- •Дәрістер Кіріспе. Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік, оның тармақты жүйелері және олардың сипаттамасы.
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Автомобильді күнделікті баптау, бақылау-диагностикалық және реттеу, бекіту және майлау жұмыстарының технологиясы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиет
1. Ордабаев Е. Автомобиль және трактор моторларының теориясы. Қарағанды: ҚарМТУ. 1996 ж.
2. Автомобиль. Үшінші класты жүргізушінің оқулығы (Ж.К. канафин бастамасымен басылған). Қарағанды: 1996 ж.
3. Техническая эксплуатация автомобилей /Под ред. Г. В. Крамаренко. - М.: Транспорт, 1985 . – 488 с.
4. Колесник П.А., Шейнин В.А. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. - М.: Транспорт, 1985. - 325 с.
5. Техническое обслуживание, ремонт и хранение автотранспортных средств (в 3-ёх книгах). - Киев: Выща школа, 1991.
Қосымша әдебиет
1. Лабораторный практикум по технической эксплуатации автомобилей/ Под ред. С. В. Шумика. - Мн.: Выш. школа, 1984. - 176 с.
2. Ансеров М. А. Приспособления для металлорежущих станков. М. -Л., «Машиностроение», 1964. 652 с.
3. Балакшин Б. С. Основы технологии машиностроения. М., «Машиностроение», 1965. 560 с.
4. Гурин В. Ф., Клепиков В. Д., Рейн В. В. Технология автотракторостроения. М., «Машиностроение», 1971. 343 с.
5. Данилевский В. В. Лабораторные работы по технологии машиностроения. М., «Высшая школа», 1971. 238 с.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
1. Автомобильді техникалық пайдаланудың қызметі мен міндеттерін түсіндіңіздер.
2. Пайдалану кезіндегі автомобильдің техникалық күйінің өзгеруі және сенімділігі оның пайдаланушылық қабілеттілігіне қалай әсер етеді?
3. Жылжымалы құрам дегеніміз не?
4. Бөлшектердің сенімділігіне, қалыптылығына, сақтаулығына, жөндеуге мүмкіндігіне, берітігіне, шаршауына, коррозиясына, тозуына анықтама беріңіздер.
5. Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері атаңыздар.
6. Автомобильдің сенімділігі немен айқындалады?
7. Автомобиль сенімділігінің қасиеттері мен негізгі көрсеткіштеріне не кіреді?
Дәріс 2
Автокөлік жылжымалы құрамын ТБ және жөндеу жүйесі мен түрлері. Автокөлік жылжымалы құрамын сақтау технологиясы
Жоспар
1. Автомобильді техникалық баптаудың түрлері
2. Техникалық баптау мен жөндеу жүйесі және оның қызметі
3. Автомобильдерді сақтау әдістері мен түрлері
Бөлшектер мен механизмдер тозуының интенсивтілігін төмендетудің және автомобиль сынуын жою, яғни оның қалыпты техникалық күйін сақтаудың негізгі құралы оған дер кезінде және сапалы техникалық баптау жүргізу болып табылады.
Техникалық баптау дегеніміз сынудың болдырмауды және бөлшектердің тозуын төмендетуді, яғни оның алдын-алуды қамтамасыз ететін операциялар жиынтығы.
Барлық шараларды толығымен сақтағанның өзінде автомобиль бөлшектері тозып, олардың жұмыс істеу қабілеттіліктерін қалпына келтіруді немесе жөндеуді қажет етеді. Ендеше, жөндеу дегеніміз автомобильдің техникалық күйін қалпына келтіруге бағытталған техникалық іс-әрекеттің жиынтығы.
ТБ мен жөндеудің келесі түрлері бар: КЖ – күнделікті жөндеу, ол ең алдымен жолға шығу мен одан келген кездегі автомобиль күйін тексеруге бағытталған.
ТБ-1 – бірінші техникалық баптау, 3-5 мың км жүргеннен кейін жасалады. ТБ-2 – екінші техникалық баптау, 10-15 мың км жүргеннен кейін жасалады. МБ – мерзімдік баптау, көктем мен күзде жүргізіледі. КЖ – күнделікті жөндеу, автомобильдің техникалық күйін қалпына келтіруге бағытталған.
