- •Дәрістер Кіріспе. Көліктік үрдіс туралы негізгі түсінік, оның тармақты жүйелері және олардың сипаттамасы.
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Автомобильді күнделікті баптау, бақылау-диагностикалық және реттеу, бекіту және майлау жұмыстарының технологиясы
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Ұсынылған әдебиеттер
Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиет
1. Ордабаев Е. Автомобиль және трактор моторларының теориясы. Қарағанды: ҚарМТУ. 1996 ж.
2. Автомобиль. Үшінші класты жүргізушінің оқулығы (Ж.К. канафин бастамасымен басылған). Қарағанды: 1996 ж.
3. Техническая эксплуатация автомобилей /Под ред. Г. В. Крамаренко. - М.: Транспорт, 1985 . – 488 с.
4. Колесник П.А., Шейнин В.А. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. - М.: Транспорт, 1985. - 325 с.
5. Техническое обслуживание, ремонт и хранение автотранспортных средств (в 3-ёх книгах). - Киев: Выща школа, 1991.
Қосымша әдебиет
1. Лабораторный практикум по технической эксплуатации автомобилей/ Под ред. С. В. Шумика. - Мн.: Выш. школа, 1984. - 176 с.
2. Ансеров М. А. Приспособления для металлорежущих станков. М. -Л., «Машиностроение», 1964. 652 с.
3. Балакшин Б. С. Основы технологии машиностроения. М., «Машиностроение», 1965. 560 с.
4. Гурин В. Ф., Клепиков В. Д., Рейн В. В. Технология автотракторостроения. М., «Машиностроение», 1971. 343 с.
5. Данилевский В. В. Лабораторные работы по технологии машиностроения. М., «Высшая школа», 1971. 238 с.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
1. Автомобильге күнделікті баптау жұмыстарының технологиясын қанша және қандай топтарға бөлінеді?
2. Автомобильді баптаудан кейінгі бақылау жұмыстарына, жағар-жанар май құю жұмыстарына және тазалау-жуу жұмыстарына не жатады?
3. Автомобиль кузовын тазалау, автомобильдерді жуу процестерін сипаттаңыздар.
4. Автомобильдерге техникалық баптау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру үшін не қажет?
5. Техникалық диагностика және диагностикалау деп нені айтады?
6. Диагностикалау жүйесі қанадй түрлерге бөлінеді?
7. Автомобильдегі бекіту және реттеу операцияларын қалай жүзеге асырады?
Дәріс 4
Күнделікті және күрделі жөндеудегі бөлшектеу-құрастыру, агрегаттар мен тораптарды жөндеу жұмыстарының технологиясы. Жылжымалы құрамды жөндеу мен техникалық баптауға арналған өндірістік базаның ұйымдастырылу құрылымы
Жоспар
1. Автомобильді күнделікті және күрделі жөндеудегі жұмыстар
2. Агрегаттарды бөлшектеуге арналған универсал стенділер сипаттамасы
3. Автомобильді ағымдық жөндеуге және күрделі жөндеу
4. Автокөлік кәсіп орыны техникалық қызметінің негізгі міндеті және ұйымдастырушылық құрылымы
Слесардың автомобиль жөндеу жөніндегі жұмыстары жекеленген тараптарды, приборларды және агрегаттарды ішінара және толық жөндеумен байланысты болады. Автомобильді, оның агрегаттарын, тараптары мен приборларын бөлшектеп, құрастырғандағы негізгі жұмыстарға мыналар жатады:
- винтерді, болттарды, сүйір қадаларды бұрап шығару және бұрап кигізу;
- гайкаларды бұрап босату мен бұрап кигізу;
- тісті даңғылықтарды, шкифтерді, подшибниктерді шығарып алу және орнату;
- фтулкаларды, саусақтарды престеу.
Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындай отырып, операциялардың қатаң жүйелігін сақтау қажет, өйтпеген жағдайда жұмыс күрделеніп сапасы төмендейді, ал оған жұмсалатын уақыт артады. Мұны болдырмау үшін технологиялық катаны пайдалану керек, онда бөлшектеу немесе құрастыру операциясының жүйелігі, белгілі бір операцияның орындалуы үшін қажетті аспаптар, тетіктер мен жабдықтар, сондай-ақ жұмыстың разряды көрсетіледі.
Жұмысты мамандандырылған аспаптармен және тетіктермен орындау қажет, аспаптар оған сай келмесе, болттар мен гайкалар қалпақшаларының қырлары бүлінетін болады.
