоғары температурамен өрт жағдайындағы азық-түліктің жануына, құлаған ғимараттың бөлшектерінің зақымдауынан қорғана алады.
Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау — маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Өткен уақыттағыдай, қазір де осы міндетті шешу жолдарының бірі елді-мекеңдерде адамдарды паналатуға арналған қорғаныс ғимараттарының әртүрлі үлгілерін жасау болып табылады.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.
Қорғаныс ғимарттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта жылдам салынуға және қауіп төнген кезде жылдам түрғызылуға тиіс.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғаныс ғимараттары желдеткіш қондырғылармен қамтамасыз етуі бойынша олар қолдан бар материалдар және дайын тұрған ауаның тұрақты көлеміне орай (желдетусіз) даярланатын, өндірістік қисында даярланған желдеткіш қондырғылары болып бөлінеді.
Панаханалар
Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шыға беріс болуға тиіс.
Панахана (жапсарлас) Жеке тұрған панахана
Панаханалар су баспайтын учаскелерде терендетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.
Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының ете беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебінен кол жеткізіледі.
Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус). орындардың жиынымен анықталады. Шағын — 300 адамға дейін, орта — 300—600 адам, үлкен — 600-ден астам адам.
Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.
Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі — 3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі — 80%), температура 23 °С (шекті жол берілуі — 31 °С) аспауға тиіс.
Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болуы, пана-хана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның еткізілуіне жол бермеу.
Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберістер мен шығаберістердің болуы.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанцияларын, тамбур- шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5 м2және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биікгігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңцайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болуға тиіс (шекті жол берілетін бшкгік кеміңце 1,85м).
Жасырынуға арналған бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір жөне екіярусты орындықтар немесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшін. Жатуға арналған орын нар екіярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20% - ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.
Басқару нүктесіне арналган бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.
Санитарлық нукте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық жағдайын түрақты бақылайды. Ғимараттың санитарлық ахуалын, азық-түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды. Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер болған жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.
Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығыберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.
ДЭС ушін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбур-мен жабдықталады.
Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.
Қоргалган кіреберістер мен шыгаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.
Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғай тьш тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы кабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабьша есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.
Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және бау-лығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашықтыққа қоршаған ғимараттардан ашпақ болуға тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.
Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есікгегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханага қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық кондырғылар-дың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ элекгр мен байланыстың болуы қарастырылады.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза жеддеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (II режим). Таза жеддеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.
Жаппай өрт, аумақ зиявды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).
Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу үстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан қүралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.
Жылу орталыгынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +10°С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.
Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, соңдай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.
Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л есеппен жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке түрған панаханаларда, сондай-ақ сыйымды-лығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.
Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Панаханың санитарлықторабы белмесіне ағыңцарды жинау үшін авариялық резервуар орнатылады. Резервуар жа-бынына унитаз орнына пайдаланылатын жөне қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасалынушы үшін тәулігіне 2 л есеппен анықталады. Құрғақ қалдықтау жинау үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1л есеппен орын қарастырылады.
Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден — ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электрберу тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.
Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс қүрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.
Жылдам тұргызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жсткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қыска мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғ-ысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50—200 адам.
ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.
ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстар, ауаның шаңнан тазалайтын мата сүзгі, су құйылатын ыдыс, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.
ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланады .
Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шыраққандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.
Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.
Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.
Тау кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролык жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.
Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарды жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаш есік қойшады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареялары пайдаланылады. ұжымдарда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады.
