- •1.Сст ғылым ретінде.Сст-дың объектісі және пәні
- •3.Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары
- •32.Салыстырмалы сст: оның шығу төркіні
- •20.Джефферсонның саяси идеялары:
- •19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде
- •7. Саяси ғылымның құрылымы.
- •8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •61.Ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті.
- •62.Ұлттар мәселесінің шешілу принциптері.
- •9.Ежелгі шығыстағы саяси ойлар.
- •60.Ұлт мәселесі,оның құрылымы.
- •74. Саяси жүйенің әлеуметтік негіздері
- •67.Саяси жүйе
- •68.Основные теории политической системы г.Алмондты д.Истонның саяси жүйесіне қатысты негізгі теориялары
- •69.Саяси жүйенің құрылымы және бөліктері
- •35.Адам — саясаттын, субъектісі мен объектісі
- •36. Саясаттану
- •Европа елдеріндегі саяси ағымдар
Европа елдеріндегі саяси ағымдар
Орта ғасырлар мың жылдан артық дәуірді қамтиды. (V – XVI ғасырлар). Ол дәуірді үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең ерте феодалдық (V - XVIғасырдың ортасына дейін) – феодализмнің әлеуметтік – экономикалық формация ретінде қалыптасуы, ірі мемлекеттік ұйымдар пайда бола бастауы.
Екінші кезең – (XI ортасы және – XV ғасырдың аяғы) - феодализмнің өркендеп, сословиелік монархияның пайда болуы.
Үшінші кезең – (XVғ. аяғы мен XVIIғасырдың басы) – феодализмнің құлдырауы, капиталистік элементтердің қалыптаса бастауы.
XIII ғасыр - Европадағы шіркеудің саяси және рухани үстемдігінің шарықтау шегіне жеткен шағы. Сол кезеңдерді католиктік теологияның саясатқа бағытталуы десе де болады. Оған аса ықпал еткен доминикандық монах, ғалым Фома Аквинский (1225-1274) - оның “Билеушілердің басқаруы туралы” (1265), “Теология жинағы” (1266) атты шығармалары сол кездегі ресми шіркеулік идеологиясының энциклопедиясына айналды.Мемлекет мақсаты – “ортақ игілікке” жету, оны тек қана феодалдық сословие қамтамасыз ете алады.Аристотельді терең оқып зерттеген Ф.Аквинский әрине билік түрлерінің бәрімен таныс болған: аристократия, олигархия, демократия. Бірақ соның ішінен Фома монархияны таңдап, оны екіге бөледі – абсолюттік монархия, саяси монархия. Саяси монархияда ірі феодалдар, шіркеу князьдерінің ықпалы зор болады, яғни ол конституциялық монархияға ұқсайды, сондықтан да ол саяси монархияны жақтайды. Фоманың діни-христиандық қағидаларының негізі – этика. Діни этика міндеттілік түсінігінен қалыптасады.Аквинский заңды екіге бөліп жіктейді, біріншісі табиғи позитивті заң- Құдай заңы - ол барлық әлемдік тәртіпті қамтамасыз ететін мәңгі заң, оның негізі қасиетті Библияда берілген. Екіншісі –Адам заңы, оны орнататын –мемлекет. Ол адамдарды күш пен зорлық көрсету арқылы жүзеге асатын заң, себебі, адамдардың ақылы мінсіз емес, срндықтан жергілікті заң - адамдарға шындыққа жету үшін құдайдың берген нұсқасы. Ф. Аквинский патшалық биліктің шіркеуге бағынышты болуы керек дейді. Себебі “барлық билік құдайдан”, аспанда құдай болса, жерде құдайдың әмірін жүргізетін Рим папасы болу керек. Фома дінге қарсы шыққан күштерді аяусыз жазалауды ұсынады. Мәңгілік өмір қамтамасыз етуші - дінді бұрмалау ол - өтірік ақшаны жасайтын, алаяқтардың ісінен де өткен күнә дейді. Аврелий Августин (Блаженный Августин ) (1354-1430) – христиан теологы және философы, патристика ағымының өкілі. Августиннің айтуынша - тарих – заңды процесс, онда Құдай белгілеген мақсаттар жүзеге асуы тиіс. Тарихтың негізгі маңызы – бір-біріне қарама –қайшы екі әлемнің драматикалық қақтығысы. Осы әлемдерді ол Қала (Град (Civitates)) деп атайды. Бұл Қалалар идеалды немесе антиидеалды болады да, адамзат баласы жаралғаннан бастап соңғы ғасырларға дейін жалғасады. Бір Қала – Аспан қаласы, екіншісі - Жер қаласы, бірақ екеуі де екі түрлі махаббат түрінен жаралған . Жер қаласы - адамның өз- өзіне деген, тіпті Құдайды ұмыттыруға дейін апаратын , Аспан қаласы –Құдайға деген , тіпті адамның өз-өзін ұмытуға дейін апаратын махаббат түрлерінен жаралған. Екі қаланың да аспанда өкілдері бар. Жер бетінде олар - Авель мен Каин ұрпақтары. Бірақ адамдар өздерінің осы екі қаланың қайсысына жататынын білмейді. Тек Құдайға сену арқылы ғана құтқарылуға болады
59
63
64
65
Әлеуметтік-этностық қауымдастықтың «түрі» жөніндегі түсінік
Әлеуметтік-этностық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені біздің әлемімізде үш мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этностық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Дүние жүзіндегі халықтардың 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 175 Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187 егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38 дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17 жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этностық топтардан тұрады. Әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллионнан асады
Ұлттық саясат проблемаларын дұрыс тұжырымдап, дәл шешу, әлеуметік-этностық қауымдасуды дамыту үшін, ең алдымен, саясатану категориялары мен саясат субектісінде аса маңызды мәселе болып табылатын этнос, ұлыс, ұлт деген түсінікке ғылыми тұрғыдан анықтама беру қажет. Олар тарихи даму барысында белгілі бір аумақта /территорияда/ мекендеп, қалыптасқан адамдар қауымдастығы, бірыңғай ортақ тіл, мәдениет, мінез құлық , ортақ сана-сезім, этнонимдікте қалыптасқан белгілермен дараланады.
«Этнос» - гректің сөзі. Ол «тайпа, «халық» дегенді білдіреді. «Этнос» дегенді екі түрлі мән-мағынада ұсынған жөн.
Біріншіден, этникос атауы тұрғысында, екіншіден, этностық әлеуметтік организм /құбылыс/. Бір тұрпатты этникосқа қай жерде тұратына қарамастан аталған этностың барлық топтары жатады. Мысалы, Туркияда, Иранда, Қытайда, Моңғолияда, Францияда басқа да елдерде тұратын қазақтар бір этнос құрайды. Ал әлеуметтік этнос организм міндетті түрде ұлттық мемлекетпен астарлас. Мәселен, қазақтың әлеуметтік этнос организмне Қазақстан Республикасында тұратын қазақтар ғана жатады.
Этнос - белгілі бір аумақта /территорияда/ тарихи қалыптасқан, адамдардың тұрақтылық жиынтығын бейнелейтін аса күрделі қоғамдық-тұтастық құбылысты айқындайды. Бұған өзіндік белгілер ретінде тілдің, мінез-құлықтың, мәдениеттің ерекшелігі, сана-сезімнің бірлігі сияқты ортақ ұқсастықтар тән. Осы тәрізді ұқсастықтан тек тіл, халық өнері, дәстүр, салт, ғұрып, әдет-дағды т. б. белгілермен ерекшеленеді.
Этнос - үш түрлі тұрақты тұрпатқа бөлінеді. Бастапқы, ертерек кезеңдегі тұрпатқа тайпалар жатады. Этнография, археология, тарих ғылымдарының мәлімет тұжырымы бойынша тайпалар рулық қоғамның дамыған кезеңінде пайда болған, сөйтіп, бұл қоғамдық ұя ретінде көрініс тапқан. Тайпа бір текті қандас адамдардың өзара туыстық байланыстары, рулық қарым-қатынас негізінде өріс жайған. Әрбір тайпаның өзіндік аты-жөні, жері, экономикалық өмірінің ортақтығы, тілі, салт-дәстүрі, діни нанымдары, діни ғұрыптары т. б. ерекшеліктерімен жекедара дамыған.
