Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1042____.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

1.2. Ауа ластану деңгейінің ауа райына әсері

Ресми мəліметтер бойынша 1989 жылға дейін тек қана «Космос» зымырантасығышының екі мыңға жуығы ұшырылған. Кейінірек ұшыра бастаған «Протон» сериялы зымырантасығыштарының салмағы 700 тонна құрайды, оның 630 тоннасы - жанатын отын: гептил жəне азоттың төрт еселі қышқылы. Бұл екеуі де аса қауіпті улы заттар. Зымыранның қалыпты, апатсыз ұшқан кезінің езде бірінші сатыдан жерге 1,5 тонна гептил жəне 3 тонна тотықтырғыш (окислитель) төгіледі екен. Ал қозғалтқыштың екінші сатысымен бірге жерге 0,5-0,8 т. Гептил жəне 1,5 т. азоттың төрт еселік қышқылы түседі. Осы төгілген қалдықтар ауаны, жерді суды уландырады.

Онымен қоса мынандай зиянды факторды ескерген жөн. Ғарыш кемесі старт алаңынан ұшар кезде біраз уақыт оның қозғалтқышы қыздырылады. Сол кезде өте жоғары температурадағы жалын кемені ұстап тұрған металл платформаны жағып, балқытып жібермес үшін жалын жолында үлкен көлемді бассейнде су тұрады. Міне, осы су жалын əсерінен буланып, зымыран соңынан аспанға əжептəуір биіктікке дейін көтеріледі. Яғни, зымыран судың буын аспанға насостың поршені сияқты тартады. Біраз уақыт өткен соң, зымыран ізінде қалған ауа атмосфералық температураға дейін салқындағанда, бу қайтадан конденсацияланады да, қозғалтқыштан шыққан гептил, басқа да улы заттармен араласып, жауын тамшылары түрінде жерге түседі. Бассейңдегі су салмағы 2 мың тоннадан асып кететінін ескерсек, жауынмен араласып жерге түсетін улы заттар көлемі жоғарыда келтірілген салмақтан əлденеше артық екені анық.

Ғарыш кемесі ұшырылған соң ауа райының күрт өзгеретіні жайлы жиі айтылып жүр. Олай болуы да мүмкін. өйткені бассейңдегі су қатты ысығаңдықтан буланады. Зымыран ұшып кеткен соң қайта суиды. Мұның атмосфераға қайтсе əсері болады.

Сөйтіп, бір ғана ғарыш кемесі ұшқан кезде қандай қауіпті заттармен жерді, ауаны, суды уландыратыны айқындалады.

Ресейдщ жэне басқа да елдердің ғалымдары соңғы кезде мынадай озық жобаны ұсынып жүр. Сол бойынша мұхитта жүзетін үлкен кемені зымыран ұшатын платформа (космодром) ретінде пайдаланады. Егер де кеме-платформаны экваторда орналастырса, зымыранның орбитаға шығар жолы қысқа болады, яғни ПЭК (пайдалы экономикалық коэффициент) артады, ал отынның зиянды қалдықтары мұхит бетіне түседі. Франция елі ғарыш зымырандарын осылай ұшырады екен. Ресейдің Плисецк маңында ғарыш айлағы бар. Соңдықтан Ресей саясаткерлерінің Байқоңырдан айырылмаймыз, ол біздің келешек мүдделерімізге жатады деген сөзі толық шындыққа жатпайды. Мүмкін бұл да аз уақыт аулап, сосың тиісті қаржылық төлемдерді толығымен өтемей кетудің де бір əдісі шығар қалай дегенмен мəселе туатыны сөзсіз.

Ресей ғалымдары соңғы кезде Кеңес дәуірден ғарыштық саясаттың теріс жақтарын, зиянын, кемшіліктерін көп айтып жүр. Нақтылап айтсақ, ғарыш технологиясы АҚШ-КСРО текетірес саясатының құрбаны, қолжаулығы болған. Сол ушш eтipiк істер де жасалып, өтірік сөздер де айтылған, Мысалға, екі юсшш орны бар зымыранға, амалсыздан,бұйрық бойынша үш адам ұшырылған, əйтеуір кұдай қолдап қана апаттан аман қалған. В.Терешкова ғарыштан көңілді күй сипатын көрсетіп, өлең айтқаңда шын мəнінде журеп қатты айнып, зорға отырған. Беляев пен Леонов ұшқанда ең бipiншi болып Леонов ашық ғарышқа шыққан. Ол да АҚШ-тан озамыз деген саясаттың əрекеті болған. Ашық ғарышқа шығудың технологиясы ол кезде əлі айқындалмаған. Сол себепті Леоновтың скафандры ісініп кетіп, қайтадан зымыранға кіре алмай, əуре болып, ақыры инструкцияны өзі бұзып, аяғынан емес, кері айналып, бас жағын бірінші итеріп, зорға-зорға енген. Сол арада, Беляев «Егер Леонов кеме ішіне кіре алмаса, оның троссымын ағытып тастап, өзің зымыранмен жерге жалғыз қайт» деген жасырын бұйрық та алған.

Ең бірінші болып екі Совет кемесі ғарышта түйісу жасады деген де жалған екен. С.Королев тобы есептей келе бірінен кейін бірі екі кемеш ушырган. Олар ғарышта бір-біріне тек тақаған, соны «Екі кеме аса дəлдікпен түйісіп, Кеңес дəуірінің үлкен бір жетістігі болды» дей салған.

Ал, басқадай болып жатқан апаттардың кейбірі жұртқа мəлім болғанымен, кей бірі мүлде белгісіз.

Осы космодромсыз елдің шаруашылығы жөнді дамымайды деген де пікір шыңдыққа жатпайтыны да əр жерде айтылып жүр.

Зымыранның денсаулыққа, экологияға əсері жайлы жиі сөз қозғалғанымен, оның атмосфераға, ауа райына əсерін де зерттейтін уақыт жеткенін атап өткім келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]