Болттар, сүйір қадалар және саусақтарды қызыл мыстан жасалған қаққыштармен ұрып шығару қажет, өйткені тікелей деталдың өзін соғуға рұқсат етілмейді. Шестерияларды, шкифтерді, фтулкалар мен подшибниктерді преске қойып немесе тиісті босатқыштардың жәрдемімен шығарады.
Шығарып алынған детальдар атмосфералық жауын-шашын мен ластанудың әсеріне ұшырамау үшін агрегаттарды жабық орында бөлшектеу керек.
Шығарып алынған детальдары механикалық зақымдауғы ұшырамас үшін оларды жәшіктерге немесе сөрелерге салып қояды; оларды еденге шашып тастауға болмайды; өзара жанасатын детальдарды кезінде ауыстырып алмау үшін белгілеп қою қажет.
Агрегаттарды арнаулы немесе универсал стенділерде тараптарға бөлшектейді, ал тараптарды - әдетте слесарлық-құрастыру жабдықтары мен аспаптарын пайдалана отырып, верстакта детальдарға бөлшектейді.
Верстактың қақпағын жұқа жабық болатпен қаптайды, бұл оны зақымдаудан сақтандыралы және таза ұстауға жеңілдетеді.
Жұмыс істеудің қолайлығы үшін қысқыштар жұмыс істеушінің бойына қарай верстакта белгілі бір биіктікте бекітілуі тиіс. Егер жұмыс істеушіадам қысқыш жиегіне шынтағын таянып тұрғанда саусақтарының ұштары иекке жанасатын болса, қысқыш дұрыс орнатылған деп есептеледі.
Балға қатты сүректі ағаштан жасалған сапқа мықты етіп орнатылуы қажте.
Шапқылардың жұмыс атқаратын бөлігінің ұштары белгіленген бұрышқа орай жақсылапқайралуы қажет. Шапқының, сондай-ақ тескіш пен қаққыштың ағаш сабында немесе екінші ұшында соққы әсерінен пайда болған жапырылма жарықтарды балға соққысынан жан-жаққа ұшып жарақаттамау үшін алып тастаған жөн.
Елеудін ағаш саптарын металл сақиналармен бекіту қажет, олар сапты жарылудан сақтандырып , егеудің сапқа тығыз орнығуына мүмкіндік береді.
Жұмыс тапсырмасын алған соң автослесарь ең алдымен тапсырманы орындауға қажеттіаспаптарды, тетктер мен материалдарды дайындалу тиіс және оларды верстакқа немесе автомобильге дұрыс орналастыру қажет.
Сол қолмен ұстайтын аспаптарды сол жаққа, оң қолмен ұстайтын аспаптарды оң жаққа орналамтырылады. Жиі пайдаланатын аспаптарды жұмыс орнына жақын қояды. Орындалатын жұмысқа қатысы жоқ заттарды верстактан алып астайды.
Бөлшектеу-құрастыру және реттеу жұмыстарынада, автомобильді техникалық баптау және жөндеу жұмысы кезінде арнаулы аспап талап етіледі. Сондықтан автослесарьлар үшін мұндай аспаптардың арнаулы жиынтығын шығарады.
Бұл жиынтықтың құрамына мыналар кіреді: гайка бұрайтын ашық кілт және екі жақты сұғындырма (торцовый) кілттер, бастырма кілттер, балон кілттері, балға, шапқы, тескіш, ұзартқышы бар тоспалы қалпақша, қарапайым крест тәрізді бұрауыш сүйір қадаларға арналған кілт, арнаулы кілттер әр түрлі өлшемдегі қалпақшалардың жйынтығы бар динамомерлік тұтқа, бұрғы, құрастыру күрекшесі, тістеуіктер. Барлық аспапты жинамалы металл жәшікке салады.
Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындауға автомобиль агрегаттары мен тараптары бекітетін әртүрлі стендтер мен тетіктерді қолоданады.
Моторды бөлшектеуге және құрастыруға арналған жылжымалы стенд негізінен червякты берілістен, тұтқа мен плитадан тұрады. Червякты беріліске әсер ете отырып плитаға бекітілген моторлы онымен бірге қажетті жағдайға келтіріп бұрауға болады.
Автомобильдің алдыңғы және артқы белдіктеріне арналған универсал стенд негізінен рамадан, бөлшектенетін және құрастырылатын белдіктерді бекітуге арналған қысқыштардан тұрады. Рульдік механизм үшін де дәл осындай стенд қолданылады.
