Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық алгоритмдер казакша.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆

Асқазанды зондпен жуу

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі

Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы

Сипаттамасы

Жане шприці

Көлемі 150 мл

Зондқа жалғанатын воронка

Полихлорвинильді, сыйымдылығы 1000 мл

Жуан асқазан зонды

Резеңкелі, ұзындығы 1 м

Резеңкелі түтікше-ұзартатын

Резеңкелі, 80 см

Түтікше-жалғайтын

Полихлорвинильді, ұзындығы - 20 см

Лубрикант, жылы қайнаған суы бар

Флакон көлемі 50 мл

Медициналық қолғап

Латекс

Медициналық үстел

Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған

Медициналық астау

Металлды, сыйымдылығы 300 мл

Қолданған заттарды тастауға арналған контейнер

Пластмассалы, стандартты, сыйымдылығы 3 литр

Жуынды суды төгуге арналған шара немесе шелек

Металлды, сыйымдылығы 10 л

Медициналық пинцет

Металлды стандартты

Медициналық салфеткалар

Маталы, көлемі 50х50 см

Кір сабын

50 грамм

Орамал

70х40 см,

Қолды сүтруге арналған салфеткалар

40х40 см

Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска

Көпқабатты дәкелі

Алжапқыш

Клеенкалы

Зондты сүртуге арналған орамал немесе салфетка

Шыт мата, ұзындығы 70 см

Дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс

Металлды, сыйымдылығы 10 л

Асқазанды жуу алгоритмі

  1. Науқаспен сенімді қатынас орнатып, емшараның мақсатын түсіндіру, асқазанды жууға кері көрсеткіш жоқтығын айту, (өңеш стриктурасы, өңештен немесе асқазаннан қан кету)

  2. Емшараны орындауға пациенттің келісімін алу

  3. Пациентті орындыққа отырғызып, емшараны жүргізгенде дәрігерге көмектесуін өтіну

  4. Пациентке ауызындағы тіс протездерін алып тастауын айту

  5. Гигиеналық тәсіл бойынша кір сабынмен қолды тазалау

  6. Резеңкелі алжапқышты киіп, мейірбикеден алжапқыштың жібін байлауды өтіну

  7. Латексті қолғапты кию

  8. Қораптан жуан зондты алып шығару

  9. Пациенттің алдыңғы тісінен құлағының сырғалығына дейінгі аралықты зондқа белгі салу

  10. Құлағының сырғалығынан кіндік сақинасына дейінгі аралықты өлшеп екінші белгіні салу

  11. Пациентке алжапқыш кигізу

  12. Көмекшіден пациенттің аяғының арасына шара немесе шелек қоюды өтіну

  13. Зондтың бітеу ұшын лубрикантпен майлау

  14. Пациенттің оң жағына шығып, одан аузын ашуды өтіну

  15. Зондтың бітеу ұшынын 10 см қашықтықта оң қолға ұстап, зондтың бітеу ұшын тіл түбіріне қою, зондтың алғашқы белгісі алдыңғы тісінің деңгейінде тұру керек

  16. Зондты өңешке абайлап енгізуді бастау

  17. Пациенттен зондты енгізген сайын жұтыну қозғалысын жасап мұрын арқылы терең дем алуын сұрау

  18. Жөтел немесе шашалу байқалса дереу зондты шығарып алу керек, себебі бұл зондтың кеңірдекке түсу белгісі болуы мүмкін, қайта енгізуді науқаста тыныштандырып бірнеше минуттан кейін ғана бастау керек

  19. Зондтың ауыз қуысындағы проксимальді бөлігінің жағдайын бақылай отырып, зондты баяу жылжыту

  20. Үнемі пациенттің жағдайын бақылау

  21. Егер зондтағы екінші белгі пациенттің тісінің деңгейіне келгенде зондты 1-2 см алға қарай жылжыту

  22. Зондтың сыртқы ұшына воронканы жалғау

  23. Асқазандағы сұйықтық сыртқа шығу үшін воронканы пациенттің тізесінен төмен түсіреді

  24. Воронкаға су құю

  25. Воронкадағы су түбіне дейін түсу үшін воронканы баяу жоғары көтереді

  26. Воронканы пациенттің тізесінен төмен қарай түсіріп воронкадағы сұйықтықты шараға төгу

  27. Бұл манипуляцияны воронкадан шыққан жуынды су тазарған бірнеше рет қайталау

  28. Есте сақтау! Егер жуынды суда қан байқалса манипуляцияны дереу тоқтатып 50 мл суық суды аминокапрон қышқылы ерітіндісімен араластырып Жане шприці арқылы енгізу. Жуан зондты шығару. Қан кету тоқтамаған жағдайда пациентті хирургиялық бөлімшеге немесе интенсивті терапия бөліміне тасымалдау қажет.

  29. Асқыныстар болмаған жағдайда жуынды су тазарған соң зондты орамалмен ұстап асқазан және өңештен шығару

  30. Зонд және воронканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салу

  31. Пациентке бірнеше жұтым жылы су беріп, ауыз қуысын шаюды сұрау

  32. Пациенттің аузын таза салфеткамен сүрту

  33. Пациентті палатаға шығарып салып, физикалық және эмоциональді күш түсірмейді қамтамасыз ету

  34. Жуынды суды зерттеуге лабораторияға жіберу

  35. Жуынды суды 5% хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялау немесе құрғақ хлорлы әкті себу

  36. Дезинфекциялық ерітінділермен алжапқышты және қолданылған заттарды өңдеу

  37. Ауру тарихына және манипуляция журналына тіркеу