- •Әдiстемелiк нұсқаулары методические указания по проектированию городских и
- •2. Жобалау құжаттамасының көлемi мен құрамы
- •3. Жобалау құжаттамасын әзiрлеуге арналған бастапқы деректер
- •Есептiк электрлiк жүктемелер
- •Қалалық электр тораптарының электрлік жүктемелерін анықтау
- •Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
- •Қоғамдық ғимараттардың жүктемелері
- •5. Кернеу мен тораптың бейтараптық режимін таңдау
- •6. Тораптар сұлбалары Жалпы ережелер
- •7. Электрмен жабдықтау сенімділігі
- •8. Кернеуі 110/35 кВ және одан жоғары электрмен жабдықтау тораптарының сұлбалары
- •9. Кернеуі 0,4—10 (6) кВ тораптардың сұлбалары
- •10. Тораптарды есептеу. Сымдар мен тораптардың қимасын таңдау
- •11. Тарату тораптарының трансформаторларының қуатын
- •12. Кернеу деңгейлерін есептеу және реттеу құралын таңдау
- •13. Реактивті қуатты қарымталау
- •14. Сыйымдылық токтарын қарымталау
- •15. 1000 В—қа дейінгі тораптарды бірфазалық қысқа тұйықталу кезінде желілерді автоматты ажыратуды қамтамасыз ету шартымен тексеру
- •16. Автоматика, қорғаныс және телемеханика
- •17. Электр энергиясын есепке алу
- •18. Кернеуі 110—35 кВ және одан жоғары тораптар. Электр тораптары элементтерінің құрылымдық орындалуы
- •Кернеуі 0,4—10 кВ тораптар.
- •Қалалық электр тораптарының 1000 тұрғынға шаққандағы электр жүктемелерiнiң меншiктi көрсеткiштерi
- •Қалалық электр тораптарындағы 6—10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi (дана)
- •Меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, кВа
- •Қалалық электр тораптарының 6—10 кв әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ кабель желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының 0,38 кВ әуе желiлерiндегi 1000 тұрғынға шаққандағы меншiктi көрсеткiштерi, км
- •Қалалық электр тораптарының бөлшектерiнде реновациялаудың меншiктi көрсеткiштерi бесжылдық кезең үшiн %
- •Электрқабылдағыштардың меншікті есептік жүктемесі, кВт/пәтерлер
- •Максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Сұраныс коэффициенті
- •Есептік максимумдардың үйлеспеу коэффициенті
- •Iрілендірілген меншікті электр жүктемелері
- •Трансформаторлардың рауалы асқын жүктемесi
- •Негiзгi анықтамалар
Тұрғын ғимараттардың жүктемелері
4.21. Тұрғын ғимараттардың жалпы үйлік бөлмелерінің (баспалдақ алаңдарының, техникалық қабаттардың, еденасты, үйасты қабаттарының, шатырлардың, бесік—арба бөлмесінің), сонымен бірге жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің топталған тораптарының есептік жүктемелерін сұраныс коэффициенті 1—ге тең деп жарықтық техникалық есептеу арқылы анықтау керек.
4.22. ТҚС 0,4 кВ тарату құрылғысының шиналарында, кірмелерде және қоректендіру желілерінде пәтер электрқабылдағыштарының есептік жүктемесі мына формуламен анықталады:
Рпәт = Рпәт.мен. х П,
мұнда: Рпәт.мен. – пәтер электрқабылдағыштарының меншікті есептік жүктемесі, 2—қосымша, 2.1—кестеден ТҚС желісіне қосылған пәтерлер санына, ас бөлме плитасының түріне және тұрмыстық ауа баптағыштың бар болғандығына байланысты қабылданады. Бұл жағдайда жүктеменің есептік біркелкілігі оны үшфазалы төртсымды желілер және кірмелер арқылы таратуда 15%—тен аспайды деп қабылданады.
П – желілерге (ТҚС) қосылатын пәтерлер саны.
Ескерту: Ауабаптағыштарды орналастыру керек деп есептелген климаттық аймақтарда ТҚС трансформаторлары мен кірме қоректендіру желілерінің параметрлерін таңдауға керек есептік жүктемелерді ең үлкен қыстық және жаздық максимуммен қабылдау керек.
4.23. Қоректендіру желісіндегі, кірмелердегі және ТҚС 0,4 кВ—ТҚ шиналарындағы есептік жүктеме дәліз типті жатақханаларды жалпы жарықтандырудан, шамдардың төменде келтірілген белгіленген қуаттарына байланысты қабылданған сұраныс коэффициентін есепке ала орындалады:
5 кВт—қа дейін .............................................. — 1
5—тен 10 кВт—қа дейін ................................. — 0,9
10—нан 15 кВт—қа дейін ............................... — 0,85
15—тен 25 кВт—қа дейін .............................. — 0,7
25—тен 50 кВт—қа дейін ............................... — 0,65
50—ден 100 кВт—қа дейін ............................ — 0,6
100—ден 200 кВт—қа дейін .......................... — 0,55.
4.24. Дәліз типті жатақханалардың розеткаларына қосылатын электрқабылдағыштардың қоректендіру және топталу желілерінің есептік жүктемелері (Ре.) мына формуламен анықталады, кВт:
Ре.= Рмен. х Пр х Кб.м.