Беріліс қораптары жеке және көп орынды стенділерде бөлшектеп құрастырылады. Көп оырынды универсал бір мезгілде төрт беріліс қорабын бөлшектеп құрастыруға мүмкіндік береді.
Іліністі бөлшектеу мен құрастыруға арналған тетік іліністі тез, әрі оңай бөлшектеп, құрастыруға мүмкіндік беріп, оған жұмсалатын еңбек шығынын кемітеді.
Гайкалар мен болттарды бұрап шығару мен енгізуге олардың қырларын зақымдамау үшін өлшемдері бойынша дәл таңдалып алынған гайка және сұғындырма кілттерді пайдаланады. Ашылмалы-жабылмалы кілттерді пайдалану ұсынылмайды.
Тұтқасының ұзындығы қалыпты кілттермен бұрап шығаруға болмайтын, тот басып қалған гайкаларды бұрап шығару үшін мұндай әдістерді пайдаланады:
гайканы ¼ айналымға бұрап енгізіп, содан соң ғана бұрап шығарады;
гайканың қырларын балғамен жайлап отырып, алдын ала тықылдатып байқайлды;
гайканың астыңғы жағына керосин құйып, 25-30 минуттан кейін оны бұрап шығарып көреді;
бұрап шығару алдында гайканы дәнекерлеуіш гайкамен қыздырады.
Сүйір қадаларды қысқыш роликті арнаулы кілттермен бұрап шығарып, бұрап енгізеді. Бұл кілттің үш ролигі болады.Олар эксцентрикті орналасуының арқасында корпус бұрылған кезде сүйір қаданы қысады. Сүйір қададан кілтті шығару үшін оның корпусын кері бағытта бұру жеткілікті сүйір қаданы кілтімен бұрап шығаруға немесе бұрап енгізуге болады. Бұл үшін екі кілтті пайдаланып, сүйір қаданың кесілген бас ұшына бір-біріне тығыз жанасып жататын гайканы бұрап кигізеді. Сүйір қаданы төменгі гайкасынан бұрап шығарады.
Сынған болтты немесе сүйір қаданы мынадай әдістермен шығарады:
сүйір қаданың (болттың) бүйірінен арамен кесіп немесе ойып тесіп, жырашық жасайды да, сүйір қаданы бұрауышпен бұрап шығарады
детальдың сыртқы бетіне шығып тұрған сүйір қаданың немесе болттың бүйіріне болат стерженьды пісіреді де, оның жәрдемімен сынық қалдығын бұрап шығарады
сүйір қаданы бұрғылап тесіп, таңбалағыш пен кері бағыттағы бұранда салады, одан соң осындай бұрандалы болтты бұрап енгізіп оны кілтпен айналдыра отырып, сүйір қаданы бұрап шығарады.
Престеп қысылатын детальды екінші детальдың ішіне қарай жылжытады немесе тығыз орнату үшін оған жылжытып енгізеді.Бұл жағдайда детальдардың жанасатын беттеріне өзара орын ауыстырудан ұстап тұратын күш пайда болады.
Престеп қысуда детальдардың қажалуын болдырмау үшін және күшті олардың бетіне біркелкі орналастыру үшін өзара жанасатын детальдарды алдынала минералдық маймен майлайды.
Престеп қысуды жеңілдету үшін қамтылатын детальдың (біліктің) бүйірінде 8-10% бұрышпен жоңылған фасқа болуы тиіс, ал қамтитын детальдың (втулканың және т.б.) бүйірінде 30-45 % бұрышпен жоңылған фасқа болуы тиіс.
Арнаулы жиекті білікше, қаққыш немесе қондырма (мыс, алюминий, қола немесе ағаш қондырма), босатқыштар арқылы балғамен соға отырып, сондай-ақ механикалық қол пресімен немесе гидравликалық преспен престеп қысуға және престеп шығаруға болады.
Втулкаларды, гильзалар мен подшибниктерді престеп қысады және престеп шығарады, сондай-ақ майысқан біліктерді гидравликалық және механикалық престерде түзетеді.
АКМ өндірістік-техникалық қызметінің басты мәселелерінің бірі автокөлік жылжымалы құрамының ТБ жұмыстарының көлемін төмендету және оны орындауға кететін материалдық және еңбек шығындарын азайту болып табылады.
Жөндеу жұмыстары оның сипаты мен қызметіне қаарй күрделі және ағымдық болып бөлінеді.
