Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РДС РК 4.04-191 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
948 Кб
Скачать
☆

Негiзгi анықтамалар

1. Белгілі аумақта жұмыс істейтін, қосалқы станциялардан, тарату орындарынан, токөткел­ден, әуе (ӘЖ) және кабель электрберілісі желілері­нен тұратын, электр энергиясын жеткізіп беруші және таратушы электрқондырғылардың жиынтығы электр торабы деп аталады.

2. Трансформаторлар немесе басқа энергия түрлендіргіштерден, 1000 В дейінгі және одан жо­ғары тарату құрылғыларынан, басқару құрылғысы мен қосалқы имараттардан тұратын, электр энер­гиясын түрлендіру мен тарату қызметін атқаратын электр қондырғысы қосалқы станция (ҚС) деп ата­лады

3. Жинақтаушы және жалғаушы шиналары, коммутациялық аппараты, қорғау және автоматика құрылғысы, өлшеуіш аспап және қосалқы құрыл­ғысы болатын, электр энергиясын қабылдау мен тарату қызметін атқаратын электр қондырғысы тарату құрылғысы деп аталады.

4. Электр энергиясын ҚО (қоректендіру орта­лығынан) қабылдап және оны тарату тораптарына беруге арналған, кернеуі 10 (6) кВ тарату құрыл­ғысы қалалық электр тораптарында тарату орны (ТО) деп аталады.

5. Электр энергиясы 10 кВ жоғары кернеуден 0,4 кВ төменгіге трансформацияланатын және осы кернеуде таратылатын, қосалқы станция қалалық тарату тораптарында трансформаторлық қосалқы станция деп аталады. Бұл әдістемелік нұсқаулар­да қалалық тарату тораптарының трансформатор­лық қосалқы станциясы қысқаша (ТҚС) деп ата­лады.

6. Электрқабылдағыштардың немесе электр­қабылдағыштар тобының дербес қоректендіру көзі деп кернеудің апаттан кейінгі режимде, басқа неме­се бұл электрқабылдағыштардың басқа қоректен­діру көздерінде жоғалуы кезінде осы әдістемелік нұсқауларда регламенттелген шекте сақтайтын қо-ректендіру көзі айтылады

Дербес қоректендіру көзінің санына бір неме­се екі электр станциялары мен қосалқы станция­лар-дың екі бөлігі немесе шиналар жүйесі жата­ды, егер келесі екі шарт бір мезгілде сақталатын болса:

1. әрбір бөлік немесе шиналар жүйесі өз кезе-гін-де дербес қоректендіру көзінен қорек ала­ды;

2. бөліктер (жүйелер) шиналары өзара бай­ла-ныспаған немесе бір бөліктің (жүйенің) шина­сының қалыпты жұмысы бұзылғанда автоматты түрде ажы-рататын байланысы бар болғанда.

7. Жақындатылған кірме деп 110—220 кВ кер­неуді тұтынушылар жүктемесінің ортасына аралық трансформация сатысының ең аз санымен жақын­дататын электрмен жабдықтау жүйесін айтады.

8. Қоректендіруші желі деп ҚО—нан ТО—ын қоректендіретін желіні айтады.

9. Таратушы желі деп ҚО—нан немесе ТО—нан ТҚС қатарын немесе тұтынушылар кірмесін қорек­тендіретін желіні айтады.

10. Ұйым немесе жеке тұлға электр және жылу энергиясын пайдалану ережесіне сәйкес электр­­мен жабдықтау ұйымымен электр энергия­сын пайдалану үшін заңды ресімделген шарты болса тұтынушы деп аталады.

11. Электр энергиясын қабылдауға және пай­далануға арналған электрқондырғысы электр­қабыл-дағыш деп аталады.

12. Тұтынушылар немесе тораптар бөлшегін­дегі электр жүктемесінің Ре есептік шамасы ретін­де 30 мин. уақыт аралығында болуы мүмкін макси­маль жүктеме қабылданады.

13. Есептік жүктеменің белгіленген қуатқа қатынасы (резервтік электрқабылдағыштар мен өртке қарсы құрылғыларды есептемегенде) жүкте­менің сұраныс коэффициенті Кс деп аталады.

мұнда: Ре – есептік электрлік жүктеме, кВт;

Рб – электрқабылдағыштардың белгіленген қуаты, кВт.

14. Электрқабылдағыштар жүктемелерінің максимумының қосарлану (үйлеспеу) коэффи­циенті мына формуламен анықталады:

мұнда: – электрқабылдағыштардың есептік жүктемелерінің қосындысы, кВт;

Ре – электрқабылдағыштардың жүктемелері­нің қосындысының есептік максимумы, кВт.

БЕЛГІ ҮШІН

ДЛЯ ЗАМЕТОК

21