- •Аралық өнiм және қосымша қосылған құн
- •Тұтыну бағасының индексi және жұө дефляторы
- •Негізгі түсініктер
- •Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім
- •Циклдық емес тербелістер
- •Жұмыссыздық түрлері
- •Циклдық жұмыссыздық
- •Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
- •Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
- •Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы
- •Қысқа мерзісдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау
- •Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
- •Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер
- •Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.
- •Іs қисығын алгебралық жолмен шешу.
- •Lm қисығын алгебралық жолмен шешу
- •Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
- •Ашық экономика
- •1. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
- •Экономиканың өсу Лекция жоспары:
Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.
Лекция жоспары:
1. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік.
2. Нақты және жоспарланған шығындар. Кейнс кресі.
3. Тепе-теңдік өнім деңгейінің экономикалық әлует айналасындағы тербелісі. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.
1-сұрақ
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар.
1-ші көзқарас неоклассикалық деп аталады-баға нарықты тепе теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалдайды. Мұнда баға тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонмен қатар пайыздық мөршерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді.
2-ші көзқарас Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады- белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім есем, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады.
Тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететеін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс -ұсыныс үлгісімен синтездеуге болады.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді.
1-ші ресурстардың толық жұмсалуымен өнділіген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі У=C+I+G+Xn .жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс өзара тепе-теңдікте.
2-шіден , егерде осы жағдай болса, онда еңбекақы баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақш нарығы әрқашан. Инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейде ерікті жұмыссыздық болуы мүмкін. AD=AS,Y=Y*
Кейнстік экономикалық теория сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен сәйкес келмейді.
Р
AS
A
AD
Yo
≠ Y*
У
У
А нүктесінде . AD=AS теңдігі орнайды, біріқ тепе-теңдік өнім көлеміY<Y*. Бұл сәйкессіздіктің себебі әртүрлі экономикалық агенттермен ісеке асырылатын инвестиция және қор жинағы жоспарларының сәйкес келмеуі.
Үй шаруашылығы қор жинағының мотивтері:
1) Қымбат тауарларды сатып алу;
2) Қарттықты қамтамасыз ету;
3) Кездейсоқ жағдайлардан сақтану;
4) Балалар болашағын қамтамасыз ету.
Фирма инвестицияларының мотивтері.
1) таза пайда нормасын барынша көбейту;
2) нақты пайыз мөлшерлемесі.
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор-пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбіреке қор жинап, азырақ тұтына бастайды. Үй шаруашылығының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылығының қолда бар табыс көлемі тұтыну мен қор жинау динамикасын анықтайтын басты фактор болып табылады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функцияларында бейнеленеді:
С=a+b (У-Т) С-тұтыну шығыны, а-автономды тұтыну, b –тұтынуды шекті бейімділігі, У-табыс, Т-салықтық аударымдар.
МРС=∆С/∆УD МРС-тұтынудың шекті нормасы, ∆С-тұтыну шығындарының өсімшесі,∆УD- қолда бар табыстың өсімшесі.
АРС=С/УD АРС-тұтынудың орташа бейімділігі, С-тұтыну шығындарының көлемі, УD-қолда бар табыс көлемі.
S=-a+ (1-b) (Y-T)
S- жеке меншік сектордағы қор жинағы, (1-b)-тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.
МРS= ∆S/∆ УD
МРS-қор жинағының шекті бейімділігі.
∆S-қор жинағының өсімшесі.
АРS=S/ УD АРS-қор жинағының орташа бейімділігі,
Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар:
Үй шаруашылығында жиналған байлық;
Үй шаруашылығының табысы
Баға деңгейі
Экономикалық күту
Тұтынушы қарыздарының көлемі
Салық салу деңгейі.
Инвестициялардың негізгі түрлері:
өндірістік инвестициялар
тауарлы-материалдық қордағы инвестициялар
тұрғын үй құрлысына инвестициялар.
Автономды инвестициялардың қарапайым функциясы:
I=e-dk
I-автономды инвестиция шығындары
е-сыртқы экономикалық факторлар арқылы анықталатын автономды инвестициялар
d-эмперикалық коэффицент
k-нақты пайыз мөлшерлемесі
Инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар:
таза табыстың күтілеті отырған нормасы
нақты пайыз мөлшерлемесі
салық салу деңгейі
өндіріс технологиясындағы өзгерістер
қолдағы негізгі капитал
экономикалық күтулер
жиынтық табыстың динамикасы.
Жиынтық табыстың артуымен автономды инвестициялар көлемі ЖҰӨ өсу барысында өсетін ынталандыру табысымен толықтырылады.
Инвестицияға шекті бейімділік: γ═∆ I/∆Y
∆ I-инвестициялар өзгерісі, ∆Y-табыс өзгерісі
Инвестиция тұрақсызыдығын анықтайтын негізгі факторлар:
1)құрал-жабдықтардың ұзақ мерзімде жұмыс істеуі
2)инновациялардың тұрақсыздығы
экономикалық күтулердің өзгергіштігі
ЖҰӨ циклдік ауытқулары
2-сұрақ.
Нақты инвестициялар құрылымында жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы – материалдық қорларға (ТМҚ) инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың нақты көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе –теңдікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.
Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы E= C + I + G Xn графикалық түрде жоғары қарай I + G Xn көлеміне “ығыстырылған” тұтыну функциясы C = a+b (Y-T) ретінде бейнеленеді. Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі жиынтық табыс Y – тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді (a + I +G +Xn).
Автономды шығындар көлемі (a + I +G + g) таза экспорт функциясын ескере отырып мынаған тең болады:
Xn = g – m/ Y
g – автономды таза экспорт
m/ - импорттаудың шекті бейімділігі
Y – табыс
Xn – таза экспорт
Импорттаудың шекті бейімділігі
∆M
m
/
=
∆Y
∆M – импортқа шығындардың өзгерісі
∆Y – табыс өзгерісі
У Е жоспарланған шығын
У═Е
Е1
Е0 А
E=C+I+G+Xn
Жоспарланбаған
Е2
қор жинау
жоспарланбаған
қордың
қысқаруы
У2
Уо У1
1– сурет
Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға да шығындарын өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Y көлеміне тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс Y динамикасы мен оның таза экспортының Xn динамикасы арасындағы тәуелділік теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.
1- суретті талдасақ жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Y= E сызығын). Келтірілген сызба Кейнс кресі атауын алған. Y= E сызығында әрқашан нақты инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде табыс жоспарланған шығындарға тең және нақты инвестициялар мен қор жинақтары теңестіріледі, яғни макроэкономикалық тепе –теңдік орнайды.
Егер нақты өнім шығару көлемі Y1 тепе –теңдік көлемінен Y0 артса, онда ол сатып алушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындығын, яғни AD < AS білдіреді. Өткізілмеген өнім ТМҚ формасын алады, ол өспелі. Қорлардың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді, ал ол соңында ЖҰӨ - ді азайады. Біртіндеп Y1 Y0 – ге дейін төмендейді, яғни табыс және жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігі орнайды (яғни AD=AS).
Керісінше, нақты өнім көлемі Y2 тепе – теңдік көлемінен Y0 кіші, фирмалардың тұтынушылар сатып алуға дайын көлемнен төмен шығаратынын, яғни AD>AS білдіреді. Көтерілген сұраныс фирма қорларының жоспарланбаған қысқаруы есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне ынталандыруды қалыптастырады. Соңында ЖҰӨ біртіндеп Y2 – ден Y0 – ге дейін өседі және қайтадан тепе – теңдік AD=AS орнайды.
3-СҰРАҚ.
Өнімнің тепе –теңдік деңгейі Y0 кез келген құрауышы: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт көлемінің өзгерісіне сәйкес тербеле алады. Осы құрауыштардың кез келгенін өсірсе, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды және өнімнің тепе –теңдік деңгейінің өсуіне көмектеседі. Жиынтық сұраныстың кез келген құрауышының төмендеуі жұмысбастылық пен тепе – теңдік өнімінің құлдырауымен бірге жүреді.
Автономды шығындар құрауыштарының кез келген өсімі
∆A=∆(a +I +G +Xn)
Мультипликатор әсеріне байланысты жиынтық табыстың өсімі біршама үлкенірек болады.
Автономды шығындар мультипликаторы – тепе – теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатысты.
∆ Y
m =
∆ А
m – автономды шығындар мультипликаторы
∆ Y – тепе – теңдік ЖҰӨ өзгерісі
∆ А– Y динамикасынан тәуелсіз автонмды өнімдердің өзгерісі.
Мультипликатор жиынтық табыстың сомалық өзгерісі (қысқаруы) автономды шығындардың алғашқы өзгерісінен (қысқаруынан) қанша есе асатынын көрсетеді. Автономды шығындардың кез келген құрауышының бір рет өзгеруі, ЖҰӨ - ң көп рет өзгеруін тудыратынын ескеру қажет. Егер, мысалы, автономды тұтыну белгілі бір ∆СА көлеміне өссе, онда бұл жиынтық шығындарды және табысты Y дәл сол көлемге өсіреді, бұл өз кезегінде (табысты өсіргендіктен) тұтынудың туынды өсімін тудырад, бірақ енді МРС х ∆СА көлеміне өседі және ары қарай “табыс -шығын” айналым сызбасымен өседі.
