Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек. кеш.Таам ндірістеріні.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать
☆

Дәріс 8 Өнім шығындарын және өнімінің өзіндік құнын басқару

1. Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері

2. Кәсіпорын өнімдердің өзіндік құны

  1. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және оны құру реті

  1. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы және оның мазмұны

  2. Өндіріс шығындарының сметасы

1. Кәсіпорын шығаратын тауарының мөлшерін нарыққа ұсынды, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауардың нарықта сатылатын бағаларына тікелей байланысты.

Шығындар – бұл кәсіпорынның өзінің өндіретін өнімін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары.

Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай үш түрге бөлінеді.

1. Өзіндік құнды құрайтын өнімдерді өндіруге және сатуға кететін шығындар.

2. Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар

3. Өндірістік, әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық, қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін шығындар.

Шығындар практикалық маңызына қарай:

1. Тұрақты шығындар

2. Ауыспалы шығындар

Тұрақты шығындар - өнім өндіру, оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды.

Тұрақты шығындарға жататындар: есепті төлемдер; негізгі қор амортизациясы; міндетті төлемдер т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл өнімді өндіру мөлшеріне, сатылуына тәуелді шығындар. Мыс: еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия. Тұрақты шығын мен ауыспалы шығын арасында елеулі айырмашылық бар. Тұрақты шығын қажет болған жағдайда өндірілмеген өнімге де төленуі тиіс. Ауыспалы шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Сонымен қатар шығындар келесідей болып ажыратылады:

1. Экономикалық

2. Бухгалтерлік

Экономикалық шығын – кәсіпорынның ресурстарын пайдаланған үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтамыз. Олар екі түрге бөлінеді. Сыртқы және ішкі.

Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері, яғни шикізат, материал, еңбекақы төлемдері және тозуды есептеу. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Ішкі шығындарға кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсететін шығын.

2. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны жұмсалған шығынның орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндрістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері болып – амортизация, жұмсалған материалдық ресурстық құны, еңбекақы саналады. Бұлардың бәрі шығынның басты сатылары. Сондай-ақ кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады, яғни өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, несиеге проценттік төлемдері, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау немесе әлеуметтік объектілерді ұстау үшін төленетін шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.

1. Өзіндік құн өнім құнының көп бөлігі болып табылады.

2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады.

3. Негізгі құнның негізінде пайданы кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорын өнімін тұтынушылардың территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі отын, электроэнергиясы және көліктік тарифтер т.б.

Экономикалық элементтердің шығындарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады.

ӨШ=ӨҚ∙Vө

ӨШ - өндіріс шығыны

ӨҚ - өзіндік құн

Vө - өнім көлемі

Кәсіпорынның табысы – олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің келуі. Табыс ұғымы жалпы мемлекетте – ұлттық табыс, кәсіпорында – жалпы табыс, таза табыс және жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы – жеке табысы болып қолданылады. Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім, тауарларды сату, қызмет көрсетуден түсетін түсім, атқарылған қызмет, мүлікті сатудан түсетін түсім, несие берілгендегі алынатын тиісті процестер проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріспен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтқанда, пайда – бұл өндіріс айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі және экономикалық көрсеткіші. Пайда: баланстық және есептік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мыналардан тұрады: -тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда. -тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда. -сатылудан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда: айыппұл, сыйлықтар және т.б.

Пайда төлемін анықтау тікелей есептеу және талдау әдістерімен жүргізіледі. Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: 1) өнім бағасы, 2) оны өндіруге кеткен шығындар

Нарықтағы өнім бағасы – сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңның әсерінен, өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы, өндірушінің не сатып алуының қалауынша болуы мүмкін емес, ол “автоматты түрде” теңеседі.

Өзіндік құн калькуляциясы – ақша қатынасында шығынның мөлшері, өнімге келетін бірлік немесе калькуляциялық беттегі жұмыстың көлемінде статьяға байланысты. Шығынның сметадан айырмашылығы – калькуляциядағы өзіндік құн шығын тобымен оның фабрикадағы орын ауыстыруы ұйымдастырушылық, құрылымдық тапсырысымен тәуелді. Мысалы: жұмысшылардың жалақысы, бөлінген жеке статьяға “ Өндіріс жұмысшылардың негізгі жалақысы ” бөлінген, ал цехтың инженер-техник жұмысшылар жалақысы “ Цех шығыны ” статьясында және фабрика – жалпы фабрика шығыны, яғни бұл шығындар жалақының қай өндірісінде шықты соған тәуелді.

