- •9.Жатыр мойны рагының клиникасы.
- •10. Жатыр денесі рагының диагностикасы және емдеу принципі
- •11. Аналық без ісігінің этопатогенезі, қауіп қатер факторы
- •12. Сүт безінің фондық ж/е ракалды аурулары, клиникасы, емі
- •6)Жатыр денесі обырының патогенетикалық түрлері, қауіп факторлары
- •7) Аналық бездің ісік алды аурулары, клиника, диагностикасы, емі
- •8) Сүт безі обырының гистологиялық құрылымы және метастаздануы. Клиника, диагностика, емі.
- •Анамнез.
- •Жалпы қарау.
- •14)Жатыр денесі обырының клиникасы.
- •15)Жатыр денесі обырының диагностикасы, емдеу принципі
- •16) Сүт безі обырының этиопатогенезі, қауіп факторы
- •17) Жатыр мойнының фондық және обыралды аурулары
- •3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
- •19)Аналық без обырының клиникасы
- •20) Сүт безі рагының диагностикасы, емдеу принциптері
3. Жатыр мойнының ісік алды аурулары
Дисплазия – жатыр мойыны эпителийінің «қатпарлығы» бұзылған атипиясы, бірақ процеске беткейлі қабат және базалді мембрана қамтылмайды. Дисплазияның жатыр мойынының фонды дерттерінен айырмашылығы көзге байқалатын сипатты ерекшеліктері болмауы және жатыр мойынын айналармен тексергенде анықтау мүмкін емес.
Көбінесе кольпоскопиялық түрде атипиялық эпителийді айқындауға болады. Кольпоскопия гистологиялық зерттеу үшін қажетті материалды дұрыс алуға көмектеседі.
Дисплазия диагнозы цитологиялық (о/цитол. жұғым) және гистологиялық (жатыр мойынының биопсиясы) деректерінің негізінде қойылады. Дисплазия – таза морфологиялық түсінік.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктеуі бойынша жасушалардың атипия және эпителиалді қатпардың зақымдану дәрежесіне байланысты дисплазияның үш деңгейі болады:
Әлсіз дисплазия (I дәрежелі) - өзгерістер эпителиалді қатпардың 1/3 қалындығын қамтиді.
Орташа дисплазия (II дәрежелі) – эпителиалді қатпардың ½ қалындығы зақымданатын атипиялық өзгерістер.
Ауыр дисплазия (III дәрежелі) – эпителиалді қатпардың 2/3 немесе толық зақымдануы.
Қазіргі кезде бұл жағдайлар бір қатерлі процестің біртіндеп орындалатын кезеңдері екендігі анықталды (I. II. III дәрежелі дисплазия – рак алды аурулары).
Дисплазия – жатыр мойыны жалпақ эпителийінің міндетті малигнизациялану кезеңі. Дисплазияның жатыр мойынының құралды немесе құралсыз көзге байқалатын өзгерістерімен (псевдоэрозия және басқалары) анық байланысы болмайды. Бұл жағдай өзгермейтін беткейлік эпителий қабатымен сипатталатын дисплазияның морфологиялық табиғатымен түсіндіріледі. Жатыр мойынының жалпақжасушалы рагі өзгеріссіз эпителий негізінде өте сирек туындайды, себебі оның алдында заңды түрде дисплазия немесе преинвазивті рак болады. Бірақ әлсіз және қауіпті дәрежелі дисплазия тұрақсыз және де қайтуы мүмкін.
Жатыр мойыны дисплазиясын емдеу.
Жатыр мойынының дисплазиясы дербес түрде оның күрделілік дәрежесіне және науқастың жасына байланысты емделеді.
40-45 жастағы әйелдерде қабынуға қарсы жасалған емнен соң сақталатын I-II дәрежелі дисплазия ДЭК, криодеструкция немесе лазерлі вапоризациямен емделеді. I-II дәрежелі дисплазияға қосымша эктропион, жатыр мойынының деформациясы байқалатын болса жатыр мойыны конизация әдісімен (пышақты, лазерлі, электрлі) емделеді.
I-II дәрежелі дисплазияны жалпы емдеу торабының акушер-гинекологы жүргізеді. Кольпоскопиялық және цитологиялық зерттеулердің нәтижесі 3 рет теріс болса есептен шығарылады, бірақ екі жылдан бұрын шығаруға болмайды.
III дәрежелі дисплазияда жатыр мойынының аумақты және терең конизациясы жүргізіледі немесе ампутацияланады.
40-45 жастағы әйелдерде қынап күмбездерінің жазылуына, жыныстық аппараттың атрофиялық өзгерістеріне байланысты мүшесақтау операцияларын орындау қиындайды, сол себепті жатырдың экстирпациясы жүргізіледі.
III дәрежелі дисплазияны арнайланған онкологиялық стационардың онкогинекологы емдейді.
Диагностикасы.
Анамнез және гинек зерттеу
Клиникалық лаб зерттеу: қанның жалпы анализі, қанның глюкозаға, жалпы зәр, қанның биох анализі, коагулограмма
Цитологиялық зерттеу (Романовский-Гимзе, Паппенгейм, Папаниколау, флюоресцентті микроскопия)
Кольпоскопия және цервикоскопия
Гистологиялық зерттеу-жұғындв кольпоскопиялық зерттеу кезінде медткоментозды заттарды қолданбай жатыр мойнынан бөлінідіні алғаннан кейін жұғындыны алу. Жұғындыны 10% фармолин ерітіндісінде сақтайды
Цервикальды канал және қынап бөліндісін бактерологиялық және бактероскопиялық зерттеу
Гипофиздің гонадотропты гормондарын және жыныс гормондарын мөлшерін зерттеу
Кіші жамбас астауы мүшелерін УДЗ
Радиоактивті фосформен зерттеу-фосфор интенсивті жасушалы пролиферация аймағында жиналады.
