Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Opabek_nurdaulet_srs_syrt_1179_y_ekonomikaly_11...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

2.Қазақстан Респулбикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына

кіруі ерекшеліктері.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мәселелеріне тоқтамас бұрын, «Дүниежүзілік Сауда Ұйымы дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік.

1994 Жылға дейін жұмыс істеген гатт (Генеральное соглашение по тарифам и торговле) ұйымының нормаларын ескеріп отыратын дсұ өз қызметін 1995 ж. 1-қаңтардан бастады.

ДСҰ жалпы институционалды шектеулерді құруды қарастырады. Жаңа ұйым өз қызметтерінде жанжалдарды реттеу ережелері туралы Меморандумын және сауда саясатын қайта қарастыру Механизмін жетекшілік ету керек.

ДСҰ-ның негізгі мақсаты болып өмір деңгейін жоғарылату үшін мүше мемлекеттердің коммерциялық және экономикалық бағытын мыналар арқылы жүзеге асыру болып табылады:

  • толық жұмысбастылықты қамтамсыз ету;

  • тауар мен қызметтердің өндірісін және сауда айырбасын өсіру;

  • ұзақ мерзімді даму, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шикізат көздерін оңтайлы пайдалану.

Сыртқы сауданы реттеуді қолдану үшін ГАТТ-ның Уругвайлық раунд шешімі негізінде және басқа да кейбір келісімдер бойнша рұқсат етіледі.  Мысал үшін келесідей шараларды қолдануға рұқсат беріледі:

  • экономикалық емес мақсаттардағы сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

  • экономикалық тығырықтан (ұлттық өндіріске келтірілген зиян, төлем балансының тепе-теңдігінің бұзылуы және т.б.)шығу мақсатында сыртқы сауданы әкімшілік шектеу;

  • шетел тауарларын жабдықтаушылардың әділетсіз бәсекелестігін       қатаң  шектеу;

  • экспорттаушы және импорттаушы елдердің фирмалары немесе үкіметінің өзара келісімі бойынша эспорт пен импортты ерікті түрде шектеу.

Алайда, кейбір экономикалық емес мақсаттарда қолданылатын шаралар, саналы түрде протекционистік мақсаттарда қолданылады. Сонымен қатар 2000 жылы экспорт пен импортты ерікті түрде шектеу жойыту керек болатын, ал әділетсіз бәсекелестікті шектеу шараларының жұмыс ітеу мерзімі 5 жылға дейін шектелді.

2001 жылы ДСҰ-ға кірген  ҚХР-дың мысалы осы саладағы мәселелердің бар екендігін куәландырады. Қытай 200 маңызды ескертпелермен ДСҰ-ға қабылданды. Сонымен қатар, Қытай шетел инвесторларына өзінің ішкі сақтандыру нарығын толығымен ашу керек және ел экономикасының дамуында маңызды роль атқарған арнайы экономикалық аймақтардағы инвестициялаудың ерекше шарттарын жою керек болды. 15 жыл ішінде Қытай нарықтық экономикасы бар мемлекет деп саналмайды, яғни қорғаныс ретіндегі антидемпингтік процедураларды қолдана алмайды және ДСҰ-ның Roster сотына шағымдана алмайды. Бұнымен мемлекет ДСҰ-ға қайта қабылданған мүшелерінің маңызды құқықтарының бірінен айрылған болып табылады. ҚХР-ды қабылдау кезіндегі алдына қойылған шарттарға сай келуінің көзқарасына сәкес ДСҰ экономика саласындағы және экономиканы реттеу тәжірибесіндегі елдің заңнамасына мониторинг жүргізеді.

ДСҰ-ға кірген жағдайда Қазақстан Республикасының енді дамып кле жатқан өндірісіне экономикалық қауіп төнуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ДСҰ-ға мүше елдер протекционизмді қолдана алмайтындығы белгілі болып тұрған жағдайда олардың, яғни отандық өндірушілердің өндіріс мүмкіншіліктерін нашарлауына әкеліп соғады. Мысалы, технологияның дамымау салдарынан кластерлік жүйені кемеліне дейін жеткізу ұзаққа созылып жатыр, тіптен қанша уақыт алатыны белгісіз. Ал дамыған елдердің ДСҰ-ға кіруі кедергісіз болмағаны жоқ, оның өзінде ол мемлекеттердің экономикасы біздің елге қарағанда анағұрлым жоғары болатын (Австрия, АҚШ, ҚХР).

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру мәселелерін қысқа уақыт мерзімінде шешу мүмкін емес немесе ол шешім оңды нәтижелерге әкелмейді. Себебі коптеген елдер, мысалы ҚХР мен Араб Әмірлігі сияқты елдер ДСҰ-ға кірмес бұрын олардың алдында тұрған шарттарды орындау үшін көптеген жылдар бойы дайындалды. Олар өз заңнамалары мен нарыққа деген дәстүрлі козқарастарын өзгертуге мәжбүр болды, ал оны кез-келген мемлекет жүзеге асыра алмайды.

