- •Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- •Кесте2 - Облыстық медицина орталығы бойынша еңбеккерлердің жалақы қорын талдау
- •"Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- •Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі
- •Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
- •Жедел медициналық жәрдем мен санитариялық авиацияның шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
- •Консультациялық-диагностикалық көмектің шығындарын өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
- •Стационарлық көмектің бір емделген жағдай үшін тариф құрылымы
- •Онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
- •Лизинг бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына лизингілік төлемдерді өтеу бойынша қаржыландыру көлемін айқындау формуласы
- •Кшт бойынша стационарлық көмектің бір емделіп шығу жағдайы үшін құнын айқындау формуласы
- •© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шжқ рмк
Кесте2 - Облыстық медицина орталығы бойынша еңбеккерлердің жалақы қорын талдау
Көрсеткіш атаулары
|
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
ауытқу |
|
+,- |
% |
|||||
Есептегі кезендегі еңбеккерлердің орташа тізімдік саны,адам. |
396 |
490 |
498 |
510 |
114 |
128 |
Оның ішінде жоғары білікті дәрігерлер Оның жоғары санатты дәрігері |
128 72 |
135 78 |
138 78 |
142 81 |
14 9 |
110 112 |
Медбикелер |
268 |
355 |
360 |
368 |
100 |
137 |
Жалақы қоры – барлығы мың тенге. |
216334,8 |
321342,0 |
404903,8 |
419220,0 |
202885,2 |
193 |
Лауазымдық тариф ставкаларымен есептелген жалақы,мың теңге |
75717,18 |
112469,7 |
141716,3 |
146727 |
71009,82 |
193 |
Жұмыс жағдайы мен режимдерге байланысты төленген төлемдер, мың теңге |
32450,2 |
48201,3 |
60735,4 |
62883 |
30432,8 |
193 |
-түнгі уақыттағы жұмыс үшін төленген төлемақысы, мың теңге |
34613,5 |
51414,7 |
64784,5 |
67075,2 |
32461,7 |
193 |
демалыс немесе мейрам күндері жасалған жұмыс үшін төлемақы, мың,теңге
|
30286,8 |
43727,8 |
56686,5 |
58690,8 |
28404 |
193 |
- нормадан тыс атқарылған жұмыс үшін төлемдер мың,теңге
|
17306,7 |
25707,4 |
32392,2 |
33537,6 |
16230,9 |
193 |
Ынталандыру сатысындағы төлемақы, сыйақылар мың,теңге
|
25960,1 |
38561,0 |
48588,4 |
50306,4 |
24346,3 |
193 |
Жыл сайынғы еңбек демалыстарына төлем мың,теңге |
18027,9 |
26778,5 |
33741,9 |
34935,0 |
16907,1 |
193 |
Басқа мамандықты қоса атқарғандығы үшін төлем сомасы мың,теңге
|
15143,4 |
27314,0 |
31582,4 |
34376,0 |
19232,6 |
193 |
Орташа айлық жалақысы,теңге |
45525 |
54650 |
67755 |
68500 |
22975 |
150 |
*Ескерту- Қызылорда облыстық медицина орталығының мәліметтері негізінде |
||||||
Кестеден байқағанымыздай облыстық медицина орталығы бойынша 2012 жылы 2009жылмен салыстырғанда барлық еңбеккерлер саны 114 адамға 28%-ға көбейген. Оның ішінде жоғары білікті дәрігерлер саны 14 адамға, ал жоғары санатты дәрігерлер саны 9 адамға көбейген. Еңбеккерлер санының көбеюі аймақтағы тұрғындар санының артуымен сұранысқа байланысты туындауда. Облыстық медицина орталығы еңбеккерлерінің орташа айлық жалақы мөлшері 2012жылы 68500 теңгені құрап, 2009жылмен салыстырғанда 50%-ға көбейген.
Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.
3 Денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеуді жетілдіру шаралары.Денсаулық сақтау жүйесі бойынша: басшының бикелік іс жөніндегі орынбасарының лауазымы, басшының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар медициналық қызметі жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады;
бас медициналық бикенің лауазымы медициналық бикенің лауазымынан бір санат жоғары болады[26].
Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесi
1. Осы Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу тәртiбiн белгілейдi. 2. Стационарлары бар денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмектi тәулiк бойы көрсететiн үздiксiз жұмыс режимi бар ұйымдарға жатады. 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлеуін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар жүйесi;
жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ өзге де уақыт кезеңдерi;
мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi[28].
Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу тәртібі. Медициналық көмектi тәулiктің кез келген уақытында және апта күндері көрсету кезінде стационар жұмысының өзіне тән ерекшелiгiн ескере отырып, бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес медициналық қызметтері үшiн түнгi уақытта, демалыс және мереке күндері кезекшiлiк белгiленедi. Медицина қызметкерлерінің еңбегiн ұтымды ұйымдастыру мақсатында ұйым басшысы бар дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлерінің құрамымен тәулiк бойы көмекті немесе кезекшiлiкті қамтамасыз ету үшiн штат кестесiне қосымша дәрiгерлiк және мейірбикелік лауазымдарын енгiзеді. Дәрiгерлер, орта медицина қызметкерлері жұмыс уақытының нормасынан артық кезекшiлiк уақытындағы жұмысы үшiн ақы төлеу кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.
Мереке және демалыс күндерiндегi кезекшілікке қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.
Барлық жағдайда түнгi уақыттағы әрбiр жұмыс сағатына (кезекшiлiк) кемiнде бір жарым мөлшерде ақы төленедi (түнгi уақыт болып кешкi сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiнгi уақыт есептеледi).
Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу
Дәрiгерлердiң негiзгi қызметi бойынша атқарылатын жұмысының (кезекшiлiк) шарттары кестеге сәйкес негiзгi жұмыс орны бойынша еңбек шартында ескерiледі.
Медицина қызметкеріне, оны демалыс күнi кестеде көзделмеген жұмысқа тартқан кезде, оған кемінде екi есе өтемақы төленедi. Қызметкердiң қалауы бойынша өтемақы демалыс күнiне ауыстырылады. Демалыс күндері кезекшіліктегі қызметкерлерге кестеге сай кезекпен аптаның әр күндері ұсынылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерi мен орта медицина қызметкерлері үшiн ұйымның түрiне және оның орналасқан орнына қарамастан үйдегi кезекшiлiк енгiзу қарастырылған.
Жұмыс уақытының нормасы шегiнде күндiзгi де, түнгi де уақытта атқарылатын үйдегi кезекшiлiкке жұмсалған уақыт кезекшiлiктiң әрбiр сағатының жарты сағаты ретiнде есептеледi.
Көрсетілген кезекшiлiктi атқаратын қызметкер ұйымға, оқиға орнына, науқастың үйiне шақырылған жағдайда, шақыруға жұмсалған уақытқа денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң мереке күндері және түнгi уақыттағы еңбегiне ақы төлеудiң қолданыстағы тәртiбiн сақтай отырып, маманның iс жүзiнде атқарылған жұмыс уақыты үшiн лауазымдық айлықақысы (ставка) есебiнен ақы төленедi.
Осындай тәртiппен тұрақты даярлықтағы медициналық бригадалардың және апаттар, зiлзалалар мен басқа да төтенше жағдайлар кезiнде тiкелей шұғыл медициналық көмек көрсету және құтқару жұмыстары үшiн ұйымдастырылған арнайы тағайындалған көптеген жұмыстар атқаратын медициналық жасақтардың мамандарына үйдегi кезекшiлiкке ақы төлеу жүргiзiледi.
Медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды үнемдеу (бұдан әрі – қаражаттарды үнемдеу);
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында МСАК тарифіне қосымша (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) компонентіне ақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражаттары есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру жолымен медициналық көмектің көрсетілетін қызметтер көлеміне және сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін айқындайды.
Денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеу көлемін денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға медициналық қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия айқындайды.
Осы Қағидалармен қарастырылған ақшалай сыйақы түрінде медициналық қызметкерлерді көтермелеу тұрақсыз сипаттағы бір жолғы төлем болып табылады.
Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі – комиссия) денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.
Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады және оның лауазымы денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшының орынбасары немесе бөлімше меңгерушісі лауазымынан төмен болмауы тиіс.
Кесте 3 - Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері
Көрсеткіштердіңатауы |
Ақпаратдереккөзі |
Төмендеужәнежоғарылаукоэффициенттері |
Пациенттің құқығының бұзылуына байланысты жазбаша және ауызша негізделген шағымдардың болуы |
Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналы, блогқа сұраным, МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері |
0,15 |
Емдеу мен диагностика нәтижесіндегі қайтыс болу, асқынудың алдын алу жағдайларының болуы, оның ішінде пациентті мүгедектікке алып келген жағдайлар |
Стационардағы науқастың статистикалық картасы, ішкі аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссия қорытындысы, сараптамалық тексерудің актілері, КИЛИ отырыстарының хаттамасы және МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері |
0,20 |
Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзулулардың бар болуы |
МФҚБК АД-нің, МСЭҚК АД-нің тексеру парақтары мен актілері |
1,15 |
