Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық алгоритмдер казакша.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆

Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшеу

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі

Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы

Сипаттамасы

Тонометр

Механикалық шкаласы бар, 300 мм сн.бғ. дейін градуирленген

Фонендоскоп

Стандартты

Дәкелі тампон-шариктер

Диаметрі 1,5 см

Антисептик ерітіндісі

Көлемі 50 мл флакон

Жазу үстелі

Стандартты

Кір сабын

50 грамм

Орамал

70х40 см,

Қолды сүтруге арналған салфеткалар

40х40 см

Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска

Көпқабатты дәкелі

Артериялық қысымды өлшеу алгоритмі

  1. Пациентпен сенімді қатынас орнатып бірнеше уақыттан соң оның артериялық қан қысымы (АҚҚ)өлшенетіндігін айту

  2. Науқастан жағдайын және қабылдаған емнің нәтижесі туралы сұрау

  3. Пациентті орындыққа отырғызу

  4. Қолды гигиеналық тәсілмен жуып, таза орамалмен кептіру

  5. Егер науқас тыныс алу жолдарының ауыруына шағымданса маска кию

  6. Қан қысымын өлшеуді пациент бөлмеге кіргеннен соң 15 синуттан кейін бастайды (егер гипотониялық және гипертониялық криз жағдайы болмаса)

  7. Пациенттен үстелге қолын жазып ұсынуды сұрау

  8. Шынтағының астына жастықша немесе валик қояды

  9. Пациенттің иығының айналымына сәйкес келетін манжетті таңдау

  10. Қолынан сырғымайтындай және манжет пен терісінің арасынан сұқ саусақ өтетіндей етіп манжетті пациенттің иығына орау

  11. Дәрігерге алғаш рет келген науқастан қан қысымының қандай деңгейде болатындығын сұрау

  12. Пациенттен систолалық және диастолалық қысымың қандай деңгейінде өзін жақсы сезінетітін және қан қысымын соңғы рет қашан өлшегендігі тжайлы сұрау

  13. Пациенттен өзін еркін және дене бұлшық еттерін бос ұстауын өтіну

  14. Манометрді металлды ілгіші арқылы манжетке ілу

  15. Білезік артериясынан пульсті анықтау

  16. Фонендоскоптың басын пациенттің шынтақ шұңқырының терісіне қою

  17. Шынтақ артериясынан тамыр тондарын есту

  18. Манометр шкаласындағы тілдің жағдайын анықтау, ол «0» белгісінде тұру керек

  19. Оң қолдың саусақтарымен резеңкелі баллонның бұрандысын (сағат тілі бойынша) жабу

  20. Манометрдің тілі «30 мм сн.бғ» деңгейіне жеткенше ауаны тез үрлеу

  21. Пульс және артериядағы тамыр тондары естілмегенше ауаны баяу үрлеу, стрелка қалыпты қан қысымына тиісті санда тоқтағанша қадағалау

  22. Манжеттегі ауаны баяу шығару, секундына 2-3 мм сн.бғ. асырмау

  23. Шкаладан пульс толқынының алғашқы соққысын анықтау, ол пациенттің систолалық қан қысымының деңгейіне сәйкес келеді

  24. Манжеттегі ауаны шығаруды жалғастырып манометр шкаласынан тондардың естілуі тоқтаған деңгейді белгілеу

  25. Қан қысымының деңгейін анықтаған соң манжеттегі ауаны толық шығару

  26. Қан қысымын алдымен сол қолдан, одан кейін оң қолдан өлшенеді

  27. Егер апциенттің қан қысымы жоғары болса өлшеу әр қолдан үш рет қайталанып, ең төмен көрсеткіші белгіленеді

  28. Манжетті шешіп, қан қысымының көрсеткішін пациентке айту

  29. Манометрді қабына салу

  30. Фонендоскоптың басын және оливасын сабын сумен немесе антисептик ерітіндісімен өңдеп, салфеткамен құрғату

  31. Қан қысымының көрсеткішін пациенттің картасына немесе температура парағына белгілеу