ДСҰ сияқты ұйымға Қазақстан Республикасының кіруі біздің өнімдеріміздің сертификациясын, стандартизациясын және, әрине, оның сапасының жоғарылауын білдіретін болады. Дегенмен, олар жалпы ел үшін және ұлттық экономиканың жеке салалары үшін маңыздылығы жағынан бірдей емес, тіпті қарама-қайшы  болуы айқын. Мұнымен ДСҰ-ға кіру жайлы радикалды көзқарастарды түсіндіруге болады.

Қазақстандағы кедендік тарифтердің қолдану ерекшеліктері.

Кеден тарифтік дамуындағы жаңа кезең – « Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізіне тарифтік шаралар жатады.

Қазақстанның кедендік тарифтік механизмдерін пайдалану барысында келесі негізгі мақсаттар шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20-шілдедегі ҚР Президентінің « ҚР кеден ісі туралы» Қаулысы жатады.

Кедендік тарифтердің қолданудың нақты мақсаттарына мыналар жатады:

-    ҚР тауар енгізудің тауарлы құрлымын реттеу;

-  ҚР тауарлар, валюталық табыстармен шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын ұстау;

-  ҚР тауарлар өндірісімен тұтыну құрлымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау

-   ҚР әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына жағдай жасау;

ҚР кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөлшерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатурасы ҚР Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады. Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі және басқа факторларға қатысты, заңға қатысты көрсетілгеннен өзге өзгермейді. Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері заңды негізде екі есе артады. Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданылатын тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары ҚР Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып табылады.

ҚР « ҚР кеден ісі туралы заңы» заңы кеден төлемдеріне арналған 40-баптан тұрады.

Заң мынадай кеден төлемдерін (баж, алым, төлем) қарастырады: кеден бажы, мезгілдік баж, арнайы баж, демпингке қарсы баж, өтемдік баж; кеден органдарының лицензия бергені үшін алынатын алым; кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алынатын алым, кедендік рәсімдеу үшін алынатын кедендік алымы, тауарларды сақтау үшін алынатын кеден алымы, тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы, ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін ақы, алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы, кеден аукциондарына қатысқаны үшін төлемақы. Бұдан кейінгі өзгерістерде кеден бажының өзінен басқа, сондай-ақ ақпараттандырғанымен кеңес бергені үшін және кеден аукциондарына қатысқаны үшін төленетін төлемақыдан басқа барлық баждар алынып тасталды.

Қорытынды.

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында кеден саласы – сыртқы сауданың реттелуіне өз үлесін қосып, ел экономикасының өркендеуіне өз ықпалын тигізуде.

Қолданған әдебиет тізімі

1.Андреещев Р.Ю. «Один шаг вперед, два шага назад», электронды құжат: http://www.ebiblioteka.ru/ sources/ article;

2 Андреещев Р.Ю. «Проблемы торгово-экономических отношений России и Казахстана» Доклад на научной конференции «Актуальные проблемы международных отношений в начале XXI века», ақпан 2001. РФ СІМ Дипломатиялық академия. http:// www.ebiblioteka.ru;

3. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 2001 ж;

4.Ержанов «Халық аралық экономикалық қатынастар» Алматы 1999 ж;

5.Жуков Е.Ф. «Халықаралық экономикалық қатынастар»  Москва 1999ж;

6.«К  вопросу о межрегиональном приграничном сотрудничестве с Казахстаном» Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 2000 ж шілде, www.ebiblioteka.ru;

7.Майдан-Әли Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 ж;

8.Мамыров Н.Қ «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998ж;

9.«Международная экономика» I том Москва «Международные отношения» 2000 г;

10.Николаенко В. Россия и Казахстан. «Международная жизнь», 1998. №11-12;

11.Ресей-Қазақстан Сауда-экономикалық сабақтастығы. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1999 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

12. Сахариев С.С, Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» I том, Алматы 2003 ж;

13. Семенов К.А. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Москва 1998ж;

14. Стюарт Ю. «Соглашение о партнерстве между ЕС и Казахстаном – спустя 5 лет». Мысль – 2005 №2;

15. Саясат журналы «1999 жылдың I жартысындағы Қазақстан Республикасы экспортының даму тенденциялары» 1999 ж тамыз;

16. Токаев К. «Политика новой эпохи» РФ 1999 №19;

17. Экономика Республики Казахстан. Ресейдің СІМ ТМД елдері Үшінші деартаментінің анықтамасы, 1997 ж қыркүйек, www.ebiblioteka.ru;

19