Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать
☆

Жалпы онкологиялық мәселелері

Мақсат – ісіктің пайда болу себептерімен даму механизмдерін, асқыну жолдарын және анықтаумен емдеу әдістерін таныстыру. Қазақстанда онкологиялық көмек қалай ұйымдастырылған? Қатерлі ісіктен не себептен өлім-жітім көрсеткіші жоғары? Осыларға тоқталу.

Қатерлі ісіктен сақтану және ерте анықтау әдістерін үйрену, сөйтіп оларды дағдылыққа айналдыру.

Онкологиялық аурулар бүкіл жер шары бойынша ең маңызды мәселе болып отыр. Егер оның өсу қарқыны осы қалыпта тұрса, онда 30 жыл ішінде, 1985-2015 жылдар аралығында жер шары бойынша ауру адамдар саны 4,8 ден 7,5 миллиардқа шейін өспек, әсіресе, тек дамып келе жатқан мемлекеттерде бұл құбылыс қалыптасады деген болжам бар. Аурудың үлесі 45 жастан асқандарда жиі байқалып, 55 тен асқандардың 75,0% қамтиды. Бүкілдүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұжымының болжамы бойынша 1999-2020 жылдар аралығында жер шары бойынша онкологиялық аурулардан аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері екі есе өсіп, жыл сайын 10 млн-нан 20 млн-ға шейін жаңа аурулар анықталып, олардың 6-12 млн-дайы өліп отыруы мүмкін. Қазір емхана мен ауруханаларды жаңа техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етудің нәтижелерінде онкологиялық аурулардың ерте өсу сатысын пәрменді анықтауға мүмкіншілік туып отыр. Қазақстанда соңғы елу жыл ішінде ісіктің ерте өсу сатысында анықтау үлесі өсуде, бұрын 20-30,0% аспаса, қазір ол республика бойынша 47,3% жетті, ал сыртқы мүшелердегі ракта: теріде - 96,5%, ерінде -88,6%, қалқанша безінде - 75,4% және сүт безінде -71,1% құрап отыр.

Онкологиялық ауруларға қарсы күрес табысты жүруі үшін жоғары дәрежелі мамандармен, қуатты техникалық базалар және өте тиімді диагностикалық, емдік, сақтандыру бағдарламалармен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан жоғары санатты маман-дәрігерлер Университет қабырғасында дайындалатындықтан, оларды осы дәрежеге жеткізу үшін мемлекеттік тілде жазылған сапалы оқулықтар қажет.

Онкологиялық деонтология

Деонтология (грекше deon– парыз, ал logos –ілім, таным), оның жалпы қазақша мағынасы парызтану, яғни медицина қызметкерлерінің мінез-құлқын зерттейтін ғылым.

Жалпы медициналық парызтану – ол медицина қызметкерлерінің науқасқа, оның туыстарына ең жоғарғы дәрежеде және пәрменді сауықтыру мақсатында жүргізілетін белгілі бір ережелердің біріккен тұғырнамасы.

Онкологиялық деонтология жалпы медицинаға қарасты медициналық этиканың бір саласы. Медициналық этика деп, медицина қызметкерлерінің қарым-қатынастарын, дәрігер мен аурудың және оның туған-туыстарымен өзара байланысын, заң топтамалары арқылы дәрігердің қызметін қорғайтын медициналық заңдылықты айтады.

Деонтологияның негізгі шарты ерекшелігі, – ол ауыр жағдайда жапа шегіп, жазылмайтын дертпен ауырып жатқан, кез келген науқас адамға, жалпы медициналық қызметкерлерден, әсіресе дәрігерден, дұрыс психологиялық қарым-қатынаста жұмыс істеу керектігін және олардың барлық ішкі жан дүниесімен өте жоғарғы моральдық сезімді қатынаста болуын талап етеді.

Онкологиялық парызтану - бұл жалпы медициналық, оның ішінде хирургиялық парыз танудың жалғасы, оның басты мақсаты науқасқа хирургиялық емді, операция алдында, одан соңғы кезеңдегі психикалық қобалжуларды жақсарту болып саналады. Хирургиялық парыз танудың негізін Н.Н. Петров қалыптастырып кеткен, оны одан әрі онкологиялық деонтологияға ұластырған академик онколог Н.Н. Блохин: