Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

32.Салыстырмалы сст: оның шығу төркіні

Г.Алмонд пен оның пікірлестері – С.Верба, Д.Пауэлл және басқа да американдық зерттеушілердің өңдеген концепциясы жетекші болып табылады. Г.Алмонд пен С.Верба саяси мәдениет туралы өз түсініктерін 5 елдің – АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия және Мексикандық саяси мәдениетті тарихи-салыстырмалы зерттеу болып табылатын “Азаматтық мәдениет” кітабында көрсетті. Олардың анықтауынша саяси мәдениет – бұл әрбір саяси жүйе ерекшелігін көрсететін саяси іс-әрекеттерге бағдарлаудың ерекше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет белгілі-бір автономияға ие болғанымен, берілген қоғамның жалпы мәдениетінің ерекше бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, нақты саяси жүйемен байланысты. Саяси мәдениет үш деңгей түрінде көрініс табады: 1) саяси жүйе, оның рөлі, сол рөлдерді алып жүрушілер және оның қызмет етуі туралы білімді қамтитын танымдық бағдарлар; 2) саяси жүйе, оның қызметі, қатысушылары және қызметіне қатысты сезімдерді көрсететін эмоционалдық бағдарлар; 3) саяси жүйе, оның қатысушылары мен олардың әрекеттеріне жеке қатынасты көрсететін бағалау бағдары. Осылайша, саяси мәдениеттің Г.Алмонд пен С.Верба берген классикалық анықтамасы саяси әрекеттерге белгілі-бір бағдарды көрсетеді.

20.Джефферсонның саяси идеялары:

Мемлекетті құрап оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды. Егер өкімет халық құқығын қорласа ондай үкіметті ауыстырып өзінің қалауына сай згертуіне болады.мұнда ол рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқығы барын дәлелдеп,халық егемендігін жақтады.бұл дүниежүзілік прогрессивтік рөлі орасан зор пікірлер АҚШ-тың тәуелсізік декларациясын дамытты. Онда теңдік,бостандық,көтеріліс жасуға құқығы деп есептеді.адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұру керек. Ол үкімет тарапынан жеке адамның құқығын бұзу қауіпі тумау үшін мемлекеттік билітің міндеттерін шетеді талап етті.ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп фермерлер демократиялық республикасын аңсады.

Гамильтон Джефферсонның ірі буржуазиялық саяси көзқарасын жақтады

19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде

Жаңа заман ойшылдарының келесі бір өкілі ағылшын философы Джон Локк (1632-1704). Ол өз заманында азаматтық концепция идеясын өте нақты жеткізе білген ойшыл. Локк саяси ойлар тарихында либерализмнің негізін қалаушы . Ол алғаш рет төмендегідей ұғымдарға анықтама берген: тұлға, мемлекет, қоғам . Локтың пікірінше кез келген адам туылғанынан ,,өмір сүру, ерікті болу және де меншік иесі болу,, сияқты табиғи құқықтарға ие. Әсіресе Локтың меншікке деген көзқарасы ерекше болған .Ол оны екі жол арқылы түсіндіреді.Біріншіден, меншігі бар кісі өзін, отбасын күнделікті тұрмысқа жетерлік дүниелермен қамтамассыз ете алады.Ал тұрмысы жақсы адам өзінің дамуына тікелей мүмкіндік жасайды, қоғамда еркін болады.Екіншіден, меншік иесі болған адам жеке тұлға ретінде толық қалыптасады. Мемлекет, билік туралы Локтың көзқарасы да өте ұтымды. Мемлекетті ол тұрақты саяси иниститут ретінде қарастырады. Локктың ойынша: Мемлекет -адамдардың қалауынан туатын күш. Ол халыққа бостандық пен теңдік, қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін керек. Заңдар қоғамдық қатынастарды реттеп, халықтың берекесі үшін өмір сүруі, жеке меншік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыртқы жаулардан қорғауы үшін керек. Локк абсолюттік монархияға қарсы шығады, оның айтуынша, кез келген мемлекет қоғамдық келісім мен адамдардың оны ерікті түрде қабылдау нәтижесінде туған жөн. Мемлекеттің “ Ұлы және басты мақсаты” - адамдардың жеке меншігінің қауіпсіздігін сақтау. Локк заңға көп үміт артады. “Заң болмаса, бостандық та жоқ”. Қоғамдағы заңды барлығы да біліп бағынса ғана мемлекет “Ұлы мақсатына” жетеді. Мемлекеттегі билік оның органдарына бөлінуі тиіс. Заң қабылданатын - заң шығарушы органдар мен оны жүзеге асырушы - атқарушы органдар болуы керек. Алғашқысы – парламенттің жұмысы, екіншісі – монарх, министрлер кабинетінің жұмыстары болуы керек. Осылай билікті бөлу принциптері – бір ғана билік көзі болудан, тираниядан қоғамды сақтайды.Әрине Локк мінсіз мемлекеттік биліктің болмайтынын түсінеді, әрқашан да саяси тиранияның пайда болуы, “құқықтан тыс билік жүргізу” мүмкіндігі бар екендігін мойындайды да ондай жағдайда халықтың бостандығы мен құқының жойылатынын айтады. Тирандардың узурпатор орнататын “тыныштығы” - бейбітшілік емес. Локктың саяси көзқарастарынан либералдық-демократиялық идеяны байқауға болады. (“Халықтың көтеріліске құқы бар”).Оның көзқарастарынан XVIII – XIX ғасырларда пайда болған “құқықты қоғам” идеясының алғы шарттары байқалады десе де болады.

