- •Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай
- •Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Технологиялық процесс
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
- •6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
- •7. Жобаны іске асыру
- •7.1 Іске асыру жоспары
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •10. Қаржыландыру қажеттілігі
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Пайда мен залалдардың есептері
- •14Кесте - Өнімділік көрсеткіштері
- •11.2 Баланс проекциясы
- •11.3 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Осы өңірде осы жобаны іске асыру үшін жеткілікті еңбек ресурстары бар, соған байланысты Компанияның қызметі жергілікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.
Технологиялық процестің ерекшелігі мен бірегейлігі білікті мамандардың болуын болжайды, бұл өз кезегінде компания құрамының білім деңгейінің артуына ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру көкөністі өсіру мен сақтаудың заманауи технологияларын, сондай-ақ тауарларды базарларға өткізу мен жылжытуды практикалық басқаруды игеруге мүмкіндік береді.
Осы жоба ел экономикасын дамыту талаптарына толық сәйкес келеді, өйткені оны іске асыру әлемдік стандарттарға, көкөніс өнімі импортын ығыстыруға ықпал ететін жылыжай қызметі шаруашылықтары қызметін дамытуға сәйкес келетін болады. Ұсынылып отырған жоба бүгінгі күнге өзекті болып табылады.
Осы жоба:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);
- салық салынатын база құруға ықпал ететін болады .
Заманауи жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру осы өңірдің тұтынушыларын жылдың қай мезгілінде болмасын сапалы ауылшаруашылық өнімімен қамтамасыз етуге ықпал етеді, осылайша әлеуетті тұтынушылар өмірінің сапасы мен деңгейін барынша жақсартады..
12.2 Қоршаған ортаға әсер
Жоба қосымша экологиялық сараптаманы қажет етпейді, өйткені қолданылатын технология барлық қажетті экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл қызмет қоршаған орта үшін қауіпсіз және Қазақстан Республикасының қағидалары мен заңдарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
Осы қызметке байланысты экологиялық тәуекелдер өте аз.
19-кесте - Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі
Іс-шараның мақсаты |
Іс-шара |
Табиғатқа кері әсерді азайту |
1.Табиғатты қорғау технологияларын қолдану 2.Қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді барынша азайту |
Қоршаған ортаны қорғау |
1. Дренажды суларды қайталап пайдалану |
Қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін зиянды әсерлерді табу |
1. Жүйелі тексеру |
Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында табиғатты қорғау технологияларын қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлерді барынша азайту жұмыстары бар.
Жылыжайдың технологиялық процесі тарапынан қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мақсатында, сондай-ақ экономикалық сипаттағы жағдайларды ескере келе дренажды суларды қайталап пайдаланған орынды сияқты. Бұл үшін жобаға дренажды жинау және қайталап пайдалану жүйесі енгізілген.