мұнда: Рмен – 1—розетканың меншікті қуаты, 100—ге дейінгі розетка санында 0,1 деп қабылданады, 100— ден жоғары – 0,06 кВт;
Пр – розеткалар саны;
Кб.м. – розетка тораптары үшін бірмезгілдік коэффициенті, розеткалар санына байланысты анықталады:
10 розеткаға дейін ..................................... — 1
10—нан 20 розеткаға дейін ......................... — 0,9
20—дан 50 розеткаға дейін ......................... — 0,8
50—ден 100 розеткаға дейін ....................... — 0,7
100—ден 200 розеткаға дейін ..................... — 0,6
200—ден 400 розеткаға дейін ..................... — 0,5
400—ден 600 розеткаға дейін .................... — 0,5
650 және одан жоғары ................................ — 0,35
4.25. Жатақханалардағы тұрмыстық еден үсті электр тақталарының қоректендіру желісіндегі, кірмелердегі және ТҚС 0,4кВ—ТҚ шиналарындағы есептік жүктемесі (Ре.пл):
Ре.пл.=Рпл х Ппл х Кс.пл.,
мұнда: Рпл – электр тақтасының белгіленген қуаты, кВт
Ппл. – электр тақтасының саны;
Кс.пл. – қосылатын электр тақталардың санына байланысты анықталатын сұраныс коэффициенті, былай қабылдануы тиіс:
1 тақта…..... ............................................ — 1
2 тақта ....................................................... — 0,9
20 тақта........................................................ — 0,4
100 тақта...................................................... — 0,2
200 тақта...................................................... — 0,15
Ескерту: Сұраныс коэффициенті төрт қақпақты электртақтасы үшін берілген. Үш қақпақты тақталардың сұраныс коэффициентін анықтау үшін тақталардың белгіленген санына 0,75 коэффициентін, ал екі қақпақтыға — 0,5 коэффициентін есепке алған жөн.
4.26. Кірмелердегі және ТҚС 0,4 кВ шиналарындағы есептік жүктеме, олардан дәліз типті жатақханалардың жалпы жарықтандыру, розеткалар, ас бөлме электр тақталары және қоғамдық міндеттегі бөлмелер аралас қоректенген кезде қоректендіру желілері есептік жүктемелерінің қосындысын 0,75—ке көбейту арқылы анықталады. Бұл кезде жалпы үй бөлмелерін жарықтандыруды қоректендіру желісінің есептік жүктемесі 2—қосымша, 2.1—кестеге ескертуді есепке ала анықталады.
4.27. Лифт қондырғыларын қоректендіру желісінің есептік жүктемесі (Ре.л.) мына формуламен анықталады, кВт:
Ре.л.=Кс.л. х Рп1.
мұнда: Кс.л. – сұраныс коэффициенті, 2—қосымшаның кестесі бойынша (2.3—кесте) қоректендіру желісіндегі лифт қондырғыларының санына байланысты анықталады.
Рп1 – бір лифт электрқозғалтқышының төлқұжаты бойынша белгіленген қуаты, кВт.
4.28. Санитарлық—техникалық құрылғылардың электрқозғалтқыштарын қоректендіру желісінің есептік жүктемесі олардың белгіленген қуатына 2—қосымша, 2.4—кестеден қабылданатын сұраныс коэффициентін есепке ала анықталады.
4.29. Резервтік электрқозғалтқыштардың, сондай—ақ өртке қарсы құрылғылардың және жинаушы механизмдердің электрқабылдағыштарының қуаты қоректендіру желілерінің және ғимараттарға кірмелердің есептік электрлік жүктемелерінде, қорғаныс аппараттарын және өткізгіштердің қимасын анықтауға керек жағдайды қоспағанда есепке алынбайды. Бір мезгілде жұмыс істейтін өртке қарсы құрылғылар электрқабылдағыштарының қоректендіру желісін есептеу үшін Кс 1—ге тең деп қабылданады.
Бұл жағдайда, бір бөлікте орналасқан бір мезгілде жұмыс істейтін түтін шығарғыш және ауа қысу желдеткіштерін есепке алу керек.
4.30. Тұрғын үйдің (пәтер және күштік электрқабылдағыштардың) есептік жүктемесі (Ре.т.ү.) мына формула бойынша анықталды, кВт:
Ре.т.ү.=Рп + 0,9 Рк
мұнда: Рп – пәтердегі электрқабылдағыштардың есептік жүктемесі, кВт,
Рк – күштік электрқабылдағыштардың есептік жүктемесі, кВт.
4.31. Ауылдық жердегі сыртқы электр тораптарының қайтақұрылымын жобалаудағы есептік жүктемені олардың келешек өсімін 30%—ке дейін деп есептеп алып дұрыс деректер негізінде қабылдау керек.
Бұл жағдайда қосынды есептік жүктемелер осы нұсқаулардың талабына сәйкес анықталатын мәннен аспау керек.
4.32. Тұрғын ғимараттардың қоректендіру желісін есептеу үшін төменде қуат коэффициенттері келтірілді:
электр тақталы пәтерлер ........................... — 0,98
сол тәрізді, тұрғын ауабаптағыштары бар.. — 0,93
қатты отын және табиғи, сұйытылған
газ тақталы пәтерлер ......................................... — 0,96
дәліз типті жатақханалардағы
жалпы жарықтандыру ......................................... — ,95
шаруашылық сорғылары, желдеткіш
қондырғылары және басқа санитарлық—
техникалық қондырғылар ................................... — 0,8
лифтілер ..................................................... — 0,65
Ескертулер:
1. Бір қозғалтқышты қоректендіретін, тарату желісінің қуат коэффициентін оның каталогтік деректері негізінде қабылдау керек.
2. Разрядты шамдармен жарықтандырудың топталған желілерінің қуат коэффициентін 4.50-т. бойынша қабылдау керек.
