- •Жоғары білім беру жүйесі: жағдайы, даму тенденциялары, келешегі.
- •Кесте 1- Кәсіби құзыреттіліктің психологиялық көрсеткіштер аймағы
- •Дәріс. Тақырыбы: Қазіргі білім берудің мазмұны.
- •Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.
- •Дәріс2. Педагогика - адам туралы ғылымдар жүйесінде.
- •1.2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі.Негізгі категориялары
- •1.3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
- •2. Педагогикалық зерттеу әдістері
- •Теориялық зерттеу әдістері:
- •Білім беру жүйесінің міндеттері.
- •Дәріс 6. Дидактика:Оқыту және білім беру теориясы
- •Оқыту процесі бес элементтен тұрады:
- •Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:
- •Ғалым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
- •Тақырыбы: Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
- •Педагогикалық шеберлік компоненттері:
- •Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
Білім беру жүйесінің міндеттері.
Республикамыздың білім беру жүйесі белгіленген заңдар негізінде іске асырылады. Білім беру ұйымдарының барлық түрі мемлекеттік білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын орындауы тиіс. Жалпы алғанда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушыны жан-жақты дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби біліктілігін, құндылықтарын жетілдіру. Аталмыш мақсатқа сай білім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерін атап көрсеуге болады:
оқу жоспары мен, бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
білім алушылардың танымдық-шығармашылық, рухани және психо-физиологиялқ мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің негізін қалыптастыру, ақыл-ойының дамуына мүмкіндіктер беру;
өз еліне, отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оның рәміздерін және халықтың дәстүрлерін құрметтеуге баулу;
еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру;
халқымыздың тарихын білу; барлық мәдени іс-шараларға атсалысу; толеранттыққа тәрбиелеу; шет тілдерін меңгеру;
білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз басқару құқын, сонымен қатар оны демократияландыруды жетілдіру;
оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу; коммуникативтік білім беруді дамыту;
жоғары және орта кәсіби оқу орындарында қоғам сұранысын қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, қайта даярлау;
жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
білім беру ұйымдарының түрлі кадрларының қарқынды дамуына көмектесу;
ҚР үздіксіз білім берудегі білім берудегі дамытудың негізгі факторлары мен қағидалары.
ҚР білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағыныщты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделді.
Халыққа білім беру ісі нақтылы бір жүйемен жүргізіледі.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
үйелмендік тәрбие;
мектеп жасына дейінгі тәрбие;
жалпы орта білім;
мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
кәсіптік - техникалық білім;
орта арнаулы білім;
жоғары білім;
арнаулы білім мекемелері;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
қосымша білім.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі- білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік - қоғамдық сипатта болады.
Дүние жүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Кадрлар дайындау мен білім мазмұнын анықтау және ондағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатындағы педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмыстарында әлемдік тәжірибелер енгізіліп, қолдау табуда. Жастардың дүниетанымы мен жеке басын қалыптастыруда мемлекетаралық келісім-шарттар жасасу негізінде кадрлар алмасу мен студент жастардың тәжірибе алмасуы кеңінен орын алып келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жастарға білім беру мәселесіне мемлекеттік тараптан аса үлкен мән беріліп келеді. Оған дәлел Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11 қазан айындағы Жарлығы. Онда "ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" қабылданып, бүгінгі мемлекетіміздегі білім берудің мақсат-міндеттері және нақтылы мақсатты іс-шараларды жүзеге асырудың мерзімдері көрсетіліп берілді. Онда білім берудің мақсаты: "Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту" деп көрсетілген. Бағдарлама мазмұнында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары білім беру, жоғар білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қорыта келе, Қазақстан Республикасындағы білім беруді белгілі бір жүйемен жоспарлау және жүзеге асыру білімнің сатылы және сабақтастықта дамуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасындағы білім берудің жүйесі заман ағымына қарай халықаралық талаптарға сай үнемі өзгеріп толықтырылып реттеліп отырады; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі белгілі бір заңға және принциптерге негізделіп жүзеге асырылады.
