Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек. кеш.Таам ндірістеріні.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

2.Өндірісті ұйымдастыру тәсілдері мен нысандары

Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.

Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:

  • көпшiлiк /потокты/;

  • сериялық /группалық/;

  • жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.

Өндiрiстi ұйымдастырудың ағындық әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.

Өндiрiстi ұйымдастырудың сериялы әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.

Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.

Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:

  • мамандандыру /специализация/;

  • бiрлестiру /кооперация/;

  • қиыстыру/комбинирлеу/;

  • шоғырландыру /концентрация/.

Мамандандыру формасы кәсiпорын артынан өнiмнiң белгiлi бiр түрiн, номенклатурасын бекiту, яғни өнiмнiң белгiлi бiр түрiне мамандандыру.

Кәсiпорындардың мамандандырылуы олардың өндiрiстерiн бiрлестiру қажет етедi, яғни өнiмнiң белгiлi түрiн өндiру, шығару бағытында бiрлесе /бiрiгiп/ жұмыс iстеу.

Кәсiпорындардың мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi өндiрiс iшiнде, яғни цех, учаскi, жұмыс орындарында еңбек бөлiнуiмен /мамандандырылуымен/ толықтырылады.

Өнеркәсiпте келесiдей мамандандыру түрлерi бар:

  • технологиялық – дайын өнiмнiң жеке түрлерiн атқару;

  • заттық - дайын өнiмнiң жеке түрлерiн шығару;

  • бөлшектiк – жеке бөлшектердi дайындау;

Өндiрiс ұйымдастырудың негiзгi формаларының бiрi – қиыстыру.

Ұйымдастырудың бұл формасында бiр-бiрiне көмекшi роль ойнайтын салалар бiр кәсiпорында бiрiгедi. Шикiзат /мұнай/ мұнай өндеу зауытта немесе мұнай химиялық зауытта, әртүрлi сатыда бiрiнен соң бiрi, яғни кезекпен өнделедi.

Ұйымдастырудың тағы бiр формасы – шоғырландыру. Бұл ұйымдастырудың формасы өнiм өндiрiсiн неғурлым iрi кәсiпорындарында топтаумен мiнезделедi.

Шоғырландырудың артықшылығы:

  • орнатылған қуаттын бiр өлшемiнiң азаюы;

  • күрделi қаржылар үлесiнiң қысқаруы;

  • құрал-жабдықты пайдаланудың жақсаруы;

  • өндiрудiң технологиясын ұйымдастыруды жетiлдiру;

  • материалдарды, шикiзатты және отынды тиiмдi пайдалануы;

  • өндiрiстi басқаруға және оған қызмет етуге байланысты шығындар-дың қысқартылуы;

  • ұжымның әлеуметтiк даму мәселелерiн табысты шешудiң мүмкiндiгi.

Дәріс 4. Еңбек ақыны ұйымдастыру

1. Еңбек ақы және оның түрлері

2. Тарифтік жүйе

3.Тарифсіздік жүйесі

1.Еңбек ақы құрылымы 3 бөліктен тұрады:

  1. Жалпы жалақы;

  2. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын нақты аударымдар;

  3. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын шартты аударымдар.

Еңбек ақысың ұйымдастырудың принциптерi:

  • әрбiр жұмыскердiң еңбек шығының мөлшерiн дәл есептеуiн қамта-масыз ету;

  • өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру;

  • еңбек өнiмдiлiгiнiң еңбек ақысымен салыстырғанда озық өсуiн қамтамасыз ету;

  • жоғарғы мамандықтың, күрделi еңбектiң өтеуi, жәй, шала маманданған еңбекке қарағанда, жоғары болуы қажет;

  • жұмыскерлердiң түрлi топтағы және категориялардағы жұмыс ақысының деңгейiн бөлудi және реттеудi мемлекет жүргiзедi.

Кесімді еңбек ақы – шығарылған өнімнің есебі бойынша анықталады. Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уақытқа байланысты мөлшерлеу, тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады. Табыс мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = КБ * ӨМ, (1)

мұндағы: ЕА – еңбек ақы;

КБ – өнім бірлігінің кесімді бағаламасы;

ӨМ – дайындалған өнімнің мөлшері.

Еңбек ақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:тікелей кесімді;кесімді-сыйлықақы;үдемелі кесімді;жанама кесімді;акакордтық.

Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы өндірілген өнімнің бірлігіне қарай төленеді.

Кесімді сыйлықақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала беллгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағанын және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді. Бұл кезде мына формула қолданылады:

ЕА = P*Q(1+(p+k*n)/100) (2)

мұндағы: ЕА – еңбек ақы;

P - әрбір өнімнің кесісді бағасы;

Q - шығарылған өнім көлемі;

р - белгіленген көрсеткіштерді орындағаны және сыйақылау шарты үшін сыйақының тарифтік ставкаға проценттік көлемі;

k - әрбір белгіленген көрсеткіштің процентіне мөлшерден асыра орындағаны үшін сыйақы;

n - белгіленген көрсеткіштерді мөлшерден асыра орындау проценті.

Үдемелі кесімді еңбек ақы төлеу жүйесі мөлшерді орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал мөлшерден тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды.

Еңбек ақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әрбір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады..

Жанама кесімді еңбек ақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады.

Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз.

Еңбек ақының мерзімдік және кесімді нысандары тәжірибеде әр түрлі жүйелер түрінде қолданылады.

Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді. Мерзімдік еңбек ақы жүйесінде еңбек өнімділігі аз болғанда, уақыт бойынша ақы қолдану жағдайында кәсіпорын шығындардың өсуіне тәуекелді.

