Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция макроэкон.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679 Кб
Скачать
☆

Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі

Банктер шотынан ақша беруге арналған автоматтарды ойлап табу қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетті, яғни халықтың ақша қорына деген сұранысын төмендетті. Мысалы, автоматты ендіргенге дейін адам орташа алғанда жетісіне бір рет банкке барып 100 долл. алады және оны бір апта бойы ұстайды деп жорамалдайық. Бұл жағдайда қолдағы ақшаның орташа мөлшері 50 долл. Автоматтар пайда болғаннан кейін адам банкке аптасына екі рет барып 50 долл. алады. Енді қолдағы ақшаның орташа мөлшері 25 долл. Демек, осы жағдайда ақша қорына деген сұраныс 2 есе.

Осы ақша қорына деген сұраныстың азаюы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне сай:

M / P = kY

Мұнда k=1/V

Нақты өрнектелуде ақша қорының азаюы өнім шығаруға көлемінде k төмендеуін және V жоғарлауын туғызады. Ақша автоматтарын ендіргеннен бастап адамдар қолда ақшаны аз ұстайды, ал одан ақша айналымы жылдамдайды. Сөйтіп, адамдар банктік автоматтардан қолма-қол ақшаны жиі алатындықтан, ақша алу мен оны жұмсау арасында аз уақыт өтеді. Яғни, ақша айналысының жылдамдығы өседі.

Егер ақша көлемі өзгеріссіз қалса, онда ақша айналысы жылдамдығының өсу нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы 10-суретте көрсетілгендей оңға қарай жылжиды.

P LRAS

C

B SRAS

AD2

AD1

А

У

10-сурет. Жиынтық сұраныстың өсуі

Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі көлемінің өсуін туғызады, яғни экономикалық өсу. Фирмалар өнімін ескі бағамен көбірек сатады. Сондықтан олар көп мөлшерде жұмысшыларды жалдайды, жұмыс сағатын көбейтеді және кәсіпорындар мен құрал-жабдықты көбірек қарқынмен пайдаланады. Біраз уақыт өткеннен кейін жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі баға мен жалақының көбеюіне әкеледі. Баға өскен сайын тауарларға деген сұраныс азаяды, ал өнім шығару деңгейі біртіндеп табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ неғұрлым тауарлар мен қызметтер көлемі жоғарылаған сайын өндірілетін өнім көлемі табиғи деңгейден төмен болады. Бұл өсуді бейтараптандыру үшін және өндірісті ұстап тұру үшін, ақша айналысының жылдамдығы кемшіліктерін бейтараптандыру үшін Ұлттық банк ақша ұсынысын азайта алады. Бұл жиынтық сұранысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк сұраныс жағынан өнім көлеміне және толық жұмыспен қамтамасыз етілуге болатын сілкіністердің әсерін ақша ұсынысына қатаң бақылау жасау арқылы жою және қысқарту мүмкіндігіне ие.

Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер

Жиынтық сұраныс жағынан болатын сілкіністер – экономикалық тербелістердің жалғыз қайнар көзі емес. Олардың тағы бір себебі жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер – бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға сілкіністері деп атайды. Баға сілкіністерінің бірнеше мысалдарын келтірейік:

  • Өнімді жоятын құрғақшылықтар – азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін туғызады.

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді.

  • Кәсіподақ күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны және еңбек ақының жоғарылауына әкеп соқтырады.

  • Халықаралық мұнай картельдерінің ұйымы – негізгі мұнай өндірушілерге мұнайға деген әлемдік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің шектелуі.

Осы мысалдардың барлығы өндіріс шығындарының және бағаның күрт өсуіне әкелетін ұсыныстың қолайсыз сілкіністерінің санатына жатады. Ұсыныс жағынан болатын қолайлы сілкіністер (мысалы, халықаралық мұнай картельдерінің бағаны төмендетуі), өндірістік шығындарының азаюына және бағалардың төмендеуіне әкеледі. 11-суретте қолайсыз ұсыныс өзгерісінің салдары бейнеленген.