21.ХІХ – ХХғғ.әлеуметтік-саяси идеялары мен ағымдары

ХІХ ғасырда Батыс Европадағы демократиялық үрдістер өнеркәсіпте капиталистік қаинастардың қарқындап дамуымен қатар келді. Бұрын халықты мемлекет қалай билесе, енді оларды экономика дәл солай билей бастады. Капиталистік қатнастардың дмуына либерализм қалай жол ашса, еріктік пен теңдік либерализмнің басты құндылығы енді бірте-бірте азайып адамды адам қанау күшейе түсті.Ендігі жерде либералдық қозғалыстар әлеуметтік мәселелерге назар аудара бастады. Бұған тікелей әсер еткен, негізгі түрткі болған демократия теориясына утилитаризмнің араласуы еді. Әрине азаматтық концепцияның жақтаушылары бұған дейін тек заң ол қоғамдағы ең жоғарғы құндылық, ол бұлжымас қағида деп келген болатын. Ал утилитаристік идеяны жақтаушылардың пікірінше керісінше заң- ол қоғамдағы әлеуметтік өмірді жақсартатын, бақытқа жеткізетін құрал (инструмент) деп түсіндірді.Мысалы:Жаңа заман либералистерінің аса көрнекті өкілі ағылшын ойшылы-Джон Стюарт Милль (1806-1873)-қазіргі қоғамда индивиддің ролінен гөрі қоғамдық пікір ерекше мәнге ие болып отыр деп есептеді Милль үшін ең басты принцп –ол жеке тұлғаның еріктілгі еді. Тұлғаның басты арманы- ол бақытты болу, ал бақыттың мәні - ол еркіндікте деп түсіндірді.Мемлекет деді Милль - өз халқын бақытты етуге, білім беруге, қоғамда тұрақты менталитет, сондай-ақ қалыптасқан құндылықтарды сақтап, дамытуға, қоғамда рухани байлықты арттыруға міндетті. Осы айтылған іс шараларды орындау үшін ең қажетті де дұрыс жүей ол- сайланбалы билік деп түсіндірді.ХІХ ғасырдың аяғында Джон Стюарт Милльдің саяси көзқарасы либералистердің біраз бөлігін солшыл ағымға кетуіне жол ашты.

ХХғ. батыс елдерінде социализм ілімі ке дамыды,оның негізін салушы Дюгид:әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруды қоғамның ынтымақтастығын,үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты таптар бірлесіп жұмыс істесе капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз,бейбітшілік жолмен шешуге болады деп есептеді.Моска демократияға қарс шықты,демократия көпіре сөйлеушілердің дктатаураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз ққулықтарына пайдаланатын утопия,сағым деп санады