Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

3. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

  1. «Ананың ақ сүтін ақтау» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Отбасындағы әкенің орны қандай?

  3. Отбасындағы ананың орны қандай?

  4. Қазақта күйеу баланың міндеттері қандай?

  5. Қазақта тәрбиелі келін болу үшін қандай болу керек?

  6. «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.

4. Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

  • Қайрат, ұзатады, келесі, қызы, аптада, аға, кіші, Әйгерімді.

  • Әкесі, оған, көтермейді, ешқашан, Әсемнің, дауыс.

  • Жәрдем, Сәбираның, береді, кездерде, ағалары, қиын.

  • Анасының, есіне, Сәуле, өзінің, ақылын, алды.

  • Сәбира, көрді, бала, кезінде, әжесінің, тәрбиесін.

5. Өз отбасыңыздың мүшелерінің қарым-қатынастары туралы жазыңыз.

2-сабақ

Отбасы және ұлттық құндылықтар

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Отбасындағы ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

2. Қазақта қыз баланың тәриесі туралы не білесіз?

3. Қазақта ер баланың тәрбиесі туралы не білесіз?

Есте сақтаңыз!

Глоссарий:

Ұлттық құндылықтар-ценности национальные

ауыл еркесі – любимчик

аяулы-дорогой ценный незаменимый

мәпелеу- лелеять

оған жат қылық -чуждый ему поступок

қызға қырық үйден тию – девушке сорок запретов из сорока домов

оң жақта отырған қыз – говорят о незамужней девушке

қорлау-оскорбление; унижение; 

ұзатылу-  проводы; выдача дочери замуж

төркін-1)  отцовский род замужней женщины; отец, родня, родители и все родственники жены; 2) место, где живет родня жены; 3) происхождение (жены)

дәріптеу-восхвалять; превозносить

2. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз. Қыз бала тәрбиесі

Қыз – ата-ананың, ауылдың сүйікті баласы, оң жақта отырған бойжеткен, елдің назы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз – өріс, қыз – қонақ», - деп, туған-туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген. Қызға қатты сөз айтылмауға тиіс. Әкесі, ағасы қызға дауыс көтеріп, ұрысуы, қол көтеруі қазаққа жат қылық болып есептелген.

Қазақтар қыз тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тию» деген мақал қазақтардың қыздарын еркін жібермегендігін, әрқашан оларды әдеп сақтауға тәрбиелегендігін көрсетеді. Бұрынғы кезде қыз тәрбиесіне оның анасы, әжесі, жеңгелері жауапты болып, әкесі, ағалары тікелей қыз тәрбиесімен айналыспаған. Мысалы, әкесінің қызына айтатын ескертулері болса, ол бірінші қыздың анасына айтылып, анасының тарапынан қызына жеткізілген.

Тұрмысқа шықпаған қызды қазақтар «оң жақта отырған қыз» дейді. Оң жақта отырған қыздың абыройы ата-анасының, ағайынының, руының абыройы болып есептеліп, қыздарын басқа біреудің қорлауына ешқашан жол берілмеген.

Бір рудың ұзатылған қызы жас, кәрілігіне қарамастан сол елдің қызы деп аталады. Ал керісінше тұрмыстағы қыздың туыстары оған төркін болып есептеледі. Тұрмыстағы қыздарын ауыл адамдары, туыстары «қыз» деп атап, дәріптейді. Үлкендер оны «қызымыз» деп құрметтеп, кішілер «апай» деп, ерекше сыйлауға, сәлем беруге тиіс. Ұзатылған қыздың өз ауылына, туғандарына қонаққа келуін төркіндеп келу деп атайды. Төркіндеп келген қызын төркіндері сый-құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасап, мал, қымбат заттар береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]