Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1042____.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
229 Кб
Скачать
☆

2.2. Павлодар мұнай химия зауыты – ауаны зиянды заттармен ластау көзі

Біздің зауыт мұнайды отын жолымен өңдеуге арналған және үздік европалық өндірістердің деңгейіне сай мұнайды 85 пайызға дейін тереңдете өңдей алады.

Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

  • мұнайды электрмен сусыздандыру және тұзсыздандыру;

  • Сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды алғаш айдау;

  • бензиндерді, реактивті және дизел отындарын сумен тазалау;

  • бензин фракцияларының каталитикалық риформингі;

  • каталитикалық крекинг;

  • газбен фракциялау;

  • мұнай битумдарын өндіру;

  • кокс өндіру;

  • күкірт өндіру.

Павлодар мұнай химия зауытының жобалық қуаты – жылына 7,5 млн. тонна.

Ауыр фракцияны тереңдетіп өңдеу мақсатында зауытта мынадай қондырғылар жұмыс істейді:

  • Битум өндіретін қондырғы (мазутты вакуумды айдау блогынан және тотықтыру колонналарынан тұрады);

  • мұнай коксін алуға арналған баяулатып кокстейтін қондырғы, ректификация және реакторлық қондырғыдан тұрады;

  • күкірт өндіретін қондырғы, су ерітіндісін регенерациялауға және күкірт алуға арналған.

Шығарылатын өнімнің сапасын зауыттың Орталық зертханасы қадағалайды және оның:

  • Тауар;

  • Бақылау;

  • Бақылау;

  • Санитарлық бөлімшелері бар.

Зауытта, дүниежүзілік мұнай өңдеу практикасында қолданып жүрген стандарт бойынша өндіретін өнімнің сапасын бақылайтын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

«ПМХЗ» ЖАҚ-ы өндіретін отынның сапасы ГОСТ-тар мен ТУ талаптарына сәйкес келеді. Төменде нақты салыстыру деректері нормативті талаптарымен берілген (2002 жылдың үшінші тоқсаны). Кесте 1.2

«ПМХЗ» ЖАҚ мекемесінен кейін, 2001 жылы кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасы әзірленіп жүзеге асырылды. Осының арқасында, мұнайдың өңделу тереңдігі, бензин өндіру арттырылды, (жоғары октанды және экологиялық), автомобилді бензин мен дизел отынындағы күкіртті қосылыстардың құрамы европалық нормаларға сай азайтылды. Дәл осы кезде жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңдері аяқталып, келесі жұмыстар жүргізілді:

  • КТ-1 комплексінің ваккумды колонналары жаңғыртылды, оның ішінде, колоннаның ішкі құрылысы мен бу эжектор вакуумдық жүйесі. Ішкі құрылысты ауыстыру «Кох-Глитч» фирмасымен жүргізілді, вакуумдық жүйені ауыстыру – «Техновакуум» фирмасымен жүргізілді. Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін, мақсатты өнімнің түсімі (вакуумды газойль) 6%-ке артты (46%-тен 52%-ке).

  • ЛК-6У қондырғысының тұрақтандырғыш колонналарын жаңғырту, АИ-93, АИ-95, АИ-96 жоғары октанды бензиндерді өндіруге мүмкіндік туғызды. Тұрақтандырғыш колоннаны жаңғырту жұмыстарын жүргізуге «Кох-Глитч» фирмасымен өзара шарт жасалды. Зауыт осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде АИ-80, 92 маркалы бензиндермен қатар, АИ-95 маркалы бензиндерін нарықтың қажеттілігіне қарай керекті мөлшерде өндіреді.

Бағдарламаның екінші кезеңі мынадай жұмыстардан тұрады:

  • Өнімнің сапасының арттырылуы мен бәсекеге жарамдылығына бағытталған. Өнімнің сапасын арттыру мәселелерін шешу үшін келесі процесстерде катализаторлар ауыстырылған:-тура айдалатын бензинніңриформингі;-вакуумды газойлді сумен тазалау;-тура айдалатын бензинді сумен тазалау.

  • қысқы дизелді отын алу мақсатында (қату температурасы минус 35oС) депарафинизация процессімен дизелді отынды сумен тазалайтын қондырғыны жаңғырту;

  • модификацияланған битумдарды алу мақсатында битум өндіретін қондырғыны жаңғырту;

  • сутегі өндіретін қондырғыны жаңғыртып іске қосу.

Сонымен қатар, өндірісті ұлғайту бағдарламасы әзірленіп, мынадай құрылыстар жоспарланып отыр:

  • кәсіпорынды бу және электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ететін бу энергетикалық қондырғы;

  • құрылыс битумын полиэтилен ыдысқа өлшеп орайтын қондырғы.

Павлодар мұнай химия зауыты 1978 жылы іске қосылды. Содан бері, жиырма бес жыл өтіпті, бүгінде біз кәсіпорын мен еңбек ұжымының ұмытылмас қалыптасу кезеңдерін еске аламыз.

Қазақстанның солтүстігіндегі өнеркәсіп индустриясын көтеруге көптеген кәсіпорындар ат салысты. Мамандардың жоғары кәсіпқойлығы, олардың қажырлы еңбегі, зауыттың жетістіктеріне қол жеткізді. Бұл енді зауыттың тарихында қалмақ.

Зауыт тарихына -1971 жылғы зауыттың құрылысынан бастап, зауыттың алғашқы дирекциясының құрылғанынан бері 30 жыл. Құрылыстың салынатын орны бүкілодақтық «Гипронефтезавод»» ғылыми-зерттеу институтымен 1949 жылы таңдап алынды, бірақ жиырма жылдың ішінде жасалған жобаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. 1970 жылдың 31 наурызында СССР Министрлер кеңесінің №605 өкімімен қуаты жылына 12 млн. тонна мұнай өңдейтін зауыттың құрылысының жобасы бекітілді. Омск-Павлодар магистралды мұнай құбырымен зауытқа тасымалданатын батыс-сібір аудандарының мұнай қоспалары оның шикізаты.

1971 жылдың шілдесінде – Павлодар мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды. Қазақстанның солтүстігіндегі өнеркәсіп индустриясын көтеруге көптеген кәсіпорындар ат салысты. Мамандардың жоғары кәсіпқойлығы, олардың қажырлы еңбегі, зауыттың жетістіктеріне қол жеткізді. 1977 жылдың желтоқсанында зауытқа мұнайдың алғашқы тонналары қабылданды. 1978 жылы 9-маусымда мұнайды алғашқы өңдеу бойынша қуаты жылына 6 млн. тонна ЛК-6у №1 технологиялық қондырғысы іске қосылды. Зауыттың бірінші кезегінің жобалық қуаты - жобаның жоғары сапасының, құрылыс жұмыстарына қатысушылардың ерлік жұмысы мен өндірісті игерулерінің арқасында уақытынан үш ай бұрын іске қосылды.

1978 жылы 2 қыркүйекте зауыт қолданыстағы кәсіпорындардың қатарына қосылды. Павлодар мұнай химия зауытының бірінші директоры Брендес В.И. болып тағайындалды.

1978 жылы 20 қыркүйекте мұнай химия зауытында Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы Қонаев Д.А. болды. Ол зауыттың ұжымын бірінші кезегінің іске қосылуымен құттықтап, зауыттың Қазақстан өнеркәсібінің дамуына тигізетін маңызын атап өтті.

Бір жыл өткеннен кейін Қазақстанның бірегей мұнай өңдеу комплексін құруға қатысушылары үкімет марапаттарымен марапатталды.

Келесі 11 жыл ішінде бірінен соң бірі күкірт және битум өндіретін қондырғылар; мазутты өңдеуді одан әрі тереңдете түсу КТ-1 кешені (қондырғының фотосуреті); кокс өңдеу қондырғысы іске қосылды. Өндірістік объектілермен қатар зауытта жұмыс істейтін қызметкерлерге тұрмыстық үй-жайлар, асханалар, демалыс бөлмелері, жатақханалар мен здравпункт, сонымен қатар тұрғын үйлер мен бала бақшалары салынды.

Жылдар өтіп, өндіріс өсті, еңбек ұжымы да қалыптасты. Павлодар мұнайхимия зауытының жоғары техникалық мүмкіншіліктері жайында, бүгінгі күні еліміздің экономикасының дамуына недәуір үлесін қосты деп айтуға болады.

Зауытымыздың бәсекеге сай өнімі үшін берілген – «Алтын глобус», «Гауһар жұлдыз», «Алтын тостаған» халықаралық деңгейдегі марапаттары – кәсіпкерлігінің дәлелі.

Негізгі мұнайды жеткізіп берушілер - «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ы, «СНПС-Ақтөбе-мұнайгаз» ААҚ-ы. Біздің өнімімізді ҚР территориясында тұтынушыларға «Гелиос» ЖШС-тің автоматты жанар май құю станциялар желісі таратады.

Біздің зауыт қазақстанның ірі кәсіпорындарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Зауыттың негізгі тұтынушылары келесі корпоративті кәсіпорындар: «Испат-Кармет» ААҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Богатырь Аксес Комир» ЖШС, «КТЖ» НК ЖАҚ, «Алаутрансгаз» АҚ, «ПКРЗ» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Соколово-Сорбайский ГОК» АҚ, Ақсу ферросплав зауыты, «Евроазиатская энергетическая корпарация» ААҚ, «Корпарация Казахмыс» ААҚ, «Востокказмедь» Балқаш ГМК, «Эйр казахстан» ЖАҚ, руда өндіретін басқармалар және Алматы халықаралық аэропорты.

ПМХЗ-ы өзінің өнімін экспортқа – алыс және жақын шет елдерге, оның ішінде Монғолия, Қырғызстан мен Ауғаныстанға жөнелтеді. Зауыт - «PetroChina» қытай ұлттық компаниясымен тығыз серіктестік қарым-қатынаста.

Көптеген Ресей металлургия кәсіпорындарында біздің зауыт шығаратын кокс, өзінің жоғары сапасына қарай үлкен сұраныммен пайдаланады. Кокстың негізгі тұтынушылары: «Завод Сланцы» ААҚ-ы, «Новосибирский электродный завод» ААҚ-ы, «Красноярский Алюминевый завод» ААҚ-ы.

Жабдықтар, катализаторлар, реагенттерді жеткізуші, зерттеу және жобалау жұмыстарын орындайтын дүниежүзілік танымал фирмаларымен біздің кәсіпорынның жұмыс барысында іскерлік қарым-қатынастары қалыптасты. Олар – «Техновакуум» ЖШҚ-ы, «Омскнефтехимпроект» ЖШҚ-ы, «Ленкор» ҒӨС ресей фирмалары, «Koch-Glitsch» италия фирмасы, «Scala Business Solutions» дат компаниясы, «Axens-IFP Group Technologies» француз фирмасы, «Grece Davison» және «Flottweg GmbH & Co. KGaA» неміс фирмасы, «Akzo Nobel Catalysts BV» голландия фирмасы, «Shell» ағылшын фирмалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]