- •8 Дәріс. Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары. Мқ функциялары. Ms access мқбж қолдану және оның негізгі түсініктері.
- •Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж)
- •Microsoft Access тұтасымен
- •Access 2007-дегі кейбір артықшылықтар жаңа форматты пайдалануды қажет етеді.
- •Қарапайым мәліметтер қоры
- •Жедел старт
- •Ассеss 2007 жұмыстық экранының құрылымы
- •Ассеss 2007 файлдарымен жұмыс істеу
- •Кестелер параметрлері
- •Обьектлер конструкторлары
- •Ағымдағы мәліметтер қоры
Ағымдағы мәліметтер қоры
Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдаңыз: Office – Access параметрлері – Ағымдағы мәліметтер қоры түймешесі.
Ассеss параметрлері диалогтық терезесінің Ағымдағы мәліметтер қоры бөлімінде (16-суретті қараңыз) құрылған мәліметтер қорының параметрлері анықталады. Осы диалогтық терезенің параметрлеріне нақтырақ тоқталайық .
Қосымшалар параметрлері тобы. Бұл топтағы параметрлер жиыны Microsoft Оfficе Ассеss 2007-де қайтадан жасалынған қосымшалардың "тюнингін" қамтамасыз етеді: тақырып пен қосымша белгісін, құжат терезесі параметрлерін, суреттерді сақтау форматын, сол сияқты басқа да параметрлерді анықтау.
Ауысу тобы. Бұл жерде жоғарыда сипатталған ауысу облыстарының параметрлері анықталады. Ауысу облысы жалаушасы (үнсіз келісім бойынша қойылған) Ассеss жұмыстық терезесінде ауысу облысынң бейнеленуін қамтамасыз етеді. Ауысу параметрлері түймесін шерткеннен кейін Ауысу параметрлері диалогтық терезесі пайда болады (16-сурет), мұнда осы облыста бейнеленген обьектлер құрамын, сол сияқты олармен жұмыс істеу тәсілдерін баптауға болады. Егер сіздің Ассеss 2007-мен жұмыс істеу тәжірибеңіз аз болса, барлығын да бұрынғыша қалдыру жеткілікті.
Таспалар және саймандар тақтасы параметрлері тобы. Бұл топтың атауынан көрінгеніндей, мұнда Ассеss 2007-нің таспалар мен саймандар тақтасының параметрлері анықталады.
Атауларды автоауыстыру параметрлері тобы. Бұл топтағы командалар атауларды автоауыстыру үрдісінде қолданылатын тәсілдерді анықтайды.
М
әліметтер
қорына арналған автосүзгілеу параметрлері
тобы. Бұл
топтың құрамына кіретін командалар
мәліметтер қорында қолданылатын
автосүзгі параметрлерін анықтайды.
16-сурет. Бұл терезеде құрылған мәліметтер қорының параметрлері тұтасымен анықталады
17-сурет. Өзіңіздің "басқару пультіңіздің" негізгі параметрлерін анықтаңыз
Кестелер параметрлері
Асcess параметрлері диалогтық терезесінің бұл бөлімінде (18-сурет) Ассеss 2007-де құрылған кестелердің сыртқы түрлері бапталады.
18-сурет. Бұл терезеде Ассess 2007-де құрылған кестелер параметрлері анықталады
Ал енді бұл диалогтық терезедегі параметрлерді қарастыруға толығырақ тоқталайық.
Үнсіз келісім бойынша түс тобы. Бұл топтағы командалар үнсіз келісім бойынша берілген кестелердің жеке элементтерінің түсін анықтайды.
Торлар мен ұяшықтар эффектлері тобы. Берілген топтың командалары тор сызықтарын жасыруды бейнелеуге, үнсіз келісім бойынша берілген бағандар енін өзгертуге, сол сияқты кестелер ұяшықтарын көрсету кезінде әртүрлі эффектлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Үнсіз келісім бойынша шрифт тобы. Бұл топтың командалары құрылған кестелерді безендіру үшін қолданылатын шрифтердің өлшемін, түсі, сол сияқты қасиетін анықтауға мүмкіндік береді.
Обьектлер конструкторлары
Ассеss параметрлері диалогтық терезесінің бұл бөлімінде (18-сурет) Асcеss –тің обьектлер конструкторларының негізгі параметрлері анықталады.
Ал енді бұл диалогтық терезедегі параметрлерді қарастыруға толығырақ тоқталайық.
Кестелер конструкторы тобы. Бұл топтың құрамына кіретін командалар кестелер конструкторы өрістерінің типтері мен өлшемін, сол сияқты басқа да параметрлерін анықтайды.
Сұраныстар конструкторы тобы. Сұраныстар конструкторының параметрлері бапталады.
1
8-сурет.
Мұнда19-
сурет. Access обьектілері конструкторларының
параметрлері анықталады
Формалар мен есептер тобы. Мүнда формалар мен есептердің шаблондарын, сол сияқты олардың ерекшелену тәсілдерін анықтаушы параметрлер беріледі.
Қателерді тексеру тобы. Бұл топтағы жалаушалар жиыны Ассеssтің әртүрлі обьектлерін құру, өзгерту үрдістеріндегі қателіктерді тексеруді қамтамасыз етеді. Мәндерді үнсіз келісім бойынша қалдырыңыз, осыдан кейін Ассеss қателердің барлық категорияларын "аулап алады".
