Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
standart_MIN.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Өкпе жүрек реанимациясы өлім жағдайдағы медбикенің іс-әрекет алгоритмі

Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.

Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады - бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Жанталасу басындағы жағдай (симптомдар жиынтығы):

- мәңгіру;

- есі шатасқан;

- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

- шеткері артериальды тамыр соғудың толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;

- тыныс алуы жиі, үстірт;

- ентігу (тахипноэ - тыныс алуы жиі);

- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс - бұл жанталасу басындағы жағдайдан жанталасу жағдайына көшетін жағдай. Соңгы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңғы өлім жағдайындағы үзілістің ұзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Жанталасу жағдайы - тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакциясының және реактивті соңғы көріністерінің жиынтығы. Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

- тыныс алудың бұзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқаяды, ауаны жұтқандай болады (гаспинг);

- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашығы кеңейген;

- жүректің жиырылуы жиіленеді;

- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады және ірі артериялары кенеттен әлсірейді;

- жалпы тонустық құрысу;

ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын

алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ қақпағы бар банканы, қауіпсіз жоюга арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

3. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егерде олар болса).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

11 . Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге

салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]