- •9.Жатыр мойны рагының клиникасы.
- •10. Жатыр денесі рагының диагностикасы және емдеу принципі
- •11. Аналық без ісігінің этопатогенезі, қауіп қатер факторы
- •12. Сүт безінің фондық ж/е ракалды аурулары, клиникасы, емі
- •6)Жатыр денесі обырының патогенетикалық түрлері, қауіп факторлары
- •7) Аналық бездің ісік алды аурулары, клиника, диагностикасы, емі
- •8) Сүт безі обырының гистологиялық құрылымы және метастаздануы. Клиника, диагностика, емі.
- •Анамнез.
- •Жалпы қарау.
- •14)Жатыр денесі обырының клиникасы.
- •15)Жатыр денесі обырының диагностикасы, емдеу принципі
- •16) Сүт безі обырының этиопатогенезі, қауіп факторы
- •17) Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары
- •3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
- •19)Аналық без обырының клиникасы
- •20) Сүт безі рагының диагностикасы, емдеу принциптері
14)Жатыр денесі обырының клиникасы.
Жыныс жолдарынан қанды бөліністер (меноррагия, менометроррагия) (етеккір үзілісі немесе етеккір үзілісінен кейін, бастапқыда ауыр жұмыстан кейін, дефекациялан кейін, қынаптық зерттеуден кейін, жыныстық қатынастан кейін уақыт аралатып, қайталанып отырады, кейінірек тұрақты болады. Түсі ет жуындысы түстес,)
Ақ етеккір (көлемді, сұйық, сірлі, іріңді немесе қан аралас болады)
Іштің төменгі бөлімінің және белдің ауырсынуы (ауырсыну жатырдың бұлшықетінің түйіліп, жиырылуымен түсіндіріледі, ыдыраған ісіктің шығуы қиын болғанда немесе ішкі жатыр ернеуі немесе цервикальды өзегі өскен ісікпен обтурацияланғанда орын алады. Ісік пен лимфа түйіндер зақымдалғанда, қысылғанда және жапқыш, шонданай нервтері қабынғанда ауырсыну тұрақты болады)
Науқастың жалпы жағдайы тек асқынған сатыларда нашарлайды
15)Жатыр денесі обырының диагностикасы, емдеу принципі
Анамнез.
Жалпы қарау.
Тік ішекті-қынапты зерттеу. Дерттің бастапқы кезеңінде жатыр өзгермеуі, үлкеюі немесе кішіреюі мүмкін. Ісіктің өсуіне қарай жатыр үлкейіп, домаланған бейнеге ауысады. Жатыр денесінің рагына жатырдың консистенциясының өзгеруі тән емес, бірақ кей кезде тығыздалған бөлшектер анықталады. Жатыр былжырақ, тығыздалған, ауырсынусыз, қозғалғыштығы шектелген болуы мүмкін. Ісікті процестің жайылуына қарай жамбас қабырғаларына дейін үлпершенің инфильтрациясы пайда болады
Диагноз қоюдың қосымша әдістері
Жамбас қуысының мүшелерін ультрадыбысты зерттеу – эндометрий қатерлі ісікпен зақымдалғанда, кілегей қабаттың қалындығы 20 мм және одан артыққа өседі, сол сияқты эндометрийдің кішірейген жерлері 10 мм және одан кіші болады. Кілегейдің бейнесі анық және түзу болмайды. Ісік миометрийге өскен жағдайда эхографияның көмегімен жатырдың қабырғаларында контуры анық, бірақ түзу емес және жоғары дыбыс өткізгіштік көрсететін эхогенділігі төмен түзілімдер айқындалады. Әдістің дәлдігі – 70%.
Компьютерлік томография (КТ)
Жатыр қуысынан алынған аспиратты цитологиялық зерттеу жоғары ақпараттығымен және қарапайымдылығымен диагноз қоюда маңызды орын алады. Аспиратты Браун шприцімен немесе вакуум-аппаратпен алады. Егер материал дұрыс алынбаған болса, ісік некроздалған күйде немесе оның кішкентай көлемі алынған болса, цитологиялық зерттеудің нәтижесі бұрыс болуы мүмкін.
