- •Мазмұны
- •Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі
- •Маркетинг түсінігі, оның қызметі және принциптері
- •1 Сурет – Кәсіпорынның маркетинг жүйесін құрайтын элементтер
- •2 Сурет – Маркетинг түрлерінің жіктелуі және оларды қолдану аумағы
- •3 Сурет – Бүгінгі кәсіпорындағы маркетинегтің орны
- •1.2 Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқару әдістемесі
- •4 Сурет – Маркетингтік принциптер негізінде циклдық басқару
- •5 Сурет – Кәсіпорынды басқару процесі
- •6 Сурет – Маркетинг бөлімінің құрылымы
- •2 Ақ “құлсарымұнайгаз” маркетингтік қызметін талдау
- •2.1 Мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы
- •2.2 Ақ “ҚұлсарыМұнайГаз”-дың экономикалық әлеуетін талдау
- •8 Кесте – “ҚұлсарыМұнайГаз” 2004 – 2005 жылғы капитал салымының көлемі (млн теңге)
- •2.3 “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
- •13 Кесте – 2005 жылғы нгду “ҚұлсарыМұнайГаз” бойынша мұнайдың шығарылған және суды пластқа айдау көлемі
- •3 Нарық экономикасы жағдайында өндірістік кәсіпорындардың маркетинг қызметін басқаруды жетілдіру
- •3.1 Мұнай саласында маркетингті басқарудың шетелдік тәжірибесін қолдану
- •3.2 Ақ “ҚұлсарыМұнайГаз” басқармасының маркетингтік стратегиясын жетілдіру
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиет көздері
5 Сурет – Кәсіпорынды басқару процесі
Барлық кәсіпорындар басқару жағынан қарағанда ашық жүйе болып табылады, яғни 5-ші суретте көріп отырғанымыздай сыртқы және ішкі факторлармен қарым-қатынаста болады. Егер кәсіпорынның басқару жүйесі тиімді болса, процесс кезінде кірістің (материал, капитал, ақпарат т.б) қосылған құны пайда болып, қорытындыда көптеген мүмкін болатын қосымша шығыстар (табыс, сатудың өсуі, нарық бөлігінің ұлғйуы т.б) әкелуі мүмкін. Ал басқару обьектісі ретінде маркетинг, өндіріс, қаржы, персонал бола алады. Кәсіпорын маркетинг арқылы алдыңғы кезең зерттеулері мен нәтижелері негізінде жасалған стратегияны жүзеге асырады. Сонымен қатар, стратегиялық жаңа шешімдерді іздеу мақсатындағы зерттеулер бір мезгілде жүргізіледі [13].
Маркетингті енгізу кезіндегі кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытуды талдау негізінде келесі қорытындыларға келуге болады:
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорын – өткізу нарығын, кәсіпорынның өніміне сұранысты анықтау үшін, бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, жарнаманы, өткізуді, сервистік қызметті ұйымдастыру мақсататтарында маркетинг қызметтерін құру керек.
Маркетинг қызметі кәсіпорынның басқа да бөлімшелерімен тұрақты және тығыз, тікелей және қарсы байланыста болуы керек, және тұтынушылардың сапаға деген сұранысын, өнімнің нарыққа қажетті көлемде және ассортиментте шығуын қаматмасыз ету үшін; сапалы қызмет көрсету үшін; жоспарланған көлемде табыс алу үшін осы бөлімшелерге үнемі әсер етуі керек.
Маркетинг тек қана өнімді өткізу ғана емес, ол сонымен қатар кәсіпорынның басқару жүйесін өзгерту және әрбір жұмысшыны, әрбір қызметті кәсіпорынның соңғы мақсатына бағыттайды. Осыны барлық жұмысшылардың ой санасына әрқашан жеткізіп отырған дұрыс.
Маркетинг принциптерімен басқаруды ұйымдастыру тіпті дефицит жағдайында өте қажет, өйткені маркетинг тұтынушылардың қажеттілігіне жауап бермейтін өнімді шығармайды. Қазіргі кездегі кәсіпорынды басқарудың концепциясы – кәсіпорынның барлық қызметінің негізі тұтынушылар сұранысын және оның өзгерісін біліп отыру.
Сонымен, кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқару – бұл әрдайым жаңарып отыратын процесті білдіреді. Бұл жерде зерттеулер негізінде қабылданған стратегияны іске асыру, сонымен қатар, нарықтар зерттеліп, оның жаңа мәселелері мен одан шығу жолдары анықталады.
Әрбір кәсіпорын немесе компания өз маркетингілік қызметін басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін қызығушылық білдіреді. Жекелеп алғанда кәсіпорын нарық мүмкіншіліктерін талдауды, қажетті мақсаты нарықты таңдауды, тиімді маркетинг кешенін құруды, және күш жігерін салған маркетингті нақты өмірде қолдануын қалай сәтті басқаруын білуі керек. Бұның барлығы маркетингті басқару процесін құрайды [25].
Маркетингті ұйымдастыру – міндетті орындауға жауапкершілікті қалыптастыратын маркетингтік функцияларды басқару үшін құрамдастық құрылым. Егер жауапкершілік өткізу, тауармен қамтамасыз ету, тауарды итермелеу, бөлумен байланысты болса, ұйымдастыру функционалдық бола алады; Функционалдық принципке қосымша әрбір өнім тобы үшін тауарды басқарушы және әрбір тауарлық марка үшін тауар маркасын басқарушы болса ол тауарға бағытталған қызметі бола алады; Нарыққа бағытталған прицип – функционалдық принципке қосымша аймақтық нарықты және тұтынушы түрлерін басқару кезінде орын алады.
Маркетингтік процесте нарыққа шығатын тауар өндіруші, маркетинг бөлімі; кәсіпорын өнімін нарыққа өткізетін үшінші жақ (маркетинг бөлімі тікелей тұтынушымен байланысуы мүмкін); бөлшектеп сатушы; соңғы тұтынушы қатысады.
Маркетинг бөлімінің қызметі мен мақсатын анықтау үшін фирма қызметін толықтай талдау керек. Алынған қорытынды негізінде маркетинг бөлімінің күшіменен проблемаларды шешу гипотезасын құру қажет, яғни маркетингтік жоспар құру деген сөз. Маркетингтік стратегияның дамуы мен марктингтік бөлімінің мақсатына қарай біз марктинг бөлімінің рационалдығы туралы гипотеза құра аламыз. Бұл келесідей көрініс табады: маркетинг бөліміңн директоры тікелей бас директорға немесе директорлар жиналысына бағынады. Ол бөлімді координациялайды және оның қызметіне жауапты болады. Бөлімнің оптималды көлемі – 7 қызметкер.
Маркетинг бөлімінің
директоры
Ақпаратты талдау
бөлімі
Маркетингтік
зерттеу бөлімі
Жарнама
және Public Relation бөлімі
