Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opabek_nurdaulet_srs_syrt_1179_y_ekonomikaly_11...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

Қазақстанның сыртқы саудасы

2008 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 109,1 млрд АҚШ долларын кұрады. Оның 65%-ы экспортқа тиесілі болды. Еліміздің сыртқы саудасының географиялық құрылымы соңғы онжылдықта едәуір өзгеріске түсті. Кейінгі жылдары Қазақстан импортында ТМД елдерінің үлесі артты, экспортта Еуропа елдері жетекші орын алады. Экспорттың географиялық құрылымында салықтық жеңілдіктерге ие офф-шорлық зоналардың үлесі артуда. Өйткені Қазақстаннан мұнай мен түсті металдар сатып алатын ірі компаниялардың кейбіреулері осындай аумақтарда тіркелген. Қазақстанның сыртқы саудасының тауарлық құрылымы соңғы жылдары экспорт пен импорттағы жеке тауарлар үлесінің артуына немесе кемуіне байланысты едәуір өзгеріске түсті. Басты экспорттық өнім — мұнай және газ конденсаты 1995 жылы 793 млн АҚШ доллар көлемінде сыртка сатылса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 11417 млн АҚШ долларына жетті. Керісінше осы уакыт аралығында көмірді сыртқа сату көлемі екі еседей кысқарды. Соңғы бес жылда машиналар мен жабдықтар, көлік кұралдарын сатып алуға жұмсалған каржы екі есе артты; табиғи газ бен электр энергиясын сатып алу көлемі бірнеше есеге кыскарды. Сонымен, дүниежүзілік сыртқы сауда — халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде ұлттық шаруашылықтарды өзара байланыстыратын маңызды сала; Қазақстанның сыртқы саудасы осы күрделі жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.

Сауда державалары

1 АҚШ $3,173,000,000,000 2010 жыл

2 Қытай $2,813,000,000,000 2010 жыл

3 Германия $2,457,000,000,000 2010 жыл

4 Жапония $1,402,000,000,000 2010 жыл

5 Франция $1,086,400,000,000 2010 жыл

6 Ұлыбритания $952,100,000,000 2010 жыл

7 Италия $918,100,000,000 2010 жыл

8 Оңтүстiк Корея $884,200,000,000 2010 жыл

9 Нидерланд $859,700,000,000 2010 жыл

- Гонконг $820,000,000,000 2010 жыл

10 Канада $813,200,000,000 2010 жыл

11 Сингапур $666,800,000,000 2010 жыл

12 Ресей $614,000,000,000 2010 жыл

13 Мексика $609,000,000,000 2010 жыл

14 Үндістан $606,700,000,000 2010-11

15 Испания $592,900,000,000 2010 жыл

16 Бельгия $560,900,000,000 2010 жыл

17 Тайвань (Кытай Республикасы) $524,800,000,000 2010 жыл

18 Швейцария $453,000,000,000 2010 жыл

19 Австралия $411,100,000,000 2010 жыл

20 Бразилия $387,400,000,000 2010 жыл

Сыртқы Экономикалық Қызметіндегі (СЭҚ) кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті. 

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы» Қаулысы жатады.

Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1.           Кедендік баж

2.           Кедендік алымдар

3.           Алымдар

4.           Алдын ала шешім үшін төлемақы.

— Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден  кодексімен айқындалады.

— Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды  ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.

— Төлеушілер, салықтарды  есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.

— Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының мынадай түрлері бар:

  1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есептелінетін – адваларлық ;

  2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті;

  3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының  кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

1. Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейлі және оларресми жарияланғаннан кейін күнтізбеліп отыз кү өткен соң күшіне енеді.

2. Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.

3.  Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.

4.  Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

Күрделі кеден тарифі – айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпипке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф қолданылады.

 Кедендік тариф – тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесі нарықтық реттеуге  жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.

Кеден тарифтері – тауарлардың жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

Тариф – түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.