Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Залалсыздандырылған қолғапты кию

Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып

табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико- диагностикалық, бактериологиялык зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін ашыңыз.

3.Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз

қолғаптың қайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты

киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз,

киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына

бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты

киіңіз.

10.Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші

және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптың бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.

Қолғапты шешу

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып

қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып

қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған

контейнерге салыңыз.

Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп

рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.

5% Гипохлорид кальций негізгі (маточный) ерітіндісін даярлау

Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін колданылады.

Қажеттілерді дайындау: 0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киініз.

2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атың көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.

Ескерту:

- ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастың қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сақталады;

- негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.

Гнпохлорит кальцнйдің жұмысшы ерітінділерін даярлау

Жұмысшы

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет

Ерітінділердегі

компоненттердің мөлшері

Гипохлорит

10 л-

ге

1 л-ге

кальцнйдің қоюлық

Негізгі 5%

Судың

Негізгі 5%

Судыц

дәрежесі (%)

ерітінді (л)

мөлшері (Л)

ерітінді (мл)

мөлшері

(мл)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]