Машиналарды, оның ішінде автомобильдерді де техникалық диагностикалау білімнің салыстырмалы түрде жаңа саласы. Ол өзінің қалыптасу кезеңін басынан өткеруде. Оның объектілеріне автомобильдердің ең болмағанда екі шартты қанағаттандыратын тораптары мен механизмдері жатады. Ол шарттар мынадай: өзара қарама-қарсы күйде тұрған – жұмысқа қабілетті және қабілетсіз, олардың ішінен әрқайсысы әр түрлі күймен сипатталатын элементтерді бөліп алуға болады.
Автомобильдердің техникалық күйін диагностикалауды автомобильдің сынған күйінің белгілерін, сондай-ақ торатың, жүйенің, агрегаттың техникалық күйі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін әдістерді, принциптерді және құрылғыларды зерттейтін білім саласы ретінде анықтайды.
Автомобиль пайдаланыталытн жағдайлар оның агрегаттарының, бөлшектерінің жұмыс режиміне әсер етіп, техникалық күйі параметрлерінің өзгеру интенсивтілгін арттырып, кемітеді. Жұмыс істеу қабілеттілігінің жоғарғы деңгейін қамтамсыз ету үшін көптеген ақаулықтар дер кезінде, яғни оның болуына дейін жұмысқа қабілеттілік қалпына келтірілуі үшін ескертілуі керек.Сондықтан ТБ міндеті, ең алдымен, ақаулықтарды ескерту, ал жөндеудікі – оларды жою (жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру) болып табылады. Ақаулықтарды ескерту ТБ регламенттеуді, яғни жоспар бойынша ТБ белгілі бір операцияларын тұрақты периодтылықта орындауды талап етеді. Орындалатын операциялардың тізімі, периодтылығы және жұмыс көлемі техникалық ьаптау режимін құрайды. Автомобильдерді ТБ мен жөндеуге келесі талаптар қойылады:
а) тиімді метриалдық және еңбек шығындары арқылы автомобиль паркінің сенімді пайдаланушылық деңгейін қамтамасыз ету;
б) жоспарлы-нормативтік, барлық деңгейде ТБ мен жөндеуді жоспарлау мен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оның сипаты;
в) автомобиль көлігі бар барлық мекемелер мен кәсіпорындар үшін (күш құрылымдары мен арнайы бөлімдерден басқа) міндеттілік;
г) автомобиль көлігі қызметінің инженерлік-техникалық барлық звеноларына басшылық шешімдерінің жетілуі, нақтылығы және қажеттілігі;
д) автомобиль сенімділігінің, сапасының, конструкциясының және пайдалану шарттарының өзгеруін ескеретін нақты нормативтердің ыңғайлылығы мен негізгі принциптердің тұрақтылығы;
е) автомобильді пайдалану шарттарының әр түрлілігі.
ТБ мен жөндеу жүйесін қалыптастыру әдістері және оның сипаттамасы
ТБ мен жөндеу жүйесін қалыптастырудың принциптік негізі:
Автомобиль көлігі мен оның жүйелеріне – техникалық пайдалануына қойылған мақсат;
Автомобильдерді пайдалану шарттары;
Автомобильдердің сапасы мен сенімділік деңгейі;
Ұйымдастыру-техникалық шектеулер.
ТБ құрамына 8-10 түрлі жұмыстар (майлау, бекіту, реттеу, бақылау, диагностикалау және т.б.) және 150-280 астам нақты баптау объектілері, яғни ескерту әрететін қажет ететін агрегаттар, механизмдер, бөлшектер кіреді.
Әрбір механизм, торап, қосылыс үшін өзіндік тиімді ТБ периодтылығы болуы мүмкін. Егер бұл периодтылыққа қарайтын болса, онда автомобиль үздіксіз техникалық баптауға жіберіліп отырылуы тиіс, ал ол жұмысты ұйымдастыруға кедергілер келтіріп, көптеген қоымша жұмыс уақытының шығынына келтіреді.
Сондықтан ТБ кезінде орындалатын жұмыстар және оларды өткізу периодтлығы анықталғаннан кейін, ТБ түрлерін топтастырады. Бұл автомобильдің ТБ келу санын және ТБ мен жөндеуде тұруын азатады. Бірақ операцияларды топтастыру әрбір нақты ТБ периодтылықтарынан ауытқуға соқтыратынын ескеру қажет. ТБ периодтылығын анықтау кезінде операциялар топтарына әртүрлі әдістер қолданады.