Гистологиялық зерттеу
Гистероскопия
Гистеросальпингография и гистероцервикография.
Радиоизотопты диагноз қою әдісі.
Ісікті процестің жайылуын диагнозын қою үшін, сол сияқты, ректороманоскопия, ирригография, цистоскопия, лимфография, кеуде қуысының рентгенографиясы, экскреторлы урография қолданылады
Жатыр денесі обырының емдеу қағидалары
Жатыр денесінің рагымен ауыратын науқастарды емдеуде 3 әдіс қолданылады:
хирургиялық,
аралас,
біріккен сәулелі терапия.
Хирургиялық ем дербес әдіс ретінде сирек қолданылады, ісікті процестің бастапқы даму сатысында (I саты) және ісік жатырдың түбінде орналасқанда қолданылады.
Аралас әдіс хирургиялық және сәулелік компоненттерді келесі варианттарда қарастырады:
операция – операциядан кейінгі сәулелендіру,
операция алдындағы сәулелендіру – радикалды операция.
Біріккен сәулелі терапия қуыс ішілік және дистанциялық гамма-терапияны қолдануды ұсынады.
Көрсетілімдері:
эндометрий рагының I, II, III, IV сатылары,
науқастың жалпы күйіне байланысты хирургиялық және аралас емдерді жүргізуге қарсы жағдайлар,
науқастың хирургиялық емнен бас тартуы.
Эндометрий рагының сатыға байланысты емдеу кестесі
I және II сатылар – аралас әдіс:
хирургиялық – сырқаттанудың I сатысында, ісікті процесс жатырдың үстіңгі бөлігінде орналасқанда және ісік жоғары дифференциацияланғанда, жатыдың қосалқылармен экстирпациясы орындалады. Ісіктің I сатысында және төмен дифференциацияланғанда, жатырдың қосалқылармен кеңейтілген экстирпациясы және лимфа түйіндерді алып тастау (лимфаденэктомия) модификациясы жүргізіледі. II саты – Я.В. Бохман модификациясы бойынша жатырдың қосалқылармен кеңейтілген эксирпациясы орындалады,
операциядан кейін біріккен сәулелік терапия – дистанциялық (сыртқы) және қуысішілік (аппликатор қынаптың ішіне еңгізіледі).
III и IV саты – біріккен сәулелік терапия:
дистанциялық (сыртқы) және қуыс ішілік (аппликатор жатыр қуысына кіргізіледі).
Гормондытерапия. ГТ дербес әдіс ретінде эндометрийдің атипиялық гиперплазиясын емдеуге қолданылады. Комплексті емнің компоненті болып ГТ хирургиялық және сәулелік ем қолайсыз болғанда, эндометрийдің рагі өкпеге және сүйекке метастазданғанда пайдаланылады. Гестагендермен емдеу, әсіресе, I патогенетикалық вариантпен дамыған ісікті, эндометрий рагінің жоғары және орташа дияфференциацияланған түрлерінде тиімді. Созылмалы әсерлі прогестагендерді ұзақ және тұрақты қолдану - ісікті жасушалардың пролиферативтік және метастаздану белсенділіктерін төмендетеді, морфологиялық және қызметтік дифференциациялануларын жоғарылатады, олардың ішінде атрофиялық және дегенеративтік өзгерістерді дамытады, кей кездерде ісікті жасушаларды жояды.
Прогестиндердің әсерін күшейту үшін антиэстроген - тамоксифен қосылады. Антиэстрогендер жасушалардың бөлінуін және ісіктің өсуің тежейді, ісікті ұлпадағы прогестеронға цитоплазматикалық рецепторларды көбейтеді, эстрадиолға рецепторларды азайтады. Тамоксифен 10 мг күніне 4 рет per os күнде 3 ай бойы, сонсоң 10 мг күніне 2 рет per os күнде 3 ай бойы қабылданады.
Химиятерапия (метатрексат, 5-фторурацил, циклофосфан т.б.) комлексті ем ретінде гестагендермен бірге эндометрий рагының асқынған түрлерінде қолданылады.
Иммундысупрессия жағдайында комплексті емге иммуномодуляторлар қосылады.