Өзіндік құн калькуляциясын – калькуляциялық бетке құрастырады. Тамақ пен тігін өндірісінде ол мынадай статьялардан тұрады:

  1. Негізгі материал: а)ұн, б) май, г) қант, д) тұз, мата, ватин, поролон, е) фурнитура, ж) бөлім матасы, з) жүн құралдары, и) транспорттық-дайындық шығындар, к) өлшемді қалдықтар, төменгі сорт маталарына жеңілдік ( есептеледі ).

Қорытынды мата шығыны:

  1. Өндіру бағасы: а) негізгі өндіріс жұмысшының жалақысы, б) қосымша жалақы, в) арнайы жұмысшыларды сақтандыруды шығару, г) құралдардың сақталу шығыны, д) цехтің шығыны, е) фабрика шығыны.

Қорытынды фабриканың өзіндік құны:

  1. Өндірістен тыс шығындар.

Барлық өзіндік құн.

“ Негізгі материал ” статьясында мата, жартылай фабрикат астарында, мақта, жүн құралдары ( табиғи, жасанды жүн ), фурнитура, жіп, түйме, тесма, резина т.б. және осылардың бағасы қосылады. Сонымен қатар бөлімге мата, жеңілдікке берілген мата құны да қосылады. Шығындалған матаны көрсету үшін оны квадрат метрде көрсетеді. Матаның құны – прейскурант бағасынан 1 пог м әрбір артикульдің есептеуімен және сауда жеңілдіктері қосылып, кейін бағаға 1м² қосады. Негізгі мата түрлері ( дәке, фурнитура, жүн құралдары ) – алу бағасымен көрсетеді.Сатып алушы келісімімен дайындалу шығынынсыз.

Өлшенетін қалдықтарға: соңғы қалдық өлшемі 15 см аз, ал жүн маталарына 10 см кем емес басқа маталарға жатады. Өлшенетін қалған қалдық бағасы есептелмейді.

“ Өндіріс жұмысшының негізгі жалақысы ” статьясында – істелінген жұмысқа бөлінген ақыны, өндірілген дайын өнім ақысы, және жалақы қорына түсетін жұмыс сағатын көрсетеді.

“ Қосымша жалақы ” статьясында – қосымша алынған отпуск есептеулері көрсетіледі.

“ Құрылғылардың эксплуатациялық кезіндегі шығыны ” статьясында - өндіріс құрылғысының қаралуы, жөнделуі, вентиляциялық қондырулар шығындары, матаға кеткен шығын, жұмысшылар жалақысы, суға, электр энергиясына, ремонт т.б. кеткен шығындар кіреді.

“ Цех шығыны ” статьясында – көрсетіледі:

  1. жалақыны ( негізгі, қосымша );

  2. ғимаратқа кеткен шығын, қосымша материал;

  3. жылу, су, электр жүйесі;

  4. амортизациялық есептеулер;

  5. ғимараттық жөндеу жұмыстарына;

  6. қоршаған ортаны қорғау;

  7. транспорттық шығындар;

  8. зерттеулер мен тәжірибелер;

  9. құрылғының құрылуына кететін шығындарды көрсетеді.

Бұл шығын мөлшерін арнайы сметамен есептейді. Мысалы: құрылғының шығынына ( механиктердің жалақысы және керосин, май материалдарының құны ) кіреді.

“ Жалпы фабрика шығыны ” статьясында мынаны көрсетеді:

  1. администрациялық басқару шығындары – фабриканы басқару, командировка, жеңіл көлік құралы;

  2. жалпы өндіріс шығыны – фабрика қоймасы лаборатория, қоршаған ортаны қорғау шығыны;

  3. өндіріске жатпайтын – айыппұлдар, жоспарды орындамау, өнімнің реализациялауға жоспарламау;

  4. міндетті қорлар – налог, т.б. арнайы сметамен есептеледі;

“ Өндіріске жатпайтын шығын ” статьясында – көрсетеді:

  1. дайын өнімді жеткізу кезіндегі транспорттық шығын;

  2. зерттеу орталықтары институттары;

  3. жаңа технология енгізу жұмысшыларға;

  4. өнімді реализациялаған ұйымдарға жеңілдік;

  5. өнімді буып-түю;

  6. т.б. шығындар;

Өзіндік құн калькуляциясы: жоспарлы, есептік болады. Жоспарлы калькуляция – жеке өнімнің өзіндік құнын қарастырады, немесе топтық өнім болады. Мұнда калькуляцияны өнімнің барлық түріне жоспармен есептеледі. Жоспарға есептелмей қалған өнім сметалық калькуляцияның өзіндік құнымен есептеледі. Есептік калькуляция - өзіндік құн өнімнің фактілік мөлшеріндегі бірлікті есептейді, және жоспардан қалған өнімді де қарастырады.

3.Тігін бұйымдарының өзіндік құны фабрикада тауарлардың дайындалуы мен шығындарымен өтімінің ақшалық құнын анықтайды.Ол осы тауарды дайындау мен іске асыру үшін фабрикаға қандай пайда мен шығын келетінін анықтайды.Тауардың өзіндік құны тігін фабрикаларының жұмыстарының негізгі басты көрсеткіштерінің бірі.Фабрика тапсырмасы шығарылған тігін тауарларының өзіндік құнын систематикалық төмендету.

Фабрика жұмысының экономикалық көрсеткіші ретінде тауарлардың өзіндік құны әртүрлі мақсаттар үшін қолданылады.Әртүрді фабрикаларда дайындалған бірдей тігін бұйымдарының салыстыру деңгейінің өзіндік құны техника,технология,еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың деңгейін анықтайды.Өзіндік құн өндірістің экономикалық тиімділігі мен мақсатын анықтап.енгізетін негізгі көрсеткіш.Тігін тауарларының өзіндік құнының төмендеуі фабрикадағы жұмысшылардың жоспарды орындауына байланысты.

Өзіндік құн тауардың фабрикалық формасы мен толық өзіндік құнды алып тастайды.Тауардың өзіндік құны 2 бөлім бойынша жоспарланады:

1)өндірістің экономикалық элемент шығыны бойынша;

2)өзіндік құнының шығын каогуляциясының бөлімдері бойынша.Өндірістік сметаның элменттерінің топтық шығыны экономикалық жағынан қамсыздануға бөлу арқылы анықталады.Ол өндіріске қолднылатын бұйымдардың шығыны мен шығарылу орнының шығынына байланыссыз.

4.Өндірістік смета фабриканың өндіріске келген шығыны мен тауардың өтімділігімен анықталады.Экономикалық элементке материалдық,еңбектік,ақшалық шығындар жатады.Олар жоспарды орындау үшін жасалуы керек.(фабрика қайраткерлерінің барлық түрлеріне байланысты).

Өндіріс сметасын құру жалпы шығындар есебін ғана анықтамайды,сонымен қатар құрылым шығынын да анықтайды.Фабрикада тек қана өндірістің бір сметасы құрылады,себебі бұл құжат барлық шығындарды қамтиды.Смета шығыны бойынша фабрика тауарының фабрикалық және өзіндік құны анықталады.Өндіріс сметасына тікелей және қосалқы тауардың шығарылуы мен өтімділігі кірумен қоса,сонымен қатар капиталды ремонт жасау шығындары және басқа шығындар кіреді.

Өндіріс сметасы негізінде керек жарақтар анықталады,іске асырудағы қорытындылар алынады,фабрика шығыны мен пайда балансы есептеледі.

Тігін фабрикасының сметасының құрылымын зерттемес бұрын,материалды ресурстардың сипстын анықтап алу керек.Өндірістік бағыт бойынша өолданылатын материалдар негізгі және қосымша болып бөлінеді.Негізгі материалдардың айрықша белгісі,одан фабрика тауарын жасап шығарады және олар осы тауар құрамына кіреді,ал қосымша материалдар негізгі материалдарға әсер етеді және фабриканың басқа да өндірістік –экплуатациялық қажеттілігіне септігін тигізеді(бұйымдарды жасау,қызмет көрсету,транспорт,энергетикалық шаруашылық т.б).

Негізгі материалдар-еңбектің құралы,ол тауардың материалдық негізін қалыптастырады,мысалы,тігін бұйымдарын дайындау үшін бұл-мата.Мақтадан жасалған жіп дайындау мақта қажет.

Тігін өндірісінде өндірісті орналастыру мен шығын нормасын қолдану бойынша негізгі материалдар 3 топқа бөлінеді.

1)өнімнің құрамына кіретін технологиялық өңдеуден кейінгі бірақ материалдың атын өзгертпей,мысалы,үстіне және астына қояатын матаның әр түрі.

2)фурнитуралар мен дайын өнімді әрлеу,мысалы,жәп,түйме т.б.

3)технологиялық өңдеуден кейін бірге қосып,өнім дайындауға жаңа материал береді.Мысалы,оған желімдеу материалдары жатады.