1 кесте – Автомобильдерді ТБ периодтылығы ( пайдалану шартының I категориясы)
Автомобиль типтері
|
ТБ периодтылығы, мың км |
|
ТБ-1 |
ТБ-2 |
|
Жеңіл Автобустар, жүк автомобильдері және солардың базасында,ы автобустар |
4,0
3,0 |
16,0
12,0 |
«Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын ТБ мен жөндеу туралы жағдай» автомобильдерге ТБ мен жөндеу жүргізудің негізін қалаушы құжат болып табылады.
Автомобиль конструкциясы мен оны апйдалану шарттарындағы болатын өзгерістерді оперативті ескеру үшін «Жағдайда» екі бөлім қарастырылған.
Жылжымалы құрамды ТБ мен жөндеу негізінен тұратын бірінші бөлім автомобиль көлігіндегі берілген мәселелер бойынша жүйе мен техникалық саясатты анықтайды. Бірінші бөлімде ТБ мен жөндеу жүйесі мен түрлері анықталып, сондай-ақ оларды жіктеуді, пайдалану шарттарын регламенттеуші бастапқы нормативтер, ТБ мен жөндеу өндірісін ұйымдастыру принциптері, ТБ операцияларының типтік тізімі және т.б. негізін қалаушы материалдар болады.
Екінші бөлім құрамына әрбір базалық модель бойынша нақты нормативтер енгізілген. Бұл бөлім біріншісіне қосымша ретінде әрбір 3-5 жыл сайын қайта қаралып отырады.
ТБ жұмысының қызметі. Жылжымалы құрамды күнделікті жөндеудің қызметіне күнделікті қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау; автомобильдің қалыпты сыртқы түрін сақтау; оған отын май және салқындатқыш сұйық құю; кузовты санитарлық тазалау жатады. КЖ жылжымалы құрамның жұмысқа шығуына дейін және одан кейін жүргізіледі. ТБ-1 және ТБ-2 қызметтеріне автомобиль механизмдері мен агрегаттарының техникалық күй параметрлері өзгерістерінің интенсивтілігін азайту; дер кезінде бақылау-диагностикалық, майлау, бекіту, реттеу және т.б. жұмыстарды орындау арқылы ақаулықтарды анықтау жатады. Диагностикалық жұмыстар (диагностикалау процесі) автомобильді ТБ мен жөндеудің технологиялық элементі болып табылады да, сәйкес жұмыстарды жүргізу кезінде оның техникалық күйі туралы ақпарат береді.
Қызметіне, периодтылығына, тізіміне және орындалатын орнына байланысты диагностикалық жұмыстар екі түрге бөлінеді: жалпы (Д-1) және элементтік, тереңдетілген (Д-2) диагностика. ТБ автомобиль агрегаттарының, жүйелеренің және тораптарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі керек.
Жылына екі рет өткізілетін мерзімдік баптау (МБ) мақсатына жылжымалы құрамды жыл мехгілінің өзгеруіне дайындау жатады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын (автомобильдерді, тягачтарды және тіркемелерді) сақтау деп автотранспорт кәсіпорыны територриясында техникалық жағынан ақаусыз жылжымалы құрамды аман сақтап ұстау тәсілдерін айтады.
Автомобильдерді сақтау тәсілдерінің екеуі кеңірек таралған. Олар: жылы ғимараттарда сақтау және ашық аланда сақтау.
Жылжымалы құрамды сақтау тәсілдерін ауарайы мен пайдалану жағдайларына байланысты таңдайды.
Қыс айларында автомобильдерді жылы ғимараттарда сақтағанда тұрақтағы темперетура +5˚С –тан төмен болмауы керек. Бұл температура мотордың салқындату жүйысіндегі судың қатып қалмауына, мотор картеріндегі майдың қоюланбауына, трансмиссиядағы майдың қоюланбауына, аккумуляторлық батареялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз етуге жеткілікті болады, яғни мотордың сенімді от алуына ықпал етеді.
Жылы ғимараттарда орналасқан тұрақта қоймалық сипатқа ие болады, онда техникалық баптау және жөндеу жұмыстыры қарастырылмайды. Сондықтан мұндай сақтау орындарында жылыту жүйесіне, желдету мен жарықтандыруға көп талап қойылмайды, мұның өзі оның пайдалану құны мен аппараттары және қондырғылары құнын азайтып экономикалық жағынан үнемді болады.
