- •Диагностикалық ветеринарлық препараттар.
- •Профилактикалық биологиялық препараттар.
- •Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар.
- •8. 9. Диагностикумдар туралы жалпы мәліметтер
- •Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік реестрі.
- •Ветеринарлық препараттарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі.
- •15. Ветеринарлық препараттар өндіретін ветеринарлық кәсіпорын қызметін лицензиялау
- •17. 18. Қр мемлекеттік шекарадан импорт кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі.
- •19 Қр мемлекеттік шекарадан транзит кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі
- •Вакциналардың өндірілуіне талаптар.
- •Вакциналардың қолданылуы.
- •Мемлекеттік тіркеуге жататын ветеринарлық препараттардың және азық қоспаларының құжаттарына қойылатын талаптар.
- •23.Қазақстандағы микроорганизм үлгілерінің музейлік архивтер
- •24.Инфекциялық аурулардың терапиясының жалпы принциптері
- •25.Арнайы терапия және қолданылатын препараттары
- •26.Топтық және арнайы емес терапия
- •33. Инфекциялық аурулармен күресудің негізгі жолдары.
- •35. Жұқпалы аурулармен күресу кезінде тиімділіктің індеттік бағасы.
- •36 Індетке қарсы шаралар саласында халықаралық қатынастар.
15. Ветеринарлық препараттар өндіретін ветеринарлық кәсіпорын қызметін лицензиялау
Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң
жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн
лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру
сыныптары);
лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта рәсiмдеуге,
лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге
асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға,
лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының
лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге
бағытталған қызметi;
29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: -ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру; -жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу.
17. 18. Қр мемлекеттік шекарадан импорт кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі.
ҚР мемлекеттік шекарадан экспорт кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі
3-зертханалық сабақта жазылған!!! Сол жерден оқындар!!! Печатайтетуге еріндім! =))
19 Қр мемлекеттік шекарадан транзит кезінде ветеринарлық бақылауға жататын жүктерге бақылау жүргізу тәртібі
Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi. 2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті; 2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер (облыс, аудан, облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана). 3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары: 1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардың алдын алу; 2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою. 4. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган: 1) аумақтық бөлiмшелерi, оның iшiнде ветеринариялық бақылау бекеттерi бар ведомство; 2) мемлекеттiк органдардың жануарларды ұстайтын және пайдаланатын ветеринариялық бөлiмшелерi болып табылады.
