Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб Инф каз №1-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Іріктеуге арналған сұранысты жасау

Бұл жаттығуда кемінде 150 теңгелік 400 парақтық көлемдегі кітаптарды іріктеуге арналған сұранысты жасаймыз.Нәтижелеуші кестеде сонымен қатар Оқырманның мекен-жайы мен телефон нөмірі болуы тиіс.

1. Кітапхана деректер қоры терезесінде Сұраныстар панеліне көшіңіз. Конструктор режимінде Сұраныс құру таңбашасында екі рет шертіңіз. Үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады. Онымен бір уақытта Кесте қосу терезесі қоса ашылады.

2. Кесте қосу терезесінде Кітаптар мен Оқырмандар кестесін тандаңыз және Қосу кнопкасын шертіңіз. Кесте қосу терезесін жабыңыз.

3. Оқырман кестесі өрістері тізіміне нәтижелеуші кестеге кіретін өрістерді тандаңыз: Кітаптар кестесінен кітаптің аты, бағасы, жанры; Оқырмандар кестесінен оқырманның аты-жөні, оқырманның телефоны.

4. Өрістер үшін іріктеу шарттарын беріңіз. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз. Сонда кестеден барлық кітаптар емес, тек романдар ғана таңдалады.

5. Өрістер үшін іріктеу шартын беріңіз. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына <1500 деп енгізіңіз. Кестеден бағасы кемінде 1500 теңгелік кітаптар алынады.

6. Кітаптар кестесінің өрістері тізімінде Көлемі өрісін таңдап алып, Условие отбора жолына: >200 шартын енгізіңіз (көлемі 200 парақтан көп кітаптар алынады).

7. Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жапқан кезде оның атын Кітапты таңдау деп беріңіз.

8. Деректер қорында жаңа ғана жасалған сұранысты ашыңыз және нәтижелеуші кестені қарап шығыңыз. Онда Кітаптар және Оқырман кестелері бойынша алынған мәліметтер шығады. Егер де жазылған шарттарды қанағаттандырытын мәліметтер болмаса бос кесте пайда болады. Бұл жағдайда кестелерді ашыңыз және сұраныс жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз және өзгертілетін кестені сақтаныз.

Іріктеуге арналған сұранысты қайта ашқанда, көлемі 200 беттен көп, бағасы 1500 теңгеден аз кітаптарды іріктейтін сұраныс нәтижесін көруге болады.

Қосымша тапсырмалар:

  1. Бағасы өрісіндегі Условие отбора жолына >1000 AND <2000 шартын енізіп, бакғасы 1000-нан жоғары, 2000-нан төмен тұратын кітаптарды шығарыңыз.

  2. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына “роман” OR “поэма” OR “ертегі” шартын енгізіп, осы шарттарды ғана қанағаттандыратын кітаптар тізімін шығарыңыз.

II. Параметрлерлік сұранысты құру

Сұранысты іске қосқанда пайдаланушы шекті бағаны өзі бере отырып, кітаптарды іріктеуге мүмкіндік беретін қарапайым сұраныс жасайық.

1. Кітапхана деректер қорында сұраныс панелін ашыңыз және Конструктор режимінде сұраныс құру терезесін ашыңыз.

2. Келесі өрістер кіретін Оқырман және Кітаптар кестесінен қажетті өрістерді таңдап алыңыз:

- Кітаптың аты;

- Бағасы;

- Жанры;

- Оқырманның аты-жөні;

- Оқырманның телефоны.

3. Кітап жанры өрістің іріктеу шарты жолында Роман деп енгізіңіз.

4. Өзіндік құн өрісі үшін іріктеу шартын пайдаланушы сұранысты іске қосқанда қажетті мәнді енгізуге ұсыныс алатындай етіп толтыру керек. Мысалы, енгізілген бағадан төмен тұратын романдарды шығару үшін, Бағасы өрісіне <[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасын енгіземіз.

5. Сұранысты жабыңыз. Жапқан кезде, оны Бағасы бойынша таңдау атауымен сақтаңыз.

6. Сұраныстар панелін ашыңыз және Бағасы бойынша таңдау сұранысын іске қосыңыз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз терезесі пайда болады.

7. Кестеге толтырған мәліметті қанағаттандыратын кандай да бір санды енгізіңіз, ОК батырмасын басыңыз, сұраныс нәтижелері бойынша нәтижелеуші кесте қалыптасады. Сұраныс кестесін жабыңыз.

8. Конструктор режимінде сұраныс терезесінде Бағасы өрісіндегі шартты: >[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасына өзгертіп, сұранысты қайта іске қосыңыз. Сонда енгізілген бағадан жоғары тұратын романдарды алуға болады.

9. Сұраныс терезесін жабыңыз.