Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_БЕ_лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Нормативті жұмсалымдар қалай бекітіледі?

  2. Өнім бірлігіне нормативті уақыт шамасын түсіндіріңіз;

  3. Қазіргі кездегі негізгі, идеалды және нақты қол жетерлік нормативтер арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз;

  4. Нормативті жұмсалымдар негізіндегі өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі қалай қызмет етеді?

  5. Еңбек, материалдар, үстеме шығындар мен сатудан ауытқулар айнымалы жұмсалымдар бойынша қалай есептеледі?

  6. Айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесіндегі нақты және сметалық пайданы келістіру есептемесінің құрамын көрсетіңіз;

  7. Еңбек, материалдар және сату бойынша ауытқулардың негізгі себебін түсіндіріңіз;

  8. Айнымалы нормативті жұмсалымдар мен нормативті шығындарды толық үлестіру бойынша өзіндік құнды калькуляциялаудың айырмашылығын түсіндіріңіз;

  9. Жұмсалымдарды толық үлестіру бойынша калькуляциялау жүйесідегі нақты және сметалық пайданы келістіру есептемесінің құрамын көрсетіңіз.

Ауытқуларды есептеу

Әрбір шығын және табыс баптары бойынша ауытқулар туындау мүмкін. Барлық ауытқулар нормативтік және іс-жүзіндегі пайданы салыстыру есеп беруінде қорытындылады. Есеп жоспарланған пайдадан басталады. Осыдан кейін ол барлық қолайлы және қолайсыз ауытқулармен түзеледі. Бұл түзеу әрбір шығын мен табыс бабы бойынша іс-жүзіндегі және жоспарланған көрсеткіштер арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Түзеудің нәтижесінде іс-жүзіндегі пайданың мәні шығу керек.

Материалдар бойынша ауытқулар. Негізгі материалдардың шығындары 2 негізгі факторларға байланысты: материалдар бағасына және өндірісте қолданған материалдардың көлеміне.

1

Материалдардың бағасы бойынша ауытқу

=

(материалдардың нормативтік бағасынан аламыз іс-жүзіндегі бағасын) * қолданған материалдардың көлеміне

2

Материалдардың қолдануы бойынша ауытқу (тиімділігі)

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнім үшін қажетті материалдардың нормативтік көлемінен аламыз іс-жүзіндегі қолданған көлемін) * материалдардың нормативтік бағасына

3

Материалдар бойынша жиынтық ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнімді * өнім бірлігіне қажетті материалдардың нормативтік шығындарына) аламыз іс-жүзіндегі материалдардың шығындарын

Еңбек ақы шығындары бойынша ауытқулар. Еңбек ақы шығындары еңбек ақы ставкасы және қолданған еңбек сағатына (өнімділікке) байланысты болады.

4

Еңбек ақы ставкасы бойынша ауытқу

=

(сағатына нормативтік еңбек ақы ставкасынан аламыз еңбек ақының іс-жүзіндегі ставкасын) * іс-жүзіндегі жұмыс уақыт

5

Еңбектің өнімділігі (тиімділігі) бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнім үшін қажет-ті нормативтік жұмыс уақытынан аламыз іс-жүзіндегі жұмыс уақытын) * сағатына нормативтік еңбек ақы ставкасына

6

Еңбек ақы шығындары бойынша жиынтық ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнімді * өнім бірлігіне қажетті нормативтік еңбек шығындарына) аламыз іс-жүзіндегі еңбек шығындарын

Айнымалы үстеме шығындар бойынша жиынтық ауытқу - өнімге жатқызылатын нормативтік айнымалы үстеме шығындар және іс-жүзіндегі айнымалы үстеме шығындар арасындағы айырмашылық.

Айнымалы үстеме шығындар негізгі жұмысшылардың еңбек уақытысына сәйкес өзгереді деп жорамалдаймыз. Сондықтан айнымалы үстеме шығындардың ауытқулары екі себептен пайда болады:

(1) іс-жүзіндегі шығындар жоспарланған шығындардан өзгеше болды;

(2) іс-жүзіндегі негізгі жұмысшылардың еңбек уақыты қолдану керек болған уақыттан өзгеше болды.