Автомобильдерді сақтауға арналған ғимараттар жылжымалы құрамды жер дергейіне байланысты орналастыру әдістеріне қарай мына түрлерге бөлінеді:
жер бетіндегі
жер астындағы
бір қабатты
көп қабатты
Бір қабатты тұрақтар құрылыста қарапайым үнемді болады, сондықтан өмірге кеңірек таралған. Олар автомобильдердің орнына келу және одан шығу маневрлері мен қозғалыстарына қойылатын пайдалану талаптарына байланысты ішкі өтетін жолы бар тұрақтар мен ішкі өту жолы жоқ тұрақтарға бөлінеді.
Тұрақ территориясында автомобильдерді орналастыру тәсілдері мынадай нышандарға байланысты сарапталады:
а) қатарлардың санына байланысты:
1) бір қатарлы 2) екі қатарлы 3) көп қатарлы.
б)өту өсіне қарағанда автомобильдерді қою бұрыштарына байланысты
1) тік бұрышты 2) қисық бұрышты
в) автомобильді сақтау орнына қойғандағы және одан шыққандағы қозғалыс жағдайларына байланысты
1) тұйық 2) тікке өтетін.
Әрбір автомобилді немесе автомобиль топтарын бір-бірінен оңашалау дәрежесіне байланысты тұрақтар манеждік және бокстік болып екіге бөлінеді.
Манеждік тұрақ автомобильдердің еркін орналасумен сипатталады, яғни автомобильдердің немесе автомобиль топтарының арасында бөлгіш қабырғалар болмайды.
Бокстық тұрақтарда әрбір автомобиль немесе автомобильдердің үлкен тобы бір-бірінен бөлгіш қабырғалар арқылы оқшауланады.
Қазіргі заманғы гараждар құрылысында тұрақтың негізгі түрі – бір қабатты манежді тұрақ.
Қөп қабатты тұрақтарда көбінесе тік бұрышты, бірқатарлы автомобильдердің орналасуын қабылдайды, екі қатарлы тұрақтар сирек кездеседі. Автомобильдерді тұрақта орналастыру үшін оларды жылжыту тәсілдеріне байланысты тұрақтар мынадай түрлерге бөлінеді:
механикаландырылмаған
жартылай механикаландырылған
механикаландырылған
Механикаландырылмаған тұрақтарды қабаттар аралығында және қабаттарда автомобильдер еңістікті жазықтықтар – рампалар арқылы өздері қозғалады. Тұрақ планында орналасуына байланысты рампалар тікке сызықты, қисық сызықты – шеңберлік немесе эллипс тәрізді болады.
Паралель қозғалыс алқабының санына байланысты рампалар бір жолды және екі жолды болып бөлінеді. Рампалар тұрақ планында ғимараттардың ішкі жағы мен сыртқы жағында орналаса береді. Кейбір жағдайларда рампа шеттерінде ені 0,75м кем болмайтын жаяу жүргінші жолдары қарастырылады.
Механикаландырылмаған тұрақтардағы қабаттар саны әдетте төрт-алты санынан аспайды.
Жартылай механикаландырылған тұрақтарда автомобильдерді көтеріп, түсіру лифттердің көмегімен жүзеге асырылады, ал қабат бойымен автомобильдер өз жүрісімен қозғалады. Лифт сыйымдылығы бір, екі және үш автомобиль бола алады. Автомобильдердің лифтке кіруі және одан шығуы тәсілдеріне байланысты лифттер тұйық және өтпелі болып екіге бөлінеді.
Механикаландырылған тұрақтарда автомобильді вертикаль бағытта жылжыту (көтеру және түсіру) лифттердің көмегімен жүзеге асырылады, ал горизонталь бағытта жылжыту лифттің домалағыш ілмелі және тіректі шахталары көмегімен, автомобильдерді орнына қою үшін траверстік пен буксирлік арбалар немесе тасымалдағыштар көмегімен жүзеге асырылады.
Қыс айларында автомобильдерді ашық аланда сақтау моторлар оталуын қиындатады, автомобиль сенімділігінің көрсеткіштерін нашарлатады, отын шығынын көбейтеді және техникалық баптау жұмыстарын қиындатады.
