Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2020 жыла дейінгі даму Стратегиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
387 Кб
Скачать
☆

II. Стратегиялық жоспар-2010: негізгі нәтижелер

 

Стратегиялық жоспар-2010 өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік сектор секілді әрбір басым сала бойынша күтілетін нәтижелерді айқындай отырып, «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізін қалады.

Стратегиялық жоспар-2010 бәсекеге қабілетті экономика құру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саладағы, бірінші кезекте, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі міндеттерді белгіледі. Мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажыратуға, әкімшілік етудің сапасын арттыруға сүйене отырып, мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру да өткен онжылдық кезеңдегі маңызды стратегиялық басымдық болды. Бұл міндеттердің кейбірі орындалды немесе орындалуға жақын, алайда міндеттердің бір бөлігі келесі онжылдықта да өзекті болып қала береді.

 

Жетістіктер

 

2000 және 2009 жылдар аралығында Қазақстан Стратегиялық жоспар-2010-да белгіленген кейбір түйінді салаларда айтарлықтай прогреске қол жеткізді. ІЖӨ өсуі жыл сайын орташа 8,5 %-ды құрап, 2008 жылы өзінің алғашқы мәнінен 2,3 есе асып түсті. 2007 жылы өнеркәсіп өндірісі екі еселеу (нақты өсім — 78 %) жөніндегі онжылдық кезеңнің мақсаттарына жетті, ауыл шаруашылығы өндірісі 1,44 есе өсті,"ол 2000 жылға қарағанда 1,5 есеге өсудің нысаналы көрсеткішіне қол жеткізді деп айтуға болады. Экономиканы жедел әртараптандыру үшін берік негіз қаланды. Даму институттары құрылып, табысты жұмыс істеуде, қажетті заңнама дайындалды.

Денсаулық сақтау, білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларында айтарлықтай өзгерістер болды: туберкулез ауруы 30 %-ға төмендеді, жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту ұлғайды; денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінің инфрақұрылымы едәуір жаңарды. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті ұлғайды. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен темен халықтың үлесі 2000 жылғы 31,8 %-дан 2008 жылы 12,7 %-ға дейін қысқарды. Өмірдің күтілетін ұзақтығы 65-тен 68 жылға дейін өсті. Мемлекеттік секторда маңызды реформалар басталды. Бұл жетістіктер Стратегиялық жоспар-2020 іске асыру үшін тұрақты негіз қалады.

 

Өзектілігі сақталып отырған сын-тегеуріндер

 

Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде көптеген басым салалар бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткеніне қарамастан, реформалаудың күн тәртібінің көптеген тармақтары аяқталмай қалып отыр. Бәсекеге қабілетті әрі әртараптандырылған экономиканы дамыту бағдарламаларын іске асыру одан әрі жалғастыруды талап етеді. Білім беру жене денсаулық сақтау қызметтерін көрсету сапасы елі де жақсартуды талап етеді. Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асыру кезеңінде басталған мемлекеттік сектордағы реформалар әлі де аяқталмай қалып отыр. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігінің ажыратылуы, мемлекеттік қызметтегі ынталандырулар жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларға әкімшілік етудің тиімділігін арттыру — осы мәселелердің бәрі Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асыру кезеңінде одан әрі шешуді талап етеді.