Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SAYaSATTANU_P_1240_NINEN_EMTIKhAN_S_1200_RA_117...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
498 Кб
Скачать
☆

62. Сайлау технологиялары

Сайлау технологиялары -бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ояту мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез- құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпкерлер қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларының қатарында бірінші қадам - сайлау алдындағы жағдайды талдау.  Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдар арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтері, тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау, бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.

63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Сайлау жалпыға бірдей,тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-ҚР 18 жасқа толған азаматтарының тегіне,әлеуметтік,лауазымдық,мүліктік жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне,нанымына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатыса алады.Бәсең сайлау құқығы – Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент,Парламент,Мәслихаттың депутаты немесе жергілікті озін өзі басқару орган-ның мүшесі болып сайлану құқығы.Сенат 47(7 през),Мәжіліс 67.

64. Қоғамды саяси басқару түсінігі

Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп,жөнге келтірудің бірнеше түрі бар.Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара,бір билеушінің қолында болып,ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі тұтас формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламетпен шектеледі.Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын түр.Республика президенттік,парламенттік,аралас болып бөл.Парламеттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады.Араласта президенттік те,Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. 65. Саяси технологиялар, олардың саясаттағы рөлі мен түрлері

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг. Саяси технологияларды өңдеу мен пайдалаудағы процестің негізгі маңызы рационализация және оптимизация (құрастыру мағынасында) берілген тапсырмаларды орындау аясында субъектінің мақсатқа бағытталған қызметі. Соңында, саяси технологиялар субъектінің саяси өзгерістері аумағында бақылау және басқару жоспары мүмкіндігін кеңейтеді. 66. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі

Ақпараттық технология  — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныСаяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері..Интернет коммуникаңиясында нәсілдік, жастық, жыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]