Мотордың оталуының қиындауы иінді біліктің оталу айналу жиілігін құру қиындығынан және қоспаның құрылуы мен жұмыс қоспасының тұтануы жағдайларының нашарлануынан туындайды. Төменгі температура кезінде оталдыру құрылғысының (стартердің) мүмкіндігі төмендейді. Бұл аккумуляторлық батареялардың клемаларындағы кернеудің азаюмен түсіндіріледі. Оған қоса аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы төмендейді.
Төмен температура кезінде қоспаның құрылуы мен қоспаның жануы жағдайлары нашарлайды. Карбюраторлы маторларда бензиннің буға айналуы нашарлайды, оның тұтқырлығы өте тез көбейеді және ауаның тығыздығы көбейеді. Осы себептерден жұмыс қоспасы кедейленеді. Бұл уақытта аккумуляторлық батареялардың клеммаларындағы кернеудің азаюы нәтижесінде білтедегі ұшқын энергиясы төмендейді.осы екі фактордың әсері қыс айларында карбюраторлы маторлардың от алуына қиындық туғызады.
Дизельді моторларда төмен температура кезінде отын тұтқырлығынын тез көтерілуі нәтижесінде оның бу тозанға айналып шашырауы нашарлайды, яғни шашылған отындағы тамшылардың өлшемдері үлкен болып, оынң тұтануында қиындық туғызады.
Автомобиль бөлшектері мен агрегаттары сенімділігінің көрсеткіштерінің төмендеуіне майдың қою болып, үйкелетін бөлшек беттеріне нашар баруы едәуір әсер етеді. Май мұндай жерлерге кешігіп барғандықтан жұмыс істейтін бөшектерді майлау жағдайлары нашарлап, олардың желініп, тозу қарқындылығы өседі.
Трансмиссия агрегаттарындағы майдың қоюлануы тиісті берілістердің, подшибниктердің, біліктердің көп желінуіне ықпал жасайды.
Қоршаған ортаның төмен температурасы әсерінен кейбір бөлшектер пішінің өзгертіп олардың арасындағы керекті саңылаулар бұзылады, шиналардың езілгіштігі жойылып, олардың бетінде жарықтар пайда болады.
Отын шығыннының көбеюіне төмен температура кезінде мотордың төмендеген және қалыптаспаған ретпен жұмыс істеуі, моторды қыздыру үшін бірнеше рет оталдыру, отынның нашар булануы мен тозанға айналуы нәтижесінде оның толық жанбауы, қар басқан балдарда қозғалысқа кедергінің көбеюі, трансмиссиялық майлардың тұтқырлығының көбеюі және трасмиссия агрегаттарындағы кедергінің өсуі себеп болады.
Техникалық баптау мен жөндеу жұмыстарын жүргізудің қиындауы даладағы суық әсерінен қосымша еңбек сыймдылығының қадеттілігіне байланысты болады.
Ауаның төмен температурасына автомобильді ашық аланда сақтау кезінде мотордың оталуын жеңілдету тәсілдерін үш топқа бөлуге болады:
жылуды мотордың өткен жұмысынан сақтап қалу
сыртқы көз жылуларын пайдалану
суық оталдыру.
Жылуды мотордың өткен жұмысынан сақтап қалу автомобиль жолда қысқа уақытта аялдағанда немесе қысқа уақытқа тұрақта сақтап қойғанда температура онша төмен болмаған жағдайда қолданылады. (автомобиль капоты мен радиаторды, аккумуляторлық батареяны, отын багы мен мотор картерін жабуға арналған матадан жасалған жылы чехолдар)
Сырқы көз жылуларын пайдалану смена аралық уақытта автомобильдерді ұзақ уақытта сақтап қойғанда пайданылады (ыстық сумен моторды жылыту, бумен жылыту, ауамен жылыту, газ-ауа қоспасымен жылыту, электрлік жылыту, инфра қызыл сәлелермен жылыту, автомобилдік жылу көздері немесе жылытқыш).
Суық оталдыру (алдын ала жылытпай оталдыру) төменгі температура кезінде оталдыру сұықтықтарын қолдану және карбюраторды арнайы реттеу жолдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы дизельді моторларда «холод Д-40» сұйықтығы қолданылады, оның өздігінен тұтану температурасы өте төмен болады (130˚-140˚С), ал қайнау температурасы 34,5˚С. Карбюраторлы қозғағыштарда «Арктика»оталдыру сұйықтығы қолданылады.