Еңбек ақы мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = ТС + ПУ, (3)

мұндағы : ЕА – еңбек ақы;

ТС – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктеген тарифтік мөлшерлемесе;

ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.

Қазіргі кезде еңбек ақының мерзімдік-сыйлық және жай мерзімдік жүйелері кең тараған.

  • Еңбек ақы төлеудің жай мерзімдік жүйесінде жұмысшының еңбек ақысы оған белгіленген тарифтік ставка және жұмыс атқарған уақыты бойынша кесімді ақы (оклад) арқылы келесі формуламен есептеледі:

ЕА = m*T, (4)

мұндағы: m – жұмысшының сағаттық (күндік) тарифтік ставкасы, тг.

T – жұмыс уақыты, сағат (күн)

Бұл жүйеде жұмыс уақыты бойынша ақы есептеуде – сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар белгіленеді, яғни еңбек ақы есептеуде – сағаттық, күндік ставкалары жұмыс істеген сағат немесе күн санына көбейту арқылы анықталады. Егер жұмыскер айдың бүкіл жұмыс күндерінде жұмыс атқарса, оның айлық жалақысы толықтай есептеледі, ал толық болмаған кезде болған жұмыс сағаттарына ғана есептеледі.

  • Мерзімдік-сыйлық жүйесі кезінде белгіленген көрсеткіштерді асыра орындағаны үшін сыйлықтың мөлшері тарифтік ставкаға пайыз түрінде тағайындалады. Сыйлық берудің шарты ретінде өнім ақаусыз дайындалуы керек, материалдардың, аспаптардың үнемділігі болуы қажет.

ЕА = m*T (1+(p+k*n)/100), (5)

2. Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

  • еңбек ақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы қарым-қатынастарын көрсететін тарифтік тор;

  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядын анықтауға болатын тарифтік-біліктілік анықтамалар кіреді.

Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай), біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек мөлшерлемесін (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбек ақысының белгіленген мөлшері. Тарифтік ставка – тарифтік жүйе құралатын басты элементтердің бірі болып саналады. Ол жұмыскердің еңбек ақы көлемін уақыт бірлігімен есепке алған соң сағаттық, күндік, айлық деп бөлінеді.Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициентердің арақатынас мәкілі..

3. Еңбек ақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбек ақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбек ақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.

Еңбек ақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбек ақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік мөлшерлеме немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықтаймыз.

Тарифсіз жүйенің негізі – жұмыскерлердің өнім шығаруға қатысушылығын көрсететін біліктілік деңгейі болып табылады. Біліктілік деңгейі былай анықталады:

Бд = Eан/Еамин, (6)

мұндағы: Бд – біліктілік деңгейі; Еан – нақты еңбек ақы; Еамин – кәсіпорындағы еңбек ақының минималды деңгейі.

Дәріс 5. Негізгі капиталды басқару және оның өндірістегі ролі

1. Негізгі капиталдың мәні және оның құрлымы.

2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері

3. Амортизациялық аударым түсінігі.

1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп - кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.

Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының, көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары жатады.

Өндірістік емес негізгі қорларға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар жатады.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі - өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, аммартизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.

Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы қалпына келуін айтады.

Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын айтады.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына байланысты бірнеше түрі болады:

1. Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы;

2. Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның жиынтығы:

3. Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру; Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық жағдайлары;

Негізгі қорлардың қолдану көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  1. Негізгі қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

  2. Негізгі қорлардың жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

  3. Негізгі қорлардың интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффиценті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды толық пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді.

Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

Үшінші көрсеткіші – құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту арқылы анықталады және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарымы есептеледі.

Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Ққ = ЖӨҚ/НӨҚ

ЖӨҚ - жыл ішінде өндірілген жалпы өнім құны

НӨҚ - негізгі қордың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Қс = НӨҚ/ЖӨҚ

Өндірістің негізгі қор көлемі және олардың қолдану дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге барынша жоғарғы қабілеттілігі.

3. Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру аммартизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.

Аммартизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қорлар құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақша қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қордың толық және жартылай қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Амортизацияның ақшалай сипаты

амортизациялық аударым деп аталады.

Аммартизациялық аударылым негізгі қордың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.

Нарықтық қатынастар жағдайында аммартизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі әсерін тигізеді.

Бірінші жағынан аммартизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді. Осыған орай өнімнің бәсекеге деген жарамдылығы төмендейді, алатын пайданың мөлшері де азайяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.

Екінші жағынан аммартизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады. Ал, бұл олардың ескіріп қалуына әкеліп соғады. Осының салдарынан бәсекеге жарамдылығы төмендейді.

Аммартизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын есептеп отырады. өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

Аммартизациялық айналымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқа негізгі қорлар құнының аммартизациясы мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты аммартизацияның мөлшері мына формуламен есептелінеді.

Ма = (НҚбқ- Қж / Қбқ*НҚқм)*100%

Ма – аммартизациялық аударымның мөлшері;

НҚбк – негізгі қор бастапқы құны;

Қж – жойылу құны;

НҚқм – негізгі қор қызмет мерзімі;

Негізгі қор қызмет мерзімін төмендегі факторларға сай анықтау қажет:

  1. Негізгі қор төзімділігі;

  2. Сапалық тозу;

  3. Техникамен жабдықтаудың болашаққа арналған жоспары;

  4. Жабдықтау балансы;

  5. Жаңарту және күрделі жөндеу мүмкіндігі;

Дәріс 6. Кәсіпорынның айналым капиталын ұмдастыру