Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2020 жыла дейінгі даму Стратегиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
387 Кб
Скачать
☆

Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

 

Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығындағы өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығын жаһандық жылынудың ықтимал салдарына бейімдеу жөніндегі шаралар іске асырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50%-ы тұратынын ескерсек, аграрлық саланы дамыту ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырудың түйінді факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.

 

 

Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар

 

2020 жылға қарай

агроөнеркәсiп кешенiнде еңбек өнімділігі кем дегенде 4 есе ұлғаяды;

бидай түсімі 1 гектардан 1,4 тоннаны құрайды

2015 жылға қарай

экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8%-ға дейін ұлғаяды;

агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды;

етті өңдеу 27%-ға дейін, сүтті өңдеу - 40%-ға дейін, жеміс пен көкөністі өңдеу - 12%-ға дейін ұлғаяды

 

 

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі

 

Экономиканың өсуімен құрылыс қызметі мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50%-ы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндірісін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.

 

 

Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар

 

2015 жылға қарай

құрылыс материалдарының 80%-ы ел ішінде шығарылады;

құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы өндіріс көлемінің 20%-ы экспортталады

 

 

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы

 

Елдің бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуіне ықпал етіп қана қоймайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнайды және газды өңдеу секторы, оның ішінде интеграцияланған мұнай газ-химия кешенін салу есебінен дамытылатын болады.

 

 

Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсаттар

 

2016 жылға қарай

Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры елдің оңтүстігін жылына 6 млрд. текше метр көлемге дейін газбен қамтамасыз етеді

2014 жылға қарай

отандық мұнай өңдеу зауыттары елдің отынға деген сұранысын толық қанағаттандырады

 

 

Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі

 

Металл кенінің зор қорына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнімдердің отандық өндірісін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

 

 

Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар

 

2015 жылға қарай

металлургиялық өнім өндірісі мен экспорты екі есе өседі

 

 

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі

 

Химия өндірісін дамыту мақсатында қазірдің өзінде 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлердің, бейорганикалық химияның базалық өнімдерін, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясын шығарумен байланысты болады. Фармацевтика өндірісі дамиды. Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қарулы Күштерін жаңғырту бағдарламалары іске асырылады.

 

 

Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсаттар

 

2020 жылға қарай

мемлекеттік қорғаныс тапсырысының 80%-ын отандық өндіріс қамтамасыз етті;

химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есеге өседі;

химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылды

2015 жылға қарай

каустикалық сода бойынша хлор-сілті өндірісі жылына 100 мың тоннаға дейін кеңейтілді;

минералды тыңайтқыштардың әрқилы түрлерін шығару жылына 3 млн. тоннадан асады;

куаты жылына 400 мың тонна кальцийлендірілген сода өндірісі ұйымдастырылды;

химиялық өндіріс үшін шикізатты қайта өңдеу және байыту қуаттары енгізілді;

күкірт қышқылының өндірісі жылына 2500 мың тоннадан артық көлемге жеткізілді

2014 жылға қарай

елдегі дәрілік заттарды тұтынудың жартысын отандық өндіріс қамтамасыз етеді