«Ұлт» деген атауадамдар қауымдастығының әлеуметтік-этностық түрі ретінде ерекше қалыптасуына дейінгі кезеңде пайда болды.
Қоғамдық - саяси ои тарихында біздер ұлт деген ұғымның мән-мағынасын анықтау тұрғысында көптеген әрекеттер болғанын білеміз. Сондықтан әлемдік ғылымда «ұлт» жөнінде жүздеген тұжырымның болуы кездейсоқ емес. Осыған орай ұлтқа нақты, дұрыс анықтама берудің ғылыми да практикалық мәні аса зор.
Ұлт - өндіргіш күштер дамуының, өндірістік қатынастардың аса жоғары сатысының жемісі, адамдардың әлеуметтік - экономикалық және саяси бірігуінің нәтижесі болып табылады. Ұлт дегеніміз - бұл адамдардың анағұрлым тұрақты берік қауымдастығы, бұл рулық-тайпалық қауымдастықтан айрықша, ұлыстық қауымдастықтың неғұрлым тұрақты белгісі.
Ұлт адамдардың түрліше тайпалар мен ұлыстардың түрліше этикалық топтары мен нәсілдік тұрпаттарының қосылуынан қалыптасқан. Мысалы, неміс ұлты түрліше тайпалар мен ұлыстардан құралған олар— фриздер, гоптар, батавалар, анғалар, вариндер, бандалар боварлар, алемандар, бүргіндер, свевиялар, маркомандар, гауыттар, келитілер, франкылар, саксылар, тюрингілер, хавкилер т. б. антропологиялық және нәсілдік тұрпақта жататын ұлыстардан тұрады.
18
Жан-Жак Русо (1712-1780) - саяси-әлеуметтік ілімдер тарихындағы әйгілі ойшылдардың бірі. Оның көзқарастары “Саяси экономика туралы” (1755), “Мәңгілік өмір туралы ойлар” (1782), “Қоғамдық келісім туралы, немесе саяси құқықтар принциптері” (1762), “Ғылым мен өнердегі қайта өрлеудің адам табиғатының тазаруына әсері” (1750) т.б. еңбектерінде айқын көрсетіледі.Руссо саяси көзқарастарының негізі – халықтың егемендігі. Ол жеке меншікке қарсы шығады, теңсіздіктің себебі - мүліктік теңсіздікте дейді. Кез келген биліктің негізі келісімде, соның нәтижесінде ғана адамдар “құқықтық теңдік” орната алады. Заң билігін халық жүргізу керек, ал атқарушы билікті бүкіл бұқара жүргізе алмайды, сондықтан қоғамдық келісім шартымен бір суверен топ жүргізеді. Атқарушы билік саяси, азаматтық бостандықты қамтамасыз етеді. “Заңмен басқарылатын билік түрінің барлығын мен Республика деп санаймын”. Халықтық жиналыстар жиі болып тұру керек. Онда мына сұрақтардың қарастырылуы тиіс:
Барлық халыққа осы билік түрі мен басқару тиімді ме.
Халық әрі қарай осы билік түрінің басқара беруін қалай ма.