Бұл айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқуның екі түрінің пайда болуына алып келеді:

(1) шығыстар бойынша;

(2) тиімділік бойынша.

7

Айнымалы үстеме шығындардың шығыс-тары бойынша ауытқу

=

(сағатына айнымалы үстеме шығындар-дың нормативтік ставкасын * іс-жүзін-дегі жұмыс уақытына) аламыз іс-жү-зіндегі айнымалы үстеме шығындарды

8

Айнымалы үстеме шығындардың тиімділігі бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнім үшін қажетті нормативтік уақытынан аламыз іс-жүзіндегі уақытты) * сағатына айнымалы үстеме шығындардың нормативтік ставкасына

9

Айнымалы үстеме шығындар бойынша жиынтық ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілген өнімді * бірлік-ке қажетті айнымалы үстеме шығын-дардың нормативтік ставкасына) аламыз іс-жүзіндегі айнымалы үстеме шығындарды

Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулар. Бұл ауытқулар тұрақты үстеме шығындардың іс-жүзіндегі және күтілген пайда көлеміне тигізген әсерін көрсетеді. Бұл әсер калькуляциялаудың қандай әдісінің қолдануына байланысты болады: шығындарды толығымен бөліп тарату (абзорпшн-костинг) немесе айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау ма (директ-костинг).

10

Тұрақты үстеме шығындардың қолдануы бойынша ауытқу

=

сметалық тұрақты үстеме шығындардан аламыз іс-жүзіндегі тұрақты шығынды

11*

Тұрақты үстеме шығындардың көлемі бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілетін өнім көлемі-нен аламыз сметалық өнім көлемін) * бірлікке қажетті үстеме шығындардың бөліп тарату нормативтік ставкасына

12*

Тұрақты үстеме шығындардың тиімділігі бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі өндірілетін өнім көлемі үшін қажетті нормативтік уақытынан аламыз іс-жүзіндегі жұмыс уақытын) * сағатына үстеме шығындардың бөліп тарату нормативтік ставкасына

13*

Тұрақты үстеме шығындардың қуаты бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі жұмыс уақыттан аламыз сметалық жұмыс уақытын) * сағатына үстеме шығындардың бөліп тарату нормативтік ставкасына

14*

Тұрақты үстеме шығындар бойынша жиынтық ауытқу

=

(іс-жүзінде өндірілген өнім көлемін * бірлікке қажетті үстеме шығындардың бөліп тарату нормативтік ставкасына) аламыз іс-жүзіндегі тұрақты ҮШ

*Бұл формулалар тек абзорпшн-костинг үшін ғана қолданылады.

Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялауда тұрақты шығындар бойынша жиынтық ауытқу 10-формуланы қолдана отырып, тұрақты үстеме шығындардың қолдануы бойынша ауытқу ретінде есептеледі.

Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулар. Бұл ауытқуларды тудыратын 2 себеп бар: баға және сату көлеміндегі айырмашылықтар.

15

Сату бағасы бойынша ауытқу

=

(жоспарлы өзіндік құнға негізделген бірлікке тиісті іс-жүзіндегі жалпы (маржиналды) табыстан аламыз бір бірлікке тиісті жалпы (маржиналды) нормативтік табысты) * іс-жүзіндегі сату көлеміне

16

Сату көлемі бойынша ауытқу

=

(іс-жүзіндегі сату көлемінен аламыз сметалық сату көлемін) * нормативтік жалпы (маржиналды) табысқа

17

Жалпы (маржиналды) табыс бойынша жиынтық ауытқу

=

жоспарлы өзіндік құнға негізделген іс-жүзіндегі жиынтық жалпы (маржинал-ды) табыстан аламыз жиынтық смета-лық жалпы (маржиналды) табысты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]