Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (3).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
504 Кб
Скачать
☆

7 Дәріс. Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың негізгі ток қорғанысы

Дәрістің мазмұны: трансформаторларды ҚТ барлық түрінен негізгі қорғаулар қарастырылады.

Дәрістің мақсаты: трансформаторларды ҚТ барлық түрінен дифференциалды қорғаудың және ток үзіндісінің қызмет жасау принципі оқытылады.

7.1 Трансформаторлардың токтық қорғанысы

Ток үзіндісі – трансформатордағы зақымдалудан тез әсер ететін РҚ. Үзіндінің қызмет ету аумағы шектелген, жерге тұйықталу тогы аз торапқа жұмыс жасайтын орамдары тұйықталған және орауыштары жерге тұйықталуларда жұмыс жасамайды.Үзінді қоректену жағынан қолданады.

Үзіндінің қызмет ету аймағына ошиновка, трансформатордың қоректену көзі жағындағы орамның жартысы және шықпалар кіреді. Ішкі зақымдалудың РҚ болып табылатын үзінді трансформаторларды барлық қоректену көзі бар жағынан ажыратуы қажет. Үзіндінің артықшылығы оның қарапайымдылығы және тез әсер етуінде. Үзінді МТҚ мен газдық қорғаныспен бірге (төменде қарастырылған) төмен қуатты трансформатордың жақсы қорғанысын қамтамасыз етеді. Дифференциалды қорғаныс. Трансформаторлардың дифференциалды қорғанысының тағайындалуы және әсер ету принципі.

Трансформаторларды фаза аралық ҚТ-дан, жерге бір фазалы ҚТ-дан және бір фазаның орамының тұйықталуынан негізгі тез әсер ететін РҚ ретінде дифференциалды РҚ қолдану кең тараған (7.1 суретке қара). Сыртқы ҚТ және жүктемесі кезінде токтары бір жаққа бағытталған (7.1, а суретке қара) және қорғалатын трансформатордың трансформация коэффициентіне тең белгілі-бір қатынаста болады:

III / II = Кт (7.1)

а) сыртқы ҚТ; б) трансформатордағы ҚТ

7.1 Сурет- Трансформаторлардың дифференциалды қорғанысының әсер етуі

Сыртқы ҚТ кезінде қорғаныс жұмыс жасамауы, трансформатордағы ҚТ кезінде жұмыс істеуі қажет. Қорғаныс осыны есепке алып жұмыс жасайды. Сұлбаны қоректендіретін ТАI және ТАII ток трансформаторлары қорғалатын трансформаторлардың екі жағынан қойылады. Олардың екіншілік орауыштары сыртқы ҚТ және жүктеме кезінде IIb және IIIв екіншілік токтары қосқыш сымдар контурында тізбек түрінде бағытталуы үшін әртүрлі аталатын полярлықпен қосылады.

Дифференциалды реле КА ТТ екіншілік орауыштарына параллель қосылады. Мұндай қосылу кезінде сыртқы ҚТ жағдайында және жүктеменің тогы кезінде екіншілік токтары КА релесінің орауыштарына тұйықталады және онда қарсы бағытталған, сондықтан да реледегі токтар IIb және IIIв екіншілік токтардың айрымына тең:

Iр = IIв - IIIв (7.2)

Қорғалатын трансформатордағы ҚТ кезінде IIв және IIIв екіншілік токтары реле орауыштарынан бір бағытта өтеді (11.1, б сурет),соның нәтижесінде реледегі ток оның қосындысына тең:

Iр = IIв + IIIв (7.3)

Егер Ip> Iс.р онда реле іске қоылып, трансформаторды ажыратады.

Дифференциалды РҚ жүктеме және сыртқы ҚТ кезінде жұмыс жасамау үшін, олардың айырымына тең реледегі ток болмау үшін, РҚ-тағы екіншілік токтарды теңестіру қажет:

Iр = IIв - IIIв = 0. (7.4)

Ол үшін токтар модульі және фазасы бойынша бірдей болуы керек, яғни IIв = IIiв.

Трансформаторлардың және АТ дифференциалды қорғанысының ерекшелігі. ЭЖЖ және генераторлардың дифференциалды РҚ-да қорғалатын бөліктің басы мен аяғындағы біріншілік токтар бірдей, сондықтан селективтілік (7.4) шартын орындау үшін ТТ-ның трансформация коэффициентінің теңдігі болуы қажет. Трансформаторлардың дифференциалды РҚ оның жағдайы басқа. Трансформатордың біріншілік токтары шамасы бойынша тең емес және жалпы жағдайда фаза бойынша сәйкес болмайды.

Трансформатордың төменгі кернеу жағындағы ток III жүктеме және сыртқы ҚТ кезінде жоғары кернеу жағындағы токтан II әрдайым көп болады. Олардың қатынасы күштік трансформатордың трансформация коэффициенті бойынша анықталады (7.1).

Орауыштары жұлдызша-үшбұрыш және үшбұрыш-жұлдызша болып жалғанған трансформаторларда II және III токтары шамасымен ғана емес, сонымен бірге фаза бойынша айырмашылығы болады. Фазаның жылжу бұрышы трансформатордың орауыштарының жалғану тобына байланысты. Кең тараған он бірінші топта үшбұрыш жағындағы сызықтық ток жұлдызша жағындағы сызықтық топты 30° басып озады. Орауыштары жұлдызша-жұлдызша жалғанған трансформаторларда II және III токтары фаза бойынша сәйкес келеді. Сонымен селективтілік шартын (7.4) орындау үшін екіншілік токтарды теңестіретін шамасы бойынша IIb = II/КII және IIIв = III / KIII; ал орауыштарының әртүрлі жалғануында (y/ және /Y) – және релеге түсетін токтар тең болуы үшін фаза бойынша арнайы шаралар жасалады. Фазадағы токтардың компенсациясы күштік трансформатордың жұлдызша жағында орналасқан ТТ екіншілік токтарын IIb және IIIв үшбұрыш етіп жалғау арқылы жасалады.ТТ орауыштарын үшбұрыш етіп жалғау күштік трансформатор орауыштарының үшбұрыш жалғанғанына сәйкес болуы керек.