Автомобильді ағымдық жөндеу деп күрделі жөндеуге дейінгі пайдалану кезінде орын алатын ақаулықтарды жоюды айтады. Ағымдық жөндеудің құрамына ақау алған бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды қалпына мен алдмастыру, сондай-ақ осы кезде жасалынатын қажетті бақылау-диагностикалық, монтажды-демонтаждық, реттеу және цехтық жұмыстары жатады.
Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарының құрамына автомобильдегі ақау алған механизмдер мен тораптарды жаңасына алмастыру, олардағы бұзылған бөлшектерді жөнделгеніне ауыстыру, сондай-ақ жекелеген бөлшектерді жөндеп, оларды орнатылатын жеріне келтіру жұмыстары кіреді.
Автомобильді жөндеудің бастапқы және ақырғы операцияларына бөлшектеу мен құрастыру жұмыстары жатады. Күрделі жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 11% бөлшектеу процесі құрайды. Сапалы және мұқият бөлшектеу бөлшектердің сақталуын арттырып, әрі қарай атқарылатын операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендетеді.
Ағымдық жөндеу көлеміндегі бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына моторды, алдыңғы және артқы мостыларды, беріліс қорабын, радиаторды және тіркісті алмастыру және т.б. жатады. Көптеген жұмыстар эстакадаларда, көтергіштерде, стенділерде агрегаттарды алып-салуға арналған домкарттардың және арнайы құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.
Агрегаттарды құрастыру. Бөлшектер жөнделгеннен кейін сол ажыратылған стенділер мен құрылғыларға қайта келеді.
Құрастырылғаннан кейін агрегаттар диагностикалау мен обкаткалауға жіберіледі.
Агрегаттық жұмыстардың құрамына моторды, беріліс қорабын, рульдік басқаруды, жетекші және жетектегі мостыларды және басқа да автомобильден күрделі жөндеу үшін ажыратылған агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу-құрастыру, жуу, диагностикалау, реттеу және бақылау операциялары кіреді.
Кесте 2 Базалық және негізгі бөлшектердің мысалдары
Агрегат |
Базалық бөлшектер |
Негізгі бөлшектер |
Мотор мен тіркіс |
Цилиндрлер блогы |
Блок головкасы, иінді білік, маховик, бөлгіш білік, картер тіркіс |
Беріліс қорабы |
Беріліс қорабының картері |
Жоғарғы қақпақ, ұзартқыш, жетекші, жетектегі және аралық біліктер |
Жетекші мост |
Жетекші мост картері |
Жартылай кожухы, редуктор картері, подшипниктер стаканы, дифференциал чашка сы, доңғалақ күпшегі, тежеу барабаны немеес дискісі, алдыңғы жетекші мостының бұрылу жұдырықшасы |
Автобус кабинасы, кузовы |
Кабина қаңқасы, кузов негізінің қаңқасы |
Тірегіш, есіктер, жүк салғыш қақпағы, еден кожухы |
Элетротехникалық жұмыстар ағымдық жөндеу постыларымен қатар электротехникалық учаскелерде (цехтарда) орындалады. Цехатарда автомобильден ажыратылған ақаулықтары ТБ көлемінде жойылатын элетржабдықтарының приборларын жөндеп, сынайды.
Отын аппаратураларының цехтық жұмыстарының негізгі түрлеріне бақылау-диагностикалық, реттеу және жөндецу жұмыстары жатады.
Күрделі жөндеу жұмыс істеу қабілетінен айрылған автомобильдерді, оның агрегаттарын регламентті қалпына келтіру сондай-ақ келесі күрделі жөндеуге немесе істен шығарылуына дейінгі жұмыс ресурсын қамтамасыз етуге арналған.
Агрегатты күрделі жөндеуде оны толығымен бөлшектеу, дефектілеу, бөлшектерін қалпына келтіру мен алмастыру көзделеді. Агрегаттар күрделі жөндеуге базалық және негізгі бөлшектері (кесте 2) жөндеуді талап еткенде, сонымен қатар оның жұмыс істеу қабілетін ағымдық жөндеу арқылы клетіру мүмкін болмағанда жіберіледі.
Негізгі бөлшектер агрегаттардың функционалдық қызметтерін орындауды қамтамасыз етіп, олардың пайдалану қабілеттерін анықтайды. Сондықтан күрделі жөндеу кезінде негізгі бөлшектерді қалпына келтіру сапасының деңгейі жаңа бұйым сапасына жақын немесе тең болуы тиіс.
Базалық немесе корпустық бөлшектерге агрегат негізін құраушы, дұрыс орналасуды, өзара орналасуды және агрегаттың басқа да бөлшектерінің қызмет атқаруын қамтамасыз ететін бөлшектер жатады.
