Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IGPZ_otvet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

10. Ежелгi Қытайдың мемлекеттiк құрылысы

Құлиеленушілік Қытайда оның тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық нысаны болған. Билеуші – ванның қолында билік толығымен болған. Патша билігі құдайдың билігімен теңестірілетін Монархия мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарайлық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ, олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, күңдер болған.

Шан дәуірінде патшаға жақын тұлғалар арасында 20 жуық ресми титулдар болған, олар функциялары бойынша 3 топқа бөлінген. 1-азаматтық лауазымды тұлғалар, 2-әскери лауазымды, 3-әр түрлі кеңесшілер,бал ашушылар мен көріпкелдер. Чжоу кезеңінде ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған, ол барлық шенеуніктерге басшылық жасап, билеушінің түрлі тапсырмаларын орындаған. Және де үш гундер – патшаның басты кеңесшілері лауазымы болған. Цинь дәуірінде императордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер – екі ченсина табылады, олар аппарат жұмысын басқарады, тайвэй – империяның қарулы күштерін басқарады және юйши дафу – барлық мемлекеттік аппаратты басқарады. ОЛар аса лауазымды тұлғалар.

  1. Ежелгі Қытайдағы Ван Ман реформалары.

Бiздiң заманымыздың басындағы Ван Ман реформалары елдегi топтық қарама-қайшылықты жеңiлдетуге бағытталуы.

Ван Ман реформасы бойынша барлық жерлер мемлекеттiкi (патшанiкi) деп жарияланып оны алып-сатуға тиым салынды. Құлдарды да алып-сатуға тиым салынды. Нәтижесiнде мемлекеттiк құлдар саны өстi және олардан әскердi құра бастады. Ақша реформасы, салық түрлерiнiң өсуi, жаңа басқару мекемелерiнiң пайда болуы, барлық кiрiс-шығысты қадағалау мемлекет қазынасына толтыруға бағытталды. Мемлекеттiк аппараттағы лауазымды орындар сатыла бастады.

Ван Ман реформалары күткен нәтиженi бермедi. Керiсiнше тап қайшылығын шиеленiстiрдi, экономиканы құлдыратты. Халық көтерiлiске шығып оны Хан династиясының өкiлдерi пайдаланып 23 жылы билiкке қайта келдi. Олар Ван Ман бұйрықтары мен жарлықтарының күшiн жойды. Жаңа билеүшiлер император кеңесiн енгiздi.

12.Ежелгі Қытайдағы Шан Ян реформалары

Цинь мемлекетiнiң күшеюiне сановник Шан Янның реформасының әсерi болды. Реформаның мәнi: 1) жердi еркiн алып сатуға жол берiлдi. Оның нәтижесiнде қауымдық жерлер азайды; 2) әкiмшiлiк территоряға бөлiну мемлекеттi орталықтандыруға көмектестi; 3) салық жүйесi өзгеруi, салық өңделетiн жер көлемiне сай алынды; 4) әскери реформа бойынша 18 әскери дәреже бекiтiлдi. Осы реформалар мемлекеттiң күшеюiне алып келдi. Императорлар бiрiңғай жазу таңбаларын, салмақ және ұзындық өлшемдерiн енгiздi. Бiрнеше басқа Қытай мемлекеттерiн бiрiктiрген Цин елiн император (хуанди) басқарды. Оның қолында заң шығарүшы, атқарүшы және сот билiгi шоғырланды. Чиновниктердiң үлкен аппараты патшаға қызмет еттi. Үлкен империя территориясы 36 облысқа бөлiндi. Ең төменгi әкiмшiлiк бiрлестiк “тин” деп аталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]