Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-апта.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆

Ер мен әйелге ортақ

Өз жұрты:

ата (дедушка) – әже (бабушка)

әке (отец) – шеше (мать)

аға (старший брат) – жеңге (сноха, жена старшего брата)

әпке (старшая сестра) – жезде (зять, муж старшей сестры)

іні (младший брат) – келін (невестка, жена младшего брата)

қарындас (младшая сестра) – күйеу бала (зять, муж младшей сестры)

Нағашы жұрты:

нағашыата (отец матери) – нағашы әже или апа (мать матери)

нағашыаға(брат матери) – нағашы жеңге (жена его, сноха)

нағашы әпке (сестра матери) – нағашыжезде (муж ее, зять)

нағашыіні, если младше него(младший брат матери) – нағашы келін (жена его, невестка)

нағашы қарындас, если младше него (младшая сестра матери) – нағашыкүйеу бала (муж ее, зять)

Ер адамға байланысты

Қайын жұрт:қайын ата(тесть) – қайын ене (теща)

қайын аға (старший брат жены) – жеңге (жена его, сноха)

қайын әпке или қайын бике (старшая сестра жены) – бажа (муж ее, свояк)

балдыз (младший брат жены) – келін (жена его, невестка)

балдыз (младшая сестра жены) – бажа (муж ее, свояк).

Әйел адамға байланысты

Қайын жұрт:қайын ата(свекор) – қайын ене (свекровь)

қайын аға (старший брат мужа) – абысын (жена его)

қайын әпке или қайын бике (старшая сестра мужа, заловка) – жезде (муж ее)

қайын (младший брат мужа) – абысын или келін (жена его, невестка)

қайын сіңлі (младшая сестра мужа, заловка) – күйеу бала (муж ее).

ұл – сын

қыз – дочь

немере – внук или внучка

жиен – дети дочери или сестры

бөле – дети сестер

келін – жена сына или младшего брата

күйеу бала – муж дочери или младшей сестры

3. Мәтінді мұқият оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Өз жөнімізді айта отырайын. Біз орта жүз Найманның ішінде Қаракерей деген ел боламыз. Өз атым – Қайрат, әкемнің аты – Қабдыл. Әкем алты ағайынды болғанмен, мен әкеден жалғызбын. Екі әпкем, бір қарындасым бар.

Нағашыларым – Арғын Қаракесектер. Қайын жұртым – Үйсін Дулаттар.

Енді отырған кісілерді таныстырып кетейін. Төрде отырған ақсақал менің кіші әкем – Тілеуберді, одан кейін отырған нағашым – Сарқытбай, мына кісі қайын атам – Талғат. Сол жағымда отырғандар жеңгелерім – Сәуле, Әмина. Мына кісі үлкен жездем – Айдос, қасында отырған әпкем – Арай. Оң жағымда отырғандар: інілерім – Азат, Ерхат, бажам - Бағдат. Қасымда отырған өмірдегі серігім, бәйбішем – Әйгерім.

4. Жоғарыдағы мәтінге қарап тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Қайраттың әйелінің әпкесі оған

а) құдаша;

ә) қайын әпке қайын бике;

б) нағашы әпке;

в) қайын аға.

2. Қайраттың әпкесінің күйеуі оған

а) бажа;

ә) нағашы аға;

б) құда;

в) жезде.

3. Қайраттың шешесінің ағасы оған:

а) қайын аға;

ә) балдыз;

б) нағашы ата;

в) нағашы аға.

4. Қайраттың баласы Қабдылға

а) жиен;

ә) немере;

б) ұл;

в) бөле.

5. Әйгерімнің баласы Талғатқа

а) жиен;

ә) немере;

б) ұл;

в) нағашы

6. Сәуле мен Әмина бір-біріне

а) жеңге;

ә) құдаша;

б) келін;

в) қайын сіңлі.

7. Қайраттың әпкесі мен Әйгерімнің әпкесі бір-біріне

а) қайын әпке-сіңлі;

ә) құдағи;

б) құдаша;

в) абысын.

8. Қайраттың әкесі Әйгерімнің әкесіне

а) нағашы;

ә) құда;

б) қайын аға;

в) қайын ата.

9. Әйгерімнің шешесі Қайраттың шешесіне

а) құдағи;

ә) құдаша;

б) абысын;

в) нағашы әпке

10. Азат Әйгерімге

а) құда;

ә) қайын аға;

б) бөле;

в) қайын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]