Тізбе пайда болады:
∆СА ↑ →AD↑ → Y↑ → C↑ → AD↑ → Y↑ → AD↑ → Y↑ және т.б.
Осы қарапайым сызбадан жиынтық табыс Y алғашқы импульске ∆СА ↑ көп дүркін әсерлесетінін көруге болады, бұл автономды шығындар мультипликатор көлемінде бейнеленеді. Бұл C, I, G немесе Xn көлемдеріндегі салыстырмалы кіші өзгерістер жұмысбастылық және шығарылым деңгейінде үлкен өзгерістерді тудыратынын білдіреді. Мультипликатор, осылайша, автономды шығындардағы өзгерістер тудырған іскер белсенділік тербелісін күшейтетін экономикалық тұрақсыздықтың факторы болып табылады.
С
ондықтан
үкіметтің бюджет –салық саясатының
негізгі міндеттерінің бірі тұтынудың
шекті бейімділігі (МРС) көлемін
салыстырмалы төмендету арқылы
мультипликация әсерін әлсіретуге
мүмкіндік беретін экономиканың енгізілген
тұрақтандырушылар жүйесін құру болып
табылады. Бұл мәселе ынталандырылған
инвестициялар жағдайында күрделене
түседі, өйткені өндірістің келесі
циклінде өскен жиынтық табыс Y – тан
жоғары тұтынушылық қана емес, сонымен
қатар өсіп келе жатқан инвестициялық
шығындар қаржыланады және супермультипликатор
әсері пайда болады.
Рецессиялық үзіліс - тепе –теңдік ЖҰӨ -ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың ) өсуіне қажетті көлем.
∆У=рецессисялық үзіліс өлшемі * автономды шығындар мультипликаторының өлшемі
Егер нақты өнім шығару тепе – теңдік клемі Y0 әлеуетті Y* көлемінен төмен болса, бұл онда жиынтық сұраныс тиімсіз екенін білдіреді, яғни жиынтық шығындар AD=AS тепе –теңдікте болғанымен ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етуге жеткіліксіздігі экономикаға күйзелісті әсерін тигізеді.
Рецессиялық үзілісті жеңіп шығу үшін және ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін, жиынтық сұранысты ынталандыру және тепе –теңдікті А нүктесінен В нүктесін “ығыстыру” қажет. Сонымен қатар, тепе –теңдік жиынтық табыс өсімі ∆ Y қүрайды.
∆ Y – рецессиялық үзіліс көлемі
х- автономды шығындар мультипликаторының көлемі
Инфляциялық үзіліс –ЖҰӨ -ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс (жиынтық шығындар) кему көлемі.
Егер нақты шығарылымның тепе –теңдік деңгейі Y0 , әлеуетті Y* - тан үлкен болса, онда бұл жиынтық шығындар артық екнін білдіреді. Жиынтық сұраныс артықшылығы экономикада инфляциялық дүрлігіс тудырады: баға деңгейі өседі, өйткені фирмалар өндірісті өсіп жатқан жиынтық сұранысқа баламалы түрде кеңейте алмайды, өйткені барлық ресурстар жұмсалып отыр.
Инфляциялық үзілісті жеңу жиынтық сұраныстың ұсталып тұруын және тепе –теңдіктің А нүктесінен В нүктесіне “ауысуын” болжайды. Сонымен қатар жиынтық табыс ∆ Y қысқаруын құрайды:
∆ Y= - инфляциялық үзіліс көлемі * автономды шығындар мультипликаторының көлемі
Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмытылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе – теңдік ЖҰӨ -ң төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады.
Студенттерге арналған дайындық сұрақтары:
Жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін талдаудағы классикалық , кейнстік экономикалық теориялар.
Инвестиция мен жинақтың сәйкесісздігіне әсер ететін факторлар.
Қысқа және ұзақ мерзімде АРС және АРS қалай өзгереді?
Нақты және жоспарланған шығындардың өзгеруі экономикаға қалай әсерін тигізеді.
Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.
Үнемділік оғаштығы (парадоксы).
Пайдаланған әдебиеттер:
Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. М: «Дело и Сервис»2001
ТарасевичЛ.С. Макроэкономика –СПб-2005
Макконнелл К., Брю С.,Экономикс/ Пер.с англ.-М.,2000
Р. Дорнбуш, С Фишер. Макроэкономика/Пер с англ.-М.,1997
5-лекция