Егер халыққа билік ұнамаса, халық өз шешімі бойынша
билік түрін өзгертуге хақысы бар. Руссо заңның мына түрлерін бөледі: саяси азаматтық,қылмыстық және ең бастысы - дәстүр, мәдениет, қоғамдық пікір заңы. Руссо да Монтескье сияқты заңдарда халықтың дәстүрлік ерекшеліктерін, географиялық, мәдени шартын ескеру керек дейді. “Заң шығармай тұрып, әрбір халықтың соған дайындығына, зерделілігіне, көңіл бөлу керек”, бірінші халық санасын жоғарылату керек дей келіп - Петр 1 сынайды. “Петр орыстардан бірден ағылшындар мен немістерді жасағысы келді. Ол ең алдымен орыстардан орыстарды жасаудан бастауы керек еді”. Кез келген заңның міндеті – теңдік. Теңдік жоқ жерде бостандық та жоқ, себебі кез келген күш теңдікті жоюға тырысады. Заң шығару - өте ауыр да жауапты жұмыс, ол үшін қоғамдық организмнің еркі мен ақылдың одақтастығын ұйымдастыра білу керек. Руссо ұлы заң шығарушыны - машинаның механизмі ретінде, ал ұлы билеушіні – сол машинаны іске қосатын жұмысшы ретінде суреттейді. Бір халыққа заң шығару үшін сол халықтың табиғатын, организмін өзгерте аларлықтай, болмысына әсер етіп, осы әсерді нығайта аларлықтай, әйтсе де олардың табиғат берген моральдік-рухани қасиеттеріне нұсқан келтірмейтіндей қуат болу керек. “Заң мемлекеттің жүрегі”. Бірақ мемлекетке қауіп төнген кезде “Қасиетті заң күшін” тежеуге де тура келетін жағдайлар болады.Руссоның саяси қағидалары француз буржуазиялық революциясы идеясының негізі болды. Әсіресе М. Робеспьер мен Ж.П.Марат өздерініің революциялық идеяларында мемлекет – тәжірибе жемісі емес, интелектуалды қағидалардың нәтижесі деп, мемлекеттің мінсіз эталоны ретінде Руссоның теориясын ұсынады.
15.Жаңа замандағы саяси ойлар
Жаңа заман либералистерінің аса көрнекті өкілі ағылшын ойшылы-Джон Стюарт Милль (1806-1873). Ол өзіне дейінгі ойшылдардың индивидуалистік құндылықтарын ХІХ ғасырдығ саяси шындығымен тамаша үйлестіре білді. Милльдің пікірінше қазіргі қоғамда индивиддің ролінен гөрі қоғамдық пікір ерекше мәнге ие болып отыр, сөйтіп ол да Токвиль сияқты көпшілік тираниясынан қалай құтылу керек деген сұраққа жауап іздеді. Милль “ Размышление о представительном правлении” еңбегінде пропорционалды сайлау жүйесін ұсынады, өйткені аз ғана топ бір мезгілде бірнеше округте басқа жеке тұлғалардың даусын басып тастамау үшін. Ал қалған сайланушылар бір ғана дауысқа ие болу керек. Осы әрекеті арқылы екі жағдайды теңестірмек болды. Біріншіден, интелектуалдық элитаның белсенділігін арттыру болса, екншіден, бұқараның сайлауға қатысуына кең мүмкіндік ашу. Бірақта бұл концепция ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде саяси партиялардың көбеюіне, олардың саяси өмірге етене араласуымен іске аспай қалды. Әрине, Милль үшін ең басты принцп –ол жеке тұлғаның еріктілгі еді. Тұлғаның басты арманы- ол бақытты болу, ал бақыттың мәні - ол еркіндікте деп түсіндірді.Мемлекет деді Милль - өз халқын бақытты етуге, білім беруге, қоғамда тұрақты менталитет, сондай-ақ қалыптасқан құндылықтарды сақтап, дамытуға, қоғамда рухани байлықты арттыруға міндетті. Осы айтылған іс шараларды орындау үшін ең қажетті де дұрыс жүей ол- сайланбалы билік деп түсіндірді.Сондай-ақ Милль социалистік идеяларды да жақтаған. Өйткені капиталистік қоғамда пролетариат басқару ісінен шектеліп қалады, меншіктік қатнастар саяси демокраияның дамуына жол ашпайды. Бірақта болашақ қоғам жеке меншікке негізделген өндірістік-кооперативтердің қолында болуға тиіс деп атап көрсетті. ХІХ ғасырдың аяғында Джон Стюарт Милльдің саяси көзқарасы либералистердің біраз бөлігін солшыл ағымға кетуіне жол ашты.
16.Томас Гоббс (1588-1679) – оның саяси қағидалары “Левиафан”, “Азамат туралы ойлардың философиялық бастаулары” деген еңбектерінде беріледі, ол мемлекет туралы ойларға көңіл бөледі. Адам табиғатынан бәрі бірдей тең құқықты, барлығы да “бәріне құқықты”, бірақ адамның эгоистік, ашкөздік сезімдері басым, адам бақталастарының ортасында қалыптасады. “Адам адамға қасқыр”, яғни әрқашан соғыс жағдайында болу - адам баласына тән, қалыпты жағдай. Адам табиғатында “барлығы бәріне де қарсы” соғыс жағдайында болады. Гоббстың айтуынша, мемлекет - адамдардың ерікті түрде келісімге келу шартынан туады, себебі мемлекет қана адамдарды бір-бірінен қорғай алатын бейтабиғи жүйе. Мемлекеттік биліктің ең басты қасиеті – абсолюттік биліктің болуында. Абсолюттік билікті тек монархия ғана қамтамасыз ете алады. Гоббс халықтың игілігі - заңның негізгі міндеті емес, халықты мемлекет істеріне араластырудың қажеттілігі жоқ дейді. Гоббс та Макиавелли сияқты мемлекетті теологиялық діни тұрғыдан емес, тәжірибе мен ақыл тұрғысынан қарастырады
17.Шарль Луи Монтескье (1689-1755)- француз ағартушылығының белгілі өкілі, әйгілі юрист, әрі саяси қайраткер. Заң мәселелерімен қатар ол философия, этика, тарих, дін, саяси экономика, өнер мен әдебиетке де көп көңіл бөледі. Оның көзқарастары “Парсы хаттары” (1721), “Римдіктердің дамуы мен құлдырау себептері” (1734), және ең бастысы “Заңдар рухы туралы” (1748)деген еңбектерде беріледі. Әсіресе “Заңдар рухы туралы” еңбегі Монтескьені әлемдік саяси ойлар тарихының беделді классигі ретінде көрсетеді. Монтескье теориясының басты тақырыбы – саяси бостандық. Бұл еңбегінде Монтескье заңдарының шығуы мен өзгеру логикасына көңіл бөледі. Ол Гоббстың заң шығуының себептерін құптамайды, заң адамдардың бір-біріне үстемдік ету сезімінен шықпайды дейді. Адам табиғатынан әлсіз, сондықтан адам қоғамдық өмірде ғана сол әлсіздік сезімнен арылады, сол себептен заңдар пайда бола бастайды. Монтаскье халықтар арасындағы заң (халықаралық құқық), билеушілер мен биленушілер арасындағы заң (саяси құқық), барлық азаматтар арасындағы заң (азаматтық құқық) деп бөледі. Осы заңдардың болуы - мемлекетті қалыптастырады. Қоғам өкіметсіз өмір сүре алмайды. Монтескье сол “заңдардың рухын” қалыптастырушы шарттарды зерттейді. Заң – адамзат ақылының жемісі, сондықтан әр халықтың заңы әртүрлі болуы, бір халықтың заңы екінші халыққа тән келмеуі мүмкін. Монтескье билеудің үш түрін айтады: республика, монархия, деспотия. Республикада билік халықтың қолында болады (демократия). Монархия - заңға сүйенген бір ғана адамның билігі. Деспотия - бір ғана адамның заң мен тәртіпке бағынбай билеу түрі. Осы билеу түрлерінің әрқайсысында адамдар механизмін қозғалысқа келтіретін өзіндік принциптер бар. Республикада - ол халық игілігі принципі, монархияда – жеке абырой, мерей принципі, деспотияда – қорқыныш тудыру принципі. Ол мемлекеттік билікті үш сатыға - заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп бөлуді ұсынады. Заң шығарушы заңгерлерге немесе белгіленген тәртіптерге сүйенгені жөн: заң тілі қысқа да қарапайым болуы керек, онда екі ойлы түсініктер болмауы керек, айқын, нақты болуы тиіс, қажетсіз заңдар керекті заңдардың күшін әлсіретеді, сондықтан кез-келген, зиянсыз іс-қимылдарға тиым сала беретін заңдардың болмағаны дұрыс. Заңдар өзгере бермей тазалығын сақтаса ғана адамдарға тиімді болады. Монтескьенің билікті бөлуі мен “заңдар рухын” талдау теориясы келесі кезеңдегі саяси ғылымдардың дамуына зор ықпал етті.