Жылжымалы құрамның жұмыс қабілетін сақтап отыру – автокөлік кәсіп орыны техникалық қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Баптау және жөндеу жүйесі жұмысының тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерін талдау, оларды екі топқа бөлуді негіздейді: объективтік себептер және ұйымдастырушылық себептер.
Объективтік себептер меншікті үлес, %
Запас бөлшектердің жоқтығы 4
Пайдалану жағдайлары 10
Парк жасы 18
Нашар өндірістік база 15
Басқа себептер (жұмыскердің жетіспеуі,жөндеудің
төменгі сапасы, автомобильдің төмен сенімділігі) 18
Барлығы 65
Ұйымдастырушылық себептер
Төмен еңбек тәртібі 11
Жұмыстарды нашар ұйымдастыру 18
Әр-түрлі себептерге байланысты жұмыстың тұрып қалуы 6
Барлығы 35
Сондықтан автокөлік кәсіпорындарында еңбекті дұрыс ұйымдастыру баптау және жөндеу жүйелері жұмыстарының тиімділігін арттырады.
Сурет 1 АКК жылжымалы құрамына техникалық баптау және жөндеу жасау жүйесініңұйымдастырушылық құрылымы
Техникалық бөлім еңбекті ғылыми ұйымдастыру, жаңа техника мен өндірістік процесстердің жаңа технологияларын енгізу жоспарлар дайындап, шараларды жүзеге асырады, олардың орындалуын бақылайды, еңбекті қорғау шараларын дайындап өткізеді, өндірістік жарақат алу себептерін зерттеп, олардын алдын алу шараларын өткізеді, жаңа кадрларды дайындау, жұмыскерлердің квалификациясын көтеру үшін техникалық оқу өткізеді, техникалық нормативтер мен нұсқауларды құрастырады,стандартқа сәкес келмейтін құрал-жабдықтарды конструкциялайды.
Бас механик бөлімі техникалық құрал-жабдықты, құрылысты, ғимараттарды, энерго-күштік және санитарлық-техникалық шаруашылықты техникалық ақаусыз күйінде сақтауды қамтамасыз етеді, өндірістік құрал-жабдықты, инструментті бпатау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады, олардың дұрыс қолданылуын бақылайды, стандартқа сай келмейтін құрал-жабдықтардың дайындалуын бақылайды.
Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі автокөлік кәсіпорындарының үздіксіз материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық жабдықтау бойынша сұраным құрастырады, қоймалық шаруашылықтың жұмысын дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Техникалық бақылау бөлімі барлық өндірістік бөлімшелер орындайтын жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асырады, жылжымалы құрамның техникалық күйін бақылап отырады, жылжымалы құрамда ақаулардың пайда болу себептерін зерттейді.
Автокөлік кәсіпорыны (АКК)-нің техникалық қызметі баптап және жөндеу жүйесінің жұмысын ұымдастырып, басқарады, жылжымалы құрамға техникалық баптау жасау және жөндеу жұмыстары, құрал-саймандармен жабдықтау, жанармай материалдармен жабдықтау, жылжымалы құрамды сақтау және т.б. шараларды жүзеге асырады.
Техникалық қызмет міндеттеріне мыналар жатады:
1. Ұйымдастыру және басқару бағытында – техникалық баптау зоналарының ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін автомобильдерге техникалық баптау жасау жоспарын дайындау.
Осы мақсатпен мына шаралар жүзеге асырылады:
жылжымалы құрамның техникалық баптау мен күрделі жөндеу жүйесіне енгізудің жылдық, кварталдық, айлық жоспарлары дайындалады.
жұмыс сапасын көтеру және жылжымалы құрамның техникалық баптау және жөндеу зоналарында бос тұрып қалу уақытының ұзақтылығын қысқарту мақсаттарымен қызмет етудің технологиялық процесі мен ұйымдастырылуын жетілдіру.
пайдалану барысында автомобильдердің сынып қалмай жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер мен агрегаттардың ақаусыз болуын қамтамасыз ету шараларын жүргізеді,
жүргізушілердің техникалық дайындығын жетілдіру.
техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының сапасын үздіксіз басқару.
Технология бағытында мына шаралар жүзеге асырылады:
жылжымалы құрамға техникалық баптау жасаудың технологиялық процесін бекіту және оны жетілдіру
өндірістік процесстерді механикаландыру мен автоматтандыру жаңа құралдарын енгізу және олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
Техникалық баптау мен жөндеу жүйесінің жұмысын материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
