Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lekC++.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
513 Кб
Скачать
☆

1. Printf және scanf функциялары

Си тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу <stdio.h> енгізу-шығару функциялары кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақырып файлы ретінде былай жазылады:

#include <stdio.h>

Printf() функциясы мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады. Оның жалпы жазылу түрі:

printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);

(<формат тіркесі> – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат спецификациясына сәйкес түрлендіріледі, специфи-кация % символымен басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін көрсететін бір әріп жазылады. <Аргументтер тізімі> ретінде айнымалылар, константалар, өрнектер қолданылуы мүмкін.

Мысалы:

printf (“Пи санының мәні = %f\n”, pi);

Формат тіркесінде мыналар болады:

1)    мәтін ретінде шығарылатын символдар тіркесі;

2)    түрлендіру спецификациялары;

3)    басқару символдары.

2. Спецификациялардың түрлері.

Әрбір аргументке өз спецификациясы сәйкес келуі тиіс, олар:

%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,

%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,

%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан (-dddd.dddd ) жазылып шығады,

%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан (-d.dddde±dd) шығарылады,

%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е (-d.ddddE±dd) шығарылады,

%c – бір символ, яғни таңба (char) шығарылуы тиіс,

%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,

%g – нақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,

%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,

%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,

%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.

\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.

Мысалы:

%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.

%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.

Әрбір спецификация % символынан басталып, түрлендіру символымен аяқталады. Ол екеуінің ортасында мыналар тұруы мүмкін:

  • минус таңбасы, аргумент мәні сол жақ шетке ығыстырылып жазылады.

  • цифрлар, бүтін санның жалпы орналасу енін анықтайды. Сан осы енге немесе одан артық болып шығарылады. Егер аргумент ені көрсетілген еннен аз болса, онда ол бос орындармен толтырылып жазылады.

2) Scanf() енгізу функциясы жоғарыда қарастырылған түрлендіру спецификациясының көбін пайдаланады.

scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);

Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары пайдаланылады.

Мысалы:

scanf("%d%f", &x,&y);

Кейбір айырмашылықтарын атап өтейік.

%е және %f спецификациялары енгізу кезінде бірдей болып табылады;

short типті бүтін санды енгізу кезінде %h спецификациясы қолданылады.

ЕСКЕРТУ. Айнымалы адресін беру үшін адрестерді жазғанда, айнымалы адресін анықтау үшін & символы қолданылады. Ал тіркестік (жолдық) айнымалыны енгізгенде, & символы жазылмайды.

Жол енгізуден бір мысал келтірейік.

/* Жол енгізу мысалы */

main()

{

char name [15];

clrscr();

printf("\n‚Ввод имени \n");

scanf("%s",name);

printf("Автором программы является %s\n",name);

}[kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]