- •Сурет 8.1. Айнымалы жұмсалымдар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі негізінде ауытқуларды талдау
- •Өнімді өткізу бойынша ауытқуды есептеу ерекшеліктері
- •Кесте 8.2. Нормативті айнымалы жұмсалымдар бойынша калькуляциялау жүйесін қолданған кезде сметалық және нақты пайдаларды келістіру (ш.А.)
- •Бақылау сұрақтары
- •Ауытқуларды есептеу
- •Ауытқулардың талдауы
Ауытқулардың талдауы
Ауытқулардың жалпы себептері төмендегідей болуы мүмкін:
- қаржылық жоспарлаудың нашар болуынан;
- өлшемнің және жазбаның нашар болуынан;
- кездейсоқ факторлар;
- операциялық факторлар.
Материалдар бойынша ауытқулары келесідей себептерден болуы мүмкін:
- қамтамасыз ету көздерінің түрлі болуынан;
- бағаның кездейсоқ өзгеруінен;
- жабдықтаушылар тарапынан жеңілдіктердің өзгертілуінен;
- материалдардың түрлі сорттарын ауыстырудан:
- өнімнің дизайндарының өзгеруінен және т.б.
Еңбек шығындары бойынша ауытқулары төмендегідей себептерден болуы мүмкін:
- нормадан тыс уақыттан немесе жоспардан тыс сыйлықтардан;
- түрлі қиындық дәрежелі жұмыстардың ауыстырудан;
- еңбек жағдайын жақсартудан, сонымен қатар бақылауды жақсартғаннан;
- материалдық ынталандыру жүйесін енгізуден немесе қызметкерлерді оқытудан.
Айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:
- үстеме шығындар баптары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруі;
- үстеме шығындарды айнымалы және тұрақты шығындарға дұрыс бөлінбеуі.
Тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулардың себептері төмендегідей болуы мүмкін:
- үстеме шығындар баптары бойынша кездейсоқ бағалардың өзгеруі;
- маусымдық әсерінен (жылыту - қыста);
- сұраныстың өзгеруіне байланысты өндіріс көлемінің өзгеруі;
- еңбек және жабдықтардың өнімділігінің өзгеруі.
Өнімді сатудан түскен табыс бойынша ауытқулардың себептері келесідей болуы мүмкін:
- бағаның кездейсоқ өзгеруі;
- сұраныстың өзгеруі.
Ауытқуларды талдағанда төмендегі жағдайға назар аудару қажет: бір ауытқудың себебі екінші ауытқуға сол сияқты немесе кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда, егер бір ауытқу екінші ауытқуды тудырса, онда осы екі ауытқуларды біріктіріп бір себеппен түсіндіруге болады.
