- •Диагностикалық ветеринарлық препараттар.
- •Профилактикалық биологиялық препараттар.
- •Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар.
- •8. 9. Диагностикумдар туралы жалпы мәліметтер
- •Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік реестрі.
- •Ветеринарлық препараттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі.
- •15. Ветеринарлық препараттар өндіретін ветеринарлық кәсіпорын қызметін лицензиялау
- •17. 18. Қр мемлекеттік шекарадан импорт кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі.
- •19 Қр мемлекеттік шекарадан транзит кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі
- •Вакциналардың өндірілуіне талаптар.
- •Вакциналардың қолданылуы.
- •Мемлекеттік тіркеуге жататын ветеринарлық препараттардың және азық қоспаларының құжаттарына қойылатын талаптар.
- •23.Қазақстандағы микроорганизм үлгілерінің музейлік архивтер
- •24.Инфекциялық аурулардың терапиясының жалпы принциптері
- •25.Арнайы терапия және қолданылатын препараттары
- •26.Топтық және арнайы емес терапия
- •33. Инфекциялық аурулармен күресудің негізгі жолдары.
- •35. Жұқпалы аурулармен күресу кезінде тиімділіктің індеттік бағасы.
- •36 Індетке қарсы шаралар саласында халықаралық қатынастар.
8. 9. Диагностикумдар туралы жалпы мәліметтер
Диагностикумдарды дайындау технологиясы
диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар
диагностикум - зерттелетін материалда антигенді, антиденелерді, дезоксирибонукеинді (бұдан әрі - ДНК) мен рибонуклеинді (бұдан әрі - РНК) қышқылдарды анықтауға арналған препарат;
Диагностикалық және өзге де зерттеулер кезінде олармен жұмыс істеуге рұқсаты болмаған зертханаларға бөлінген I-IV патогенді топтар микроорганизмдері режимдік комиссияның тиісті рұқсаты бар зертханаға берілуі тиіс.
Диагностикалық мақсатта аурудың қанынан антидене, бактериятасушылар байқалған кезде сериологиялық реакциялар қолданылады. Серологиялық реакцияларды қою үшін диагностикумдар қойылады. Диагностикум – құрамында залалсыздандырылған м/о н/е анықталған антигендері бар препараттар.
Диагностикумды дайындау үшін антиденеге сезімталдылығы жоғары және антигендік қасиетін узақ сақтайтын штамдар алынады. М/о иактивациялау үшін диагностикумды дайындаған кезде химиялық заттарды, мысалы формалинді қолданады.
Серологиялық реакцияларда спецификалық антиденелерді анықтау үшін келесідей диагностикумдар қолданылады:
Бактериалық диагностикум – құрамында өлтірілген м/о н/е бактериялардың өзге антиген компоненттері бар: О, Н н/е Vi-антиген және агглютинация реак қолданылады.
Эритроцитарлық диагностикум – бактериялардан алынған антигендермен адсорцияланған эритроциттер. Пассивті гемагглютинацияда қолданады.
Вирустық диагностикум – өлтірілген вирустары бар сұйық препараттар. КБР, ГАТР қолданылады.
10-11. 14. Вакцинаның сапалық көрсеткіштері.
Вакцина препараттарын өндіру кезіндегі сапасын қамтамасыз ететін принциптер мен заманауи концепциясы
1. Сәйкестілігі. Вакцинаның сәйкестілігін референс-препараттар қолдану арқылы зерттейді, сонымен қатар, құрамында метионин, триптофанның болу-болмауын анықтауда спектрофотометрия, аминқышқылдық анализдер жүргізеді. 2. Стерильділігі. Оны лабораториялық зерттеу кезінде өсінділерге сынама жүргізу арқылы орындалады. Стерильділікті бақылауды өндірістік жағдайдың әр тұрлі этаптарында мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар жүргізеді. 3. Уыттылығы. Оны тексеру жұмыстары тышқандарға 1-5 адамдық дозаны енгізу арқылы жүргізіледі. Егер 7 күн ішінде ешқандай теріс белгілер мен дене салмағының азаюы байқалмаса, препарат зиянсыз болып табылады. 4. Пирогенділігі. Оны анықтау 3 таза қояндарға 1 адамдық дозаны тамырға енгізу арқылы жүргізіледі. Дене температурасының өзгерістеріне байланысты препараттың пирогенділігі анықталады. 5. Қоспалары. Олардың идентификациясы иммуноблот, радиоактивті және иммуноферментті талдау көмегімен анықталады. Егер қоспалардың барлығын алып тастау мүмкіндігі болмаса, препараттың құрамындағы концентрациясын анықтап, оның зиянсыз екендігін дәлелдеу қажет. 6. Тұрақтандырғыш пен қосындылар. Олар вакцина препаратының белсенділігін төмендетпей, организмге терісінен әсер етпеуі тиіс. 7. Адъюванттар (алюминий, кальций). Концентрациясы 1 дозаға 1,25-1,3мг-нан асып кетпеуі қажет. Препаратқа қосылатын адъюванттардың организмде қорытылу мүмкіншілігі болуы керек. 8. Су, ерітінді, реагенттер. Вакцина өндірісінде қолданылатын бұл заттардың көлемі мемлекттік ветеринарлық талаптарға сай болуы қажет.