P LRAS

A SRAS 2

B

AD1 SRAS1

С

AD2

У*

11-сурет. Ұсыныс жағынан болатын қолайсыз сілкіністер

Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы жоғарыға қарай жылжиды (ұсыныс жағынан туындайтын сілкіністер өнім шығарудың табиғи деңгейінің төмендеуін туғызуы мүмкін және соның нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы солға қарай ығысуы мүмкін, бірақ біз одан бас тартамыз). Егер жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса А нүктесінен В нүктесіне ауысу болады: баға деңгейі өседі, ал өнім шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды. Мұндай жағдай құлдыраушылық (стагфляция) деп аталады, себебі мұнда тұралау инфляциямен әрекеттеседі.

Жиынтық сұранысты реттей алатын мемлекеттік құралдар, ұсыныс жағынан туындайтын қолайсыз сілкіністерге байланысты проблемаларды шешу кезінде, экономикалық саясаттың екі варианттының бірін таңдауы керек. Бірінші вариант 11-суретте көрсетілгендей, жиынтық сұранысты тұрақты күйінде ұстап тұрумен байланысты. Бұл жағдайда өнім шығару және толық жұмыспен қамтылу деңгейлері өз табиғи деңгейінен төмен болады. Ерте ме, кеш пе, баға өзінің бұрынғы деңгейіне дейін және толық жұмыспен қамтылу қалпына келеді (А нүктесі). Бірақ бұл кезде өнім шығарудың қысқару үрдісіне жол беріледі.

P LRAS

C SRAS2

B SRAS1

A

AD1 AD2

Y * Y

12-сурет. Ұсыныс жағынан туындайтын сілкіністерді жеңілдету

Екінші вариант 12-суретте өрнектелгендей, өнім шығарудың табиғи деңгейін жылдам қалпына келтіру үшін, жиынтық сұранысты жоғарлатуға негізделеді. Егер жиынтық сұраныстың өсуі өлшемі жиынтық ұсыныс сілкінісі (шок) өлшемімен сәйкес келсе, онда А нүктесінен С нүктесіне ауысады. Мұндай жағдайда, Ұлттық банк ұсынысы жағынан туындаған сілкініс (шок) қайшылықтарын жеңілдету мүмкіндігі туды деуге болады. Мұндай шешімнің кемшілігі – болашақта бағалардың жоғарғы деңгейінде сақталуы. Бір уақытта толық жұмыспен қамтуды және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ететіндей, жиынтық сұранысты сондай деңгейде ұстап тұратындай әдістер әлі жоқ.

Негізгі түсініктер:

Жиынтық сүраныс, жиынтық ұсыныс, тұрақтандыру саясаты, стагфляция, сілкініс, классикалық және кейнстік үлгідегі жиынтық ұсыныс, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторлары, классикалық үлгідегі атаулы айнымалылардың икемділігі, кейнстік үлгідегі атаулы айнымалылардың қатаңдығы.

Студенттерге тақырып бойынша дайындық сұрақтары:

  1. Жиынтық сұраныс және оған әсер ететін бағалық және бағалық емес факторлар.

  2. Жиынтық сұраныс қисығының өзгеруіне әсер ететін факторларды атаңыз.

  3. Ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныстың ерекшелігі.

  4. Ұзақ мерзімде жиынтық ұсыныс қисығы.

  5. Қысқа мерзімде жиынтық ұсынысты талдау.

  6. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңесуі.

  7. Ұзақ мерзімде жиынтық сұраныстың өзгеруі экономикаға қалай әсер етеді?

  8. Қысқа мерзімде жиынтық сұраныстың өзгеруі экономикаға қалай әсерін тигізеді?

  9. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін тұрақтандыру саясаты қалай түсіндіресіз?

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. М: «Дело и Сервис»2001

  2. ТарасевичЛ.С. Макроэкономика –СПб-2005

  3. Макконнелл К., Брю С.,Экономикс/ Пер.с англ.-М.,2000

  4. Р. Дорнбуш, С Фишер. Макроэкономика/Пер с англ.-М.,1997

6-лекция