Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ассеss 2007 жұмыстық экранының құрылымы

Экранның жоғарғы жағында тіркемелерінде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған командалары бар лента орналасады.

  • К естелер режимі. Бұл тіркемеде кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар.(6-сур).

6-сурет.Бұл тіркемеде кестелермен жұмыс істеуге арналғанкомандалар бар

  • Бастысы. Бұл жерде кестелерді іздеуді, сүзгілеуді, сорттауды, жазбалармен жұмыс істеуді, сол сияқты мәліметтерді көрсетуді таңдауды, алмастыру буферімен және шрифтің параметрлерін қою операцияларын жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі командалар "тіркелген (7-сурет).

7 -сурет.Бұд тіркемеде Ассеss 2007 "негізгі " командалары орналасқан

  • Қ ұру. Атауына байланысты, бұл тіркемеде мәліметтер қорының негізгі құрылымдық элементтерін – кестелер, формалар, есептер және сұраныстар, құруды қамтамасыз ететін командалар орналасады. Нақтысында, дәл осы тіркеме мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құру ісінде анықтауыштық рөл атқарады.(8-сурет).

8-сурет. Бұл тіркемедегі командалар мәліметтер қорының негізгі компаненттерін құруды қамтамасыз етеді.

  • Сыртқы мәліметтер. Бұл тіркемедегі командалар, мәліметтерді импорттау-экспорттауды ұйымдастыруды, сол сияқты мәліметтерді жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді (9-сурет).

9-сурет. Бұл жерде сыртқы мәліметтермен алмастыруды ұйымдастыруға арналаған командалар орналасқан.

М әліметтер қорымен жұмыс. Бұл тіркемеде орналасқан командалар құрылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді, яғни макростарға енуді, мәліметтер қорының әртүрлі элементтерін бейнелеу-жабуды, мәліметтердің орын ауыстыруын, сол сияқты мәліметтер қорын қолдаудың басқа да операцияларын қолдауды қамтамасыз етеді (10-сурет).

10-сурет. Бұл тіркемедегі командалар құрылып қойылған мәліметтер қорын қолдауды қамтамасыз етеді.

Жұмыстық экранның төменгі оң жақ бұрышында көру режимінің түймелері орналасқан. Алғашқы ретінде кесте режимі таңдалынған, алайда сіз конструктор режиміне ауыса аласыз.

Жұмыстық экранның сол жақ бөлігінде Ассеss 2007 нұсқасында пайда болған «Ауысу облысы» орналасқан, сондықтан оны нақтырақ қарастыру қажет.

А уысу облысы

11-сурет. Қазірше ауысу облысы құрылған

кестелерді бейнелейді.

Бұл облыс (11-суретті қараңыз) мәліметтер қоры терезесін (Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларындағы) алмастыра алады, оны сол сияқты түймелер формаларымен (қарапайым тапсырмаларды орындауға арналған экрандар, мысалға, есептерді жіберу немесе мәліметтер қорын жабу үшін ) бірге пайдалануға болады.

Тек осы облыста ғана мәліметтер қорының обьектілерін (кестелер, есептер, формалар және т.б.) орындауға жіберу және оларды ары қарай басқару орындалады.. Мысалға, есеп ауысу облысынан жіберіледі. Егер есептің құрылымын өзгерту қажет болса, оны конструктор режимінде ауысу облысынан ашуға болады.

Тұтынушы Ассеss 2007 де жаңа немесе бұрыннан бар мәліметтер қорын ашқан мезеттен бастап, бұл мәліметтер қорының объектлері (кестелер, формалар, есептер, сұраныстар, макростар және басқалар) ауысу облысында бейнеленеді (11-сурет).

Келісім бойынша ауысу облысы Ассеss 2007-де мәліметтер қорын ашу кезінде бейнеленеді, ол Microsoft Ассеss-тің өте ертеректегі нұсқаларында қолданылған мәліметтер қоры терезесін алмастырады. Егер Ассеss –тің бұрынғы нұсқаларында белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін мәліметтер қорының терезесі қажет болса, жаңа нұсқасында ауысу облысы қолданылады. Мысалға, есеп жасау қажет болса немесе мәліметтерді тікелей жаңа жолға енгізу керек болса, ауысу облысынан кестені ашу қажет.

Ассеss-тің жаңа нұсқасында ауысу облысын тек қана стандартты тапсырмаларды орындау үшін пайдаланып қоймай, Microsoft Office Exsel 2007 немесе Microsoft Windows SharePoint Services 3.0 қызметінен мәліметтерді импорттау үшін, немесе осы тіркемелерге экспорттау үшін пайдалануға болады.

Ауысу облысының ертеректе қолданылған түймелік формалардан біршама артықшылықтары бар. Ертеректе қолданылған формаларды білуімен. Мысалға, мәліметтер қорының обьектлерін басқаруға ( көшірмелеуге, жоюға, олардың құрылымын өзгертуге және т.б.) болады, бұл түймелік формалардың көмегімен мүмкін емес еді. Бұдан басқа, басқа терезелермен жабылып қалатын түймелік формалардан ауысу облысының ерекшелігі ол әрқашанда көрінетін болып қалады.

Егер мәліметтер қорының барлық обьектлерін қарау қажет болмаса, ал түймелік форманы құру міндетті емес болса, мәліметтер қоры обьектілерінің қолданылатын категориялары мен топтарын құруға және ауысу облысында тек осы категориялар мен топтарды бейнелеуге болады. Айталық, тұтынушы жұма сайын таңертең үш есептен тұратын жиынтықты жіберсін. Бұл есептерді мәліметтер қорының обьектлері тізімінен іздемеу үшін, ауысу облысында арнайы категорияны құруға және қажетті есептер үшін оған жарлықтар тобын енггізуге болады.

Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында құрылған түймелік формаларды Ассеss 2007-де ашуға және жіберуге болады, бірақ олардың түрі өзгеруі мүмкін. Мысалға, Ассеss-тің бұрынғы нұсқаларында мәліметтер қорының терезелерін бейнелеу үшін көптеген түймелік формалар түйме түрінде немесе басқа да басқару элементі түрінде берілді. Ассеss 2007-дегі бұл басқару элементін шерту кезінде тышқанның нұсқаушысы ауысу облысына ығысады, себебі ол мәліметтер қоры терезесін алмастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]