- •Саясаттану пәнінен емтихан сұрақтары
- •1. Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
- •2. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері
- •4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы
- •5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары
- •9. М.Вебердің саяси көзқарастары.
- •11. Саясат ұғымы, пайда болуы, саясаттың деңгейлері.
- •12. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
- •14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
- •15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.
- •1. Билік құбылысы: генезисі, мәні, анықтамалары, концепциялары, құрылымы.
- •3. Биліктің қызметтері, жіктелуі
- •17. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік.
- •18. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы.
- •19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.
- •21. Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
- •22. Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
- •23. Авторитарлы саяси тәртіп
- •24. Демокртаия теориялары мен модельдері
- •25. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •26. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
- •27. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
- •29. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет
- •32. Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері.
- •33. Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.
- •34. «Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні
- •35. Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері
- •36. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
- •37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
- •38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
- •39. Саяси жетекшілік және оның дамуындағы қазіргі тенденциялар
- •40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
- •41. Саяси жетекшілік архетиптері
- •42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
- •43. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары
- •44. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита
- •45. Саяси мәдениеттің мәні. Құрылымы мен функциялары
- •46. Саяси мәдениеттің типологиясы
- •47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
- •48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
- •49. Саяси шиеленіс түсінігі
- •50. Саяси шиеленіс типологиясы
- •51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
- •52. Саяси процесс түсінігі
- •53. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
- •54. Саяси даму және модернизация
- •55. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
- •56. Саяси модернизация түсінігі мен мәні
- •57. Саяси модернизация теориялары мен модельдері
- •58. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы
- •59. Тоталитаризмнан демократияға көшу.
- •60. Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі
- •61. Сайлау жүйелерінің типтері
- •62. Сайлау технологиялары
- •63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •64. Қоғамды саяси басқару түсінігі
- •67. Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі
- •69. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
- •70. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
- •71. Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары
- •72. Әлемдік саясаттағы жаһандық проблемалар
- •73. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация
- •74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету
- •75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар
- •76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
- •77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
- •78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану
- •79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
- •80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
- •81. Қр ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
- •82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
- •83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
- •84. Әлемдік қауымдастықтағы қр
- •85. Саяси әлеуметтену агенттері
- •86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
- •87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель
- •88. Этникалық жанжалдар
- •89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау
- •90. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы
Саясаттағы субъект және объект — саясат субъектілері — іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
Саясаттағы субъективизм — табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе, басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды
5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.
Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер. 2.Қорғаушылар. 3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.
Аристотель б.з.б. 384-322 ж.ж Саясаттануға қатысты “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа , молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша , мемлекет –қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік. 2.Аристократия. 3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
6. Ортағасырлардағы саяси ілімдер (А. Аврелий, Ф. Аквинский).
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалыктың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты —"ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс болған соң пайғамбардың орынбасарлары —халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсуйек-сұлтандарға ауысты.
7. Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н. Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо).
XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс —реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан карады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ peт қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық —заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төнкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712—1778) ұсак, буржуазияның, шаруалардың мүлдесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатға ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халык билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
8. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты.
Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатын-дар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» .
Әл-Фараби қаланы билеудiң алқалық түрiн де жоққа шығармайды. Билiктiң бұл түрi туралы ол былай деп жазады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамдардың арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».
Әл-Фараби қоғамды мемлекеттен бөлiп қарамайды. Қоғамның өзi адамның ағзасы сияқты «Қайырымды қала» дене мүшелерiнiң бәрi де тiршiлiк иесiнiң өмiрiн сақтау, оны анағұрлым толыққанды ету үшiн бiр-бiрiн толықтырып тұратын адамның сау тәнi секiлдi көрiнедi. Өйткенi, қоғам да оның толыққанды мүшелерiнен тұрады және олар да бiр-бiрiн қажетсiнедi. Адамдардың әлеуметтiк теңсiздiгi туралы айтқан әл-Фараби «адамдардың әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман әрекеттер де әуел бастан жаратылысынан дарымайды» олар адамдардың бiр-бiрiне деген үстемдiк құруға ұмтылысынан пайда болған деген ой түйедi.
«Қайырымды қала» трактатында әл-Фараби әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еркiндiктi орнықтыратын — iзгiлiктi қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбiр адам екiншi адамның өмiр сүруiне қажеттi үлесiн беретiн, бiр-бiрiне көмектесетiн адамдарды бiрiктiру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесiне ие болатын» қоғам түрiнде елестетедi. Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын мемлекеттiк қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгiнгi күнi де мемлекеттiң iшкi саясатындағы басты мiндеттердiң бiрiнен саналады. Осындай «жетiлдiрiлген қоғамда, әл-Фарабидiң айтуынша бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмiрлiк қажетiне айналады» . Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екi қасиетi бар ақылды, бiлiмдi, сабырлы, рухани билiктi iзгiлiктi билiкпен ұштастыратын, адам қасиеттерiн бағалауға қабiлеттi адам басқаруы керек дейдi.
Әрбiр отбасын қоғамның кiшкене бөлшегi ретiнде қарастырған әл-Фараби оның өзiнiң жеке мақсаты болады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа қызмет етуi тиiс, яғни адамдар өзiнiң жеке мүдделерiн қоғам мүдделерiне бағындыруы керек дегендi айтады. «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөзiнде» ол отбасы мүшелерiн (Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. Олар ерi мен әйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата-ана мен балалары, мүлкi және оның иелерi. Үйдiң өзiне тән мақсатын қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа жұмылдыруын әл-Фараби адамдардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң көрiнiсi деп есептейдi. Ал адамдардың көздеген мақсаттарына жетуi оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, iзгiлiкке, игiлiкке тек адам ғана қабiлеттi, бұл адамның қолы жете алатын ең биiк бағыт деп ой қозғайды ұлы ойшыл.
Қайырымды қаланың орнығуында әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерiн талап етпейдi, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрiнде мұндай қала билеушiлерi моральдық-этикалық қалыпқа сай болып келедi, олардың ешқайсысының исламға тiкелей қатысы жоқ. Бiрақ Араб халифаты заманында өмiр сүрген әл-Фараби өзiнiң зерттеулерiнiң тақырыптық шеңберiнде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, дiни догматикасымен бiр қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезiнген ол бұл бағытта түбiрлi бетбұрыс жасамайды.
Грек философиясын мұсылман құқығы, дiнi және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпы iлiм жасауға талпыну бұл iлiмнiң дiни-мұсылмандық сипатын бiлдiрмейдi. Әл-Фараби саясат туралы iлiмдi мұсылман құқығымен, догматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық бастауы туралы ұқсастығын емес, бұл iлiмдердiң адам iс-әрекетi мен мiнез-құлқындағы әртүрлi жақтарға тигiзген әсерiнiң мәнiн атап көрсетедi. Әл-Фарабидiң саясат туралы айтқан құнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерiнде саяси-құқықтық iлiмнiң одан кейiнгi дамуына өз ықпалын тигiзе алды. Оның саяси-құқықтық идеялары орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерiнде көрiнiс тапты.
