Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IGPZ_otvet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

13.Афиныдағы Солон және Клисфен реформалары.

Ру ақсүйектерi мен демостың (саудагерлер, қолөнершiлер, егiншiлер) арасында қайшылық б.э.д. VI ғ. Афинадағы iшкi жағдайды шиеленiстiрдi. Осы шиеленiстi жою үшiн және мемлекеттiң құрылысты сақтап қалу мақсатында әлеуметтiк және саяси қайта құрулар қажет болды. Б.э.д. 594 ж. архонт болып сайланған Салон реформалар жүргiздi. Оның бiрiншi, әрi iрi реформасы, “сисахфия” деп аталды. Бұл реформа бойынша қарыз болып құлға айналғандар бостандық алды. Шет елге сатылғандары – керi сатылып алынды. Салон жер иелену төлемiн шектейтiн заң шығарды және өсиет қалдыру бостандығы жарияланды. Бұл жеке меншiктiң дамуына және кедейлердiң жерлерiнен айрылуына алып келдi. Қалалық кеңес реформасы. Бұрын Солон Конституциясы бойынша әр филдан 100 өкілден қатысып, барлығы 400 адам қалалық кеңеске кірген. Клисфен әр филден 50 адам сайланып барлығы 500 адам болып жаңа "бесжүздің кеңесі" құрады. Кеңес 10 секцияға бөлініп, әр бөлімшеде 10 филдың өкілдері қатысу міндетті болды. 6000 сот сайланып, олар да 10 филдың өкілдерінен бірдей қылып алынған.

Басқа реформалар. Клисфен дәуірінде бай әулеттердің басымдылығы жойылып, әр 18-ге келген афиндықтың (феттерден басқа) саясатта ролін атқаруға мүмкіншілігі бар болды.

Клисфен реформалары Афинада мемлекет қалыптасуын аяқтады. Нәтижесiнде Афинада демократиялық республика нысанындағы құл иеленүшiлiк мемлекет қалыптасты. Аймақтық бөліну. Реформа жүргізу алдында Афины 4 тайпалық аймаққа бөлінетін (фила). Реформадан кейін аймақтық бірлігі болып "деревня" (дем) санала басталды. Бірнеше демдер - тритийді құрайды, ал триттий - филды құрайды. Фил арқылы демдер мемлекеттік басқарудға қатысады. Триттийдің саны -30 болған, ал филдар - 10.

Осы Клисфен бойынша демге бөлінуі б.д. 4 ғ-на дейін сақталған, ол кездерде 13 фил, 200 дем болған.

Және 10 стратегтен әскери коллегия құрылды. Оны архонт-полемарх басқарды. Клисфен кезінде острахизм енгізілді. Клисфенреформалары Тезейдің кезінде басталған Аттиканың бірігуін аяқтады. Афиныда демократия күшейіп, афиндақтар көп жеңістерге жетті.

14.Афинының мемлекеттік құрылысы.

. Б.э.д II м.ж. соңында Аттиканы өзiн-өзi басқарүшы төрт тайпа мекендедi. Осы тайпалардың бiрiгуi Афины мемлекетiнiң құрылуына келдi. Тайпалардың бiрiгуi грек батыры Тесейдiң атымен белгiлi. Тайпалардың бiрiгуi ру-тайпалық ұйымды ыдыратып, Афиныда тайпалар iсiн басқаратын Кеңестiң пайда болуына алып келдi.

Афины полисы - қоғамның территориялық нысанындағы саяси ұйымы болды. Қоғам дамуы әлеуметтiк топтардың бекiтуiн және қалыптасуын көрсеттi. Ру ақсүйектерi эвпатридтердi (игi ниеттiлер) құрады. Геаморлер – егiншiлерден, демиургтер - қолөнершiлердi құрады. Афиныда тұратын басқа қауымдар мүшелерiн метектер деп атады. Олардың құқығы саяси және экономиқалық жағынан шектеулi едi (жер, үй иесi болуға тиым салынды, ерекше салық түрлерiн төледi).

Эвпатридтер байлығына және қоғамдық қызметiне арқа сүйеп базилевестер билiгiн шектей бастады. Базилевс қызметiн эвпатридтерден сайлайтын архонттар атқарды. Алғашқыда архонттар өмiрлiкке сайланды, кейiн 10 жылмен шектелдi. Б.э.д. 683 ж бастап жыл сайын 9 архонтты сайлайтын болды. Архонттар қоллегиясы әскери, дiни және сот қызметiн қабылдап қана қоймай елдегi билiктi де өз қолына алды.

Осы б.э.д. VIIIғ. тағы бiр жария басқару орғаны - ариопаг пайда болды. Ариопаг архонттарды сайлап және бақылап отырды. Ариопаг құрамына тек эвпатридтер, соның iшiнде бұрынғы және жаңа архонттар кiрдi.

Афины территориялық округтер – наукрариллерге бөлiнiп, олар теңiз флотыүшiн бiр корабльдi жабдықтады. Наукрарил басшысы “притан